Казахский язык
Главная
Существительные
Послелоги
Прилагательные
Числительные
Местоимения
Наречия, Союзы
Личные окончания
Глаголы
Вспомогательные глаголы
Причастия
 Деепричастия
Конструкции
Предложения
  Проверь себя!
  Упражнения
   Грамматика детям
  Удивительный мир
Видеокурс
   Разговорник
Фразеологизмы
   Книга для чтения
С казахским не шутят?
Рассказы
Сказки
Песни
Полезное
Словарь
Ссылки
Автор
Суперлёг. чтение
  1. 1  
  2. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  1. 4  
  1. 5  

Каталог тем
Лёгкие истор.
  1. 1  
  1. 2  
  1. 3  
  1. 4  
  1. 5  
  1. 6  
  1. 7  
 Истории о детях
  1. 1  
  2. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  1. 5  
  2. 5  
  2. 6  
  2. 7  
 Занимательное чтение
  1. 1  
  2. 1  
  3. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  3. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  3. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  3. 4  
  1. 5  
  2. 5  
  3. 5  
 Казахский по уровням
  1. 1  
  2. 1  
  3. 1  
  4. 1  
  5. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  3. 2  
  4. 2  
  5. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  3. 3  
  4. 3  
  5. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  3. 4  
  4. 4  
  5. 4  
  1. 5  
  2. 5  
  3. 5  
  4. 5  
  5. 5  
  2. 6  
  3. 6  
 Лёгкое чтение
  1. 1  
  2. 1  
  3. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  3. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  3. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  1. 5  
  2. 5  
 Короткие истории
  1. 1  
  2. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  1. 5  
  2. 5  
 Қаз/Qaz 

Казахский по уровням

Уровень 5, страница 2
Грамматика казахского языка. Просто о сложном

Автор идеи, составитель и переводчик текстов
с английского языка на русский: Андрей Краснов

      21. Жаңа кейіп
      Эван орта мектептің соңғы сыныбында оқып жүрді. Оның бойы 150 сантиметр болды. Оның салмағы 63 келі болды. Ол тақыр бас еді. Оның достары болмады. Оның орта баллы 0.00-ді құрайтын. Оның өмірі тектен -тек өтіп бара жатты. Ол қиын жағдайға тап болды ,өйткені ол жақында ата-анасынан айырылған еді. Осыған қарамастан, жоғары оқу орнында жаңаша оқи бастау үшін ол өзін өзгертпекке бел буды.
      Эван физиотерапевтке барды, ол оған алдымен кішкене өзгерістерге қол жеткізу керектігін айтты. Физиотерапевт оған алдымен оңай заттардан бастауы қажеттігін айтты. Эван басындағы шашсыздық мәселесін шешу үшін шаш өсіретін ыспа май сатып алды. Ол достасу үшін адамдармен көбірек сөйлесе бастады. Ол жай ғана өз ойын жеткізе білуді үйрену керектігін түсінді. Ол ата-анасын ойлап, қамығудың орнына көбірек сабаққа дайындалды. Ол артық салмақты жою үшін құнарлы тамақтар тұтына бастады.
      Жоғары мектептің табалдырығын аттаған ең алғашқы күні Эван мүлде басқа адам болды. Оның сыныптастары оны танымай қалды. Эванның бойының ұзындығы 175 сантиметрге жетіп , денесі іріленіп , білімі толысып жан-жақты болған. Оның басына енді қалың да әдемі шашы өскен еді. Бәрі онымен жақын араласып, достасқысы келді. Ең бастысы, Эван ақыры бақытына қол жеткізген еді.
Мәтінді жасыру
      22. Әйелдер боксы
      Эмма боксшы болуды армандайды. Өмір бойы оған: «Сен қызсың, сондықтан боксшы бола алмайсың», - деп айтатын. «Кәдімгі жұмысты таңдағаның жөн», - дейтін. Әке-шешесі оған: «Бокспен айналысуды қоймасаң, бір күні өлесің», - дейтін. Әрқашан «қолыңнан келмейді» деген сөздерді есту оған қиын тиетін. Эмма сонда да олардың қателесетінін дәлелдеуге бел буды.
      Эмманың өмірі қиын болды. Қыздар оны ұнатпайтын, себебі тым еркекшора санайтын. Жігіттер де оны ұнатпайтын, себебі оны өздері сияқты жақсы боксшы санамайтын. Осының кесірінен Эмманың мектепте достары болмады. Мектеп асханасында ол үстел басында ылғи жалғыз отыратын, оған топтық жобалар үшін серіктестер табу да қиын болатын.
      Алайда Эмманың достары бар еді, олар да онымен бірге бокспен айналысатын. Олардың бәрі боксшы қыздар болатын. Олар Эмманың қиындықтарын түсінетін, себебі өздері де осындай күйде еді. Олардың бір-бірінен басқа ешкімі болмады. Олар бір отбасындай болды. Тек осы үшін де Эмма бокс үйірмесіне әрқашан қуана баратын. Күндердің күнінде ол атақты боксшы атанады. Сол кезде барлығы оған деген көзқарасы үшін өкінетін болады.
Мәтінді жасыру
      23. Анасы мен қызы
      Фрэнсис өз анасымен тіл табыса алмайтын, себебі олардың мінездері мен өмірдегі мақсаттары екі бөлек. Фрэнсистің анасы ұялы телефондар компаниясының бас директоры. Ол өте ақылды, Гарвард университетін бітірген. Оның анасы ақшаға, табыс пен сыртқы келбетке көп мән береді. Фрэнсистің мінезі оған қарама-қайшы.
      Фрэнсис колледжде оқыған жоқ. Ол өзінің бірегей өнер туындыларын сатып, өнер әлемінде бизнеспен айналыса бастады. Ол өзін- өзі асырай алатындықтан, бірқалыпты жүріп жатты. Ол атақты тұлғаға айналды, бірақ ол бұл мәселеге де көңіл аударған жоқ. Ол өзінің сыртқы келбетіне де мән бермейді. Көп қыздардан ерекшелігі- ол қысқа шаш қоятын, оның небары он-ақ киімі бар еді. Фрэнсистің анасы қызының осындай өмір салтын таңдағаны үшін қапаланды.
      Анасы қызына келген сайын керісіп қалатын. Фрэнсистің анасы Фрэнсистің өмір салтына қатысты қатқыл сөздер айтатын, ал Фрэнсис анасына «сараңсың, шектеулісің» дейтін. Франсис анасының оның ісіне оң көзқараспен қарауын тіледі.
      Фрэнсис тұрмысқа шығайын деп жүр. Ол анасын тойға шақырғысы келеді, бірақ анасы оның жігітін жақтырмайтынын біледі, себебі жігіті де дәл Фрэнсис сияқты. Алайда бәрібір Фрэнсис анасын жақсы көретін, сондықтан ол анасына тойға шақыру қағазын ұсынды.
Мәтінді жасыру
      24. Үзілген той
      Френсис пен Райан үйленгелі жатыр еді. Райан сөз салғанға дейін олар бес жыл жүрген болатын. Екеуі де суретші, тыныштық пен берекені ұнататын. Олар қарапайым тойды қалады, өздерінің жақын достары және тумаларымен. Тойды Райанның үйінің артқы жағында өткізуді шешті. Френсис көйлекке қыруар қаражат жұмсамас үшін, көйлекті өзі тігіп алды. Райан да өзінің әкесінің костюмын сұрап алды. Тойлары тамаша өтпегенімен, олар бір-бірін сүйген.
      Дін қызметшісі Френсистан: «Райанға тұрмысқа шығуға келісесің бе?» – деп сұрады. «Иә», - деп жауап берді Френсис. Дін қызметшісі Райанннан сұрады: «Френсисті әйел қылып алуға келісесің бе?» –деп. «Иә» деп жауап бермес бұрын, біреу «жоқ» деп айғайлап жіберді. Екеуі көпшілікке қарады. Айғайлаған Райанның бұрынғы жүрген Карен деген қызы болатын.
      Райан оны қуып жіберуін талап етті. Райанның ағалары оны далаға шығарып жіберді, бірақ ол қолдарынан тістеп алды. Ол Френсиске жүгіріп келіп, көйлегін жыртып жіберді. Френсис оны итеріп жіберді. Райан Каренге кетсін деді. Райан полиция шақырғанша, Карен кетпеді. Кареннің жасағаны болмаса, той керемет өтті. Райан мен Френсис екеуі мәңгі болатынын білді.
Мәтінді жасыру
      25. Қорыл
      Джил мен Дэннің бас қосқандарына он жыл болды. Джил Дэнді жақсы көрді, бірақ оның қорылдағанын жек көретін еді. Оның қорылы сондай қатты, әрі жағымсыз. Ара-арасында Дэннің қорылы оны оятып жіберетін, сосын қайта ұйықтап қала алмайтын. Бірде Дэннің қорылы сонша қатты болғандықтан, Джил шыдамай диванға жатуға кетті. Ол диванда жақсы ұйықтап шықты.
      Таңертең Джилдің ұлы Тимми оның диванда ұйықтап жатқанын көрді. Тимми олар ұрсысып қалды деп ойлады. "Анашым, сен әкеммен ажыраспақсың ба?" - деп сұрады Тимми. Джил күлімдеп, Тиммиді құшақтады. "Жоқ, сенің әкең қатты қорылдап кетті! " Тимми анасынан қорылдайтын-қорылдамайтынын сұрады. Джил жауап беруге сенімсіз болды.
      Артынан Джил Дэннен өзінің қорылдайтын-қорылдамайтынын сұрады. "Иә, бұл дауыс мысықтың мияулағанындай", - деп айтты Дэн. "Бұл титығыңа тие ме?" - деп сұрады Джил. "Енді... аздап мазаны кетіреді, бірақ мен бұған төзе алмын", - деді Дэн.
      Джил өзінің қорылдайтынын біліп, ыңғайсызданып қалды. Ол дәрігерге барып, мұны қалай бір жақты қыла алатынын білмек болды. Дәрігер оған бірнеше кеңес беріп, қорылдаудан ем жоқтығын және дәрімен емделмейтінін айтты. Джил үйіне көңілсіз қайтты. "Осы уақытқа дейін сенің қорылың ғана менің жүйкеме тиеме десем, менің де қорылдағаным сенің мазаңды қашырады екен ғой", -деді Джил. "Дәл осы нәрсе біз екеумізді керемет жұп қылып отыр!" - деді Дэн.
Мәтінді жасыру
      26. Мектеп бойтұмары
      Лизаға көлік алу үшін жұмыс керек еді. Оған мектеп және басқа да жерлерге тез жету үшін көлік керек болатын. Лиза мектеп бойтұмары болатын кейіпкер керек деген хабарландыруды көрді. Ақысы сағатына 12 доллар, жоғары мектеп оқушысы үшін, әрине, бірталай ақша еді. Ол іріктеу сынағына барды. Әңгіме жүргізіп отырған адам одан бұл жұмыстың оған неге қажет екенін және неге ол өзін осыған лайықпын деп ойлайтыны туралы сұрады. Лиза жолбарыс болуды мақтан тұтатынын және басқа оқушыларды өз мектептерінің спорттық командалары үшін қуануларына себепкер болғысы келетінін айтты.
      Лиза оны бұл жұмысқа қабылдағанын білді! Оның бірінші жұмыс күні бүгін кешке футбол матчында болатын болды. Футбол алаңына келгенде, ол костюмді және жолбарыстың басын киіп алды. Оның ішінен ыстық әрі жағымсыз иіс шықты. Ол өзіне көлік керектігі туралы ойларды ойлай берді. Сосын ол кездейсоқ біреудің жолбарыс костюмін кию қандай жиренішті деп айтып жатқанын естіп қалды. Лиза бұл жұмысқа келіскеніне өкініп қалды.
      Лизаның мектебінің футбол командасы жеңіске жетті. Көпшілік орындарын ытқып тұрып, команданы қуанышты айқай-шумен құттықтап жатты. Көптеген адамдардың жолбарыспен суретке түскілері келді. Лиза тек суретке түсумен бір сағатын өткізді. Жұмыс уақыты біткен кезде, Лиза қанша ақша тапқанын санады. Бұл жұмыста қалуына тек осы себеп еді.
Мәтінді жасыру
      27. Қаһарман
      Джой, Саманта, Мэгги үшеуі қалада серуендеп жүрген. Ауа райы керемет еді, бәрі тамаша көрінген, қыздар бірге келе жатты. Бәрі ғажап болған, кенет қыздар айқай- шу естіді. "Мына адам менің сөмкемді алып кетті!" - деп дауыстап жатты қарт әжей. Джой ойланбастан сол кісінің артына түсті. Ол кәсіби жеңіл атлет еді, сондықтан ол жылдам еді. Ол оны тез арада қуып жетті.
      "Әй, анау сөмкені қайтар!" - деп бұйырды Джой. Ер адам қашып кетпек болды, бірақ ол қашам дегенше Джой сөмкеге жармасып, тартып алды. Мұның бәрін полиция қызметкері көріп тұрды. "Мен бұны алып, иесіне қайтарайын", - деді. Джой оған ризашылығын білдірді. "Келесіде қылмыскердің артынан жүгірмеңіз. Сіздің жапа жеп қалуыңыз ықтимал", - деді полиция қызметкері.
      Джой сөмкені әжейге қайтарды. Әжейдің көңілі бір көтеріліп қалды. Ол Джойдың батылдығын айтты. Ол әмиянын алып Джойға 50 долларды ұстатты! Саманта мен Мэгги Джойдың ісіне тамсанды. "Джой, сен батылдық таныттың ," - деді Саманта. Джой ұялып, қызарып кетті. Ол өзін батыр сезінбеді. Келесі күні қалалық газет баспасы сұхбат алғылары келіп, Джойды іздеді. Джой сұхбаттасуға келісті, өйткені ол бір кішкене жағынан болса да, өзінің аты шыққанын қалады.
Мәтінді жасыру
      28. Өмір әділетсіз сияқты
      Жұрт айтады, жақсы нәрселер жақсы адамдардың басында , ал жаман нәрселер жамандардың басында болады деп. Бұл әрдайым дұрыс емес секілді. Ұлы істер тындырған адамдар кейде жасына жетпей, мәңгілік мекеніне қайтады. Бұл өмірді әділетсіз қып көрсетеді және кейбір кездері бұл солай болады да. Кейде жамандық жасағандар жазасын алмай-ақ жүре береді. Сайып келгенде. істеген тірліктері өз қара бастарына қайта оралады.
      Шон жақсы адам еді. Әр апта сайын ол хайуанаттар үйіне тегін көмектесіп жүрген. Ол барлығына сыпайы қарайтын, тіпті бейтаныстарға да. Ол өзінің әжесі мен атасына қарайласып жүрді. Оның басына жақсы жайлар орнауы керек емес пе еді? Өкінішке орай, Шон тап жаңа өзінің жұмыстан шығарылғанын білді. Бұл әділетсіздік. Бірақ оның ең керек кезде жұмысынан айырылуы оның ақысы көбірек жаңа жұмыс іздеп табуына себеп болды. Аяғында ол Қытайда мұғалімдік қызметі бойынша керемет жұмыс тапты.
      Лизи жаман адам еді. Ол өзгелердің кредит карталарынан мәліметтерді ұрлаған, даяшыларға дауыс көтерген және достарын өз мақсатына пайдаланып кеткен еді. Оның өмірінде енді жаман жәйттер орын алуы тиіс қой, солай ма? Бірақ Лизиге лотереядан 200 мың доллар ұтып алу бұйырды. Бұл да әділдік емес. Әділдік ақыр аяғында орын алды. Оның атына жасанды кредит карталарын жасағаны үшін іс ашылып, сот болатын болды, енді оның лотодан ұтып алған ақшасының бәріне қорғаушы жалдаудан басқа амалы қалмады.
Мәтінді жасыру
      29. Безеу мәселесі
      Жасөспірімдердің бәрінде бөртпе ауруы пайда болып, көп жерін безеулер басып кететін кезде Мелиданың терісі тамаша күйде болды. Оның терісі мінсіз, тегіс әрі бірде-бір кемшіліксіз болды. Ол өзінің тегіс терісі ата-анасынан берілген деп ойлайды. Және тағы осындай тегіс бет терісі оның көп су ішетіндігінен болуы мүмкін.
      Безеу дертіне шалдыққан өте қиын, өйткені жеткіншектер өзінің сырт келбетіне көп мән беріп, адамдардың олар жайлы не ойлайтыны туралы болмақ. Безеу дерті адамның өз-өзін төмен санауынан және басқалармен қарым -қатынастан жалтарып, үйден шықпауынан болуы мүмкін. Мелиндада мұндай мәселе жоқ, ал оның сіңілісі Иванада бар. Ивана өзінің неге безеу дертіне шалдыққанын түсінбеді, өйткені оның отбасында ешкімде мұндай безеу болмаған. Ивана да айтарлықтай дұрыс тамақтанатын. Ол жолым болмады деп ойлайтын. Безеулерінің кесірінен Ивана өзіне сенімді бола алмады. Оған өзіне сеніммен қарау ауыр тиетін. Ол әрқашан өзіне назар аударылуынан қашқақтап жүретін. Ол көп ешкіммен сөйлеспейтін.
      Ивана ProActiv-ті байқап көрмек болды ,себебі оны әрқашан теледидардан жарнамалап қоймайтын. Бұл зат ақыр соңында оның терісін біршама жақсартып тастады. Ол енді аздап қана қызыл және тегіс бола бастады. Сонымен қатар дәл осы кезде Мелиндаға да бірінші безеу шығыпты. Және бұл дәл оның сынып алдында сөз сөйлейтін күні болған! Бұл тап орынсыз кезде бола қалды. Дегенмен әрдайым осылай ғой, безеу жоқ жерден шыға келеді!
Мәтінді жасыру
      30. Жұмбақ адам
      Эд Кейн Мидбери орта мектебінде мұғалім еді. Ол математика пәнінен сабақ беретін. Ол "Жұмбақ адам" деген атпен танымал еді. Ешкім оның жеке өмірі мен оның өзі туралы ештеңе білмейді. Эд барлығын сол қалпында қалдырғысы келеді. Ол негізінде мұғалім болғысы келмеген. Ол астронавт болғысы келген, бірақ бәрі басқаша болып шықты. Ол мектепке оқушыларды білуге келген жоқ, ол мектепке тек білім беру үшін келген.
      Ол бақытты, ең жылы шырайлы мұғалім болмаса да, оқушыларына көмек керек болғанда, қастарынан табылатын, бірақ олар оның жеке өмірі туралы сұрақтар қоя бастаса, Эд оларға көмектесуден бас тартатын. Оның тыныштығын бұзғандардың бірі Мэтт оның демалысқа қандай жоспарлары бар екенін сұрады. "Мен білмеймін, " - деді Эд. "Кейн Мырза, бізге өзіңіз туралы бірнәрсе айтып беріңізші," - деп сұрады Мэтт. "Мэтт, жетер енді," - деді Эд.
      Бұл Эдтің өз өмірі туралы айтудан қымсынатынынан емес еді, дұрысы, ол оқушылар тек математикаға жақсылап зейін қоюлары керек деп санайтын. Егер ол оларға тым көп достық шырай таныта берсе, олар оны "ыңғайлы" мұғалім ретінде қабылдайтыны еді. Эд үйленген, екі баланың әкесі болатын және онда бір теңіз шошқасы бар еді. Эдтің әуестенетін істері гольф пен жүзу болатын. Эд өте білімдар адам болатын, оны ең жақын досы тек екеу еді.
Мәтінді жасыру
      31. Мектеп ауыстыру
      Кэтрин бұрынғы мектебінен кетпекші, өйткені оны онда мазақ қылып, төмендететін. Оған бұрынғы мектебінде мұғалімдер де, сабақтары да, достары да ұнайтын, бірақ оны келемеж қылуы оның шыдамын тауысты. Қыздар оған тіл тигізіп, аяғынан шалып басқа сыныптастарының алдында абыройын төккен. Оларға оны кемсіте салу оңай еді. Кэтрин дауыс күшейткіш құрал тағатын, себебі ол мүгедек еді.
      Кэтриннің жаңа мектебі жекеменшік христиандық мектеп болды. Ол мектеп формасын кию және сабақтар арасында жаратқанға сыйынуы керек еді. Кэтрин сыйынуға қарсы келмейтін, бірақ мектеп формасын киюді ол аса ұнатпады. Оған өзін сырт киім арқылы көрсете білу әрқашан ұнайтын. Қазір ол кигісі келетін түрлі киімдерін енді тек демалыс күндері кие алатын болды. Бірақ оны ешкім кемсітпесе де, оған сыныптастарымен араласып кету қиындау болды.
      Кэтринге оның тұлғалық болмысында сыныптастарына қарағанда әлдеқайда көп айырмашылық бар секілді көрінді. Оның сыныптастары момын, «сен тимесең, мен тиме» болып іш пыстырарлық еді.
Мәтінді жасыру
      32. Жаңа шаш үлгісі
      Энджи модель еді. Модельдік индустрия қатал сала еді. Бәрі әсем көрінгенімен, бұл индустрияда бәріне бірдей үлгеру қиын болады. Энджидің агенті оған басқалардан ерекше көрінуі үшін жаңа шаш үлгісін қоюды ұсынды. Сол кезде Энджидің ұзын да, ашық түсті шашы бар еді. Оның түрі бірегей көрінетін. Бірақ та ол өзінің шашын қысқартқысы келмеді. Ол оларды қатты ұнататын.
      Энджи және оның агенті "Тартымды шаштар" деген сұлулық салонына келді. Күллі әлемге танымал стилист қызмет көрсетті. "20 сантиметрдей қысқартып, ұлдардікіндей қайырып көтеріп қойыңыз", - деді агент. Энджи қобалжып кетті. Стилист оның ұзын шаштарын сипап шықты. "Сіз жұлдыз болуға дайынсыз ба?" - деп сұрады стилист. Энджи болар-болмастай қып басын изеді. Ол дайын емес еді, бірақ бұл маңызды емес-ті.
      Энджи стилист жұмысын жасап жатқанда, әуен тыңдап отырды. Ол шашы жайлы ойлай бермеу үшін ұйықтап қалуға тырысты. 45 минуттан соң стилист оның бас сүлгісін шешті. "Мәссаған!" - деп жіберді ол. Энджи көзіне жас ала бастады. Ол ұсқынсыз көрініп тұрмын деп ойлады! "Сізді барлық жерден жұмысқа шақыра бастағанда, өзіңізді жақсы сезінетін боласыз", - деді агент. Энджиге жаңа шаш қойысы ұнамаса да, ол өзінің жаңа шаш үлгісінің арқасында басқалардан айрықша бөлек көрінетініне көнді.
Мәтінді жасыру
      33. Ең төменгі сатыдан бастап көтерілу
      Қазіргі кезде Айлин атақты сәнгер. Бірақ бұл істі ол ең төменгі сатыдан бастаған. Ол жалғыз басты анасымен және бес бауыр-сіңілілерімен бірге тәрбиеленді. Олардың қолы асқа әрең жететін. Ол көптеген күндер бойы тек алма мен бір үзім нанды азық етті. Айлин жаман ауданда тұрды, онда күндіз- түні атыс үйреншікті жағдай болатын.
      Айлиннің мектептегі оқу үлгерімі де нашар болды. Ол сабақта ойын жинақтай алмай, жиі қалғып - шұлғып отыратын. Өзіңнің меншікті өміріңнің мәселелері көп болғандықтан, Джордж Вашингтонның ғылыми теориялары туралы ойлау мүмкін емес еді. Айлиннің мектептегі оқу үлгерімі, қаражат мәселесі қиын болғандықтан, ол колледжге түсе алмады. Мектеп бітірісімен киім дүкеніне кассир болып жұмысқа тұрды.
      Жұмыс арасындағы үзіліс кезінде ол киім үлгілерін сызумен айналысты. Күндердің күнінде сол кездегі дүкен иесіне оның сызған киім үлгілері қатты ұнады. Ол Айлинге сәнгерлік міндетін атқаруды ұсынды. Айлин өзінің жеке меншік " Bottomless" компаниясын ашқанша, өз бастығына бес жыл қызмет етті. Қазіргі кезде "Bottomless" дүкені 100- ден артық мемлекетте жұмыс жасайды. Айлин ток - шоуларға қатысып, табысқа жету жолдарын әңгімелейді.
Мәтінді жасыру
      34. Дауыс бермесең артынан шағымданба
      Құрама Штаттарда жасыңыз 18-ден асқан АҚШ азаматы болсаңыз, сіз кімді президенттің орнында көргіңіз келсе, соған дауыс беруге құқылысыз. Адамдар бұның қандай жақсы екенін ұғына алмауда. Кейбір елдерде билікке бұрынғы басшының туысқандары келеді, адамдар кімнің ел көшбасшысы болатынына дауыс бере алмайды. Сонда да АҚШ-та көптеген адамдар, әсіресе жастар өз дауыстарын бермейді.
      Адамдардың дауыс бермеуіне көп себеп бар. Біріншіден, олар өз дауыстарының маңыздылығына сенбейді. Шыны керек, әрбір дауыс маңызды саналады! Екіншіден, олар дауыс берсе де, бірдеңенің өзгеретініне сенбейді. Үлкен нәрселердегі өзгерісті бірден байқау қиын екеніне қарамастан, сіз даусыңызды берген президенттікке үміткер адам келешекте бірталай саяси шешімдердің өзгеруіне сеп болады. Үшіншіден, адамдар дауыс беру үшін үйлерінен шығуға ерінеді. Бұл ең кертартпа сылтау.
      Адамдарға дауыс берудің мәртебе екенін ұғыну қажет. Елестетіңізші, сіз өз даусыңызды бере алмайтын жайды. Біз өзімізді керексіз сезінетін едік. Біз өз ойымыздың ешқандай маңызы жоқтығын сезінетін едік. Егер сіз сайланған үміткерге дауыс бермесеңіз, сіздің оны сынауға құқығыңыз жоқ. Даусыңды бермесең, артынан шағымданба.
Мәтінді жасыру
      35. Жаман әдет
      Ивонаның тырнақ кеміретін жаман әдеті бар.Ол бұның қалай басталғанын білмейді.Ол тырнағын төрт жасынан бастап кеміреді. Оның қолында дым жоқ болса болды, тырнағын кеміре бастайды.Ол мұғалімге зейін қойып отырғанда немесе кезекте тұрғанда тырнағын кеміреді. Оның айналасындағы адамдар оның бұл әдетінен жиіркенеді, бірақ Ивона мұнымен ештеңе істей алмайды.
      Оның бұл әдетке әуестігі арта түсуде. Қазір Ивонаның саусағының ұштарында жаралар пайда болды. Оған қоса, оның барлық тырнақтары сарғайып кетті. Ивона осыларды байқаған кезде өзінің түп тамырымен дұрысталуы керектігін түсінді. Ивона тырнақтарын тістелей бермеу үшін лакқа бояуды ұйғарды , осылайша ол тырнаққа арналған лакты кемірмеуші еді.
      Ивона сабақта отырғанда іш пыстырарлық дәрістер тыңдап, тағы тырнағын кеміргісі келіп кетті. Ол өзінің көк түске боялған тырнақтарын көріп, бұл ойынан айнып қалды. Он минуттан соң ол тағы тырнақтарына қарады. Оның үстін тер басып, аяқтарымен еденді тепкілей бастады. Оның қасында отырған қыз одан жағдайының дұрыс-бұрыстығын сұрады. Ивона бұдан әрі төзе алмады. Оған тек қана тағы бір тырнағын тістелеп, кеміріп алу керек еді.
Мәтінді жасыру
      36. Шығарма
      Брэдли кәдімгі тепсе, темір үзер жігіт еді. Ол команда капитаны және ол чирлидерлердің жетекшісімен кездесетін. Ол бай, ұзын да тартымды еді. Ол тағы өз мектебінің президенті еді. Брэдлидің бір шаруасы бар болатын. Бұл- оның ағылшын тілінен алатын бағасы еді. Ол өлсе де, шығарма жаза алмайтын еді. Оның өз ойын мазмұндауымен мәселелері болды.
      Брэдлидің тоқсандық жазбаша жұмысы оның кімнен, неден үлгіні алатыны жайлы болуы керек еді. Ол өзінің футболдан бапкері туралы жазғысы келді. Брэдли мұны өзі жақсылап орындай алмайтынын білді, сондықтан ол сыныптың ең ақылдысын өзіне көмектесуге жалдады. Ол Меллониге сағатына 10 доллар төлейтін болды. Брэдли Мелониді өз үйіне шақырды.
      "Қане, Брэдли, мұғалімнің көңілін аудартатын, қызықты сөйлемнен баста." "Америкада, көп елдерде футбол деген атпен белгілі ойынды соккер дейді, осылай деп бастасақ ше?"- деп көрді Брэдли. "Бірақ бұның сенің тақырыбыңа ешқандай қатысы жоқ қой", - деді Мелони. Брэдли ренжіп қалды. "Әй, уайымдама. Бір нәрсені іліп кететіндей затты таба салу кейде оңай шаруа емес. Неге сенің бапкерің айтатын бір пікірді бастамаға алмасқа?" - деп ұсынды Мелони. Брэдли бұны жақсы ой деп шешті. Оның бастамаға іліп әкеткен бапкерінің сөзі: "Футбол - ойын емес, бұл өнер".
Мәтінді жасыру
      37. Қастарды қыру
      Клара әрқашан өзінің қастарын тым қалың деп есептейтін. Бойжеткен қыздар арасында заман талабына сай болу үшін танымал әдемі тренд қастар болғанын жақсы көреді. Клараның құрбысы Рэйчел оны сән салонына апарып, қастарына эпиляция жасатқысы келді. Клараға бұл ой ұнамады. Оған бөгде біреудің бетіне қол тигізгенін қаламады. Рэйчел өз құрбысына өзінде бар эпиляция құралдарын берді де, қастарыңды өзің жөнде, - деді. Клара келісті.
      Клара Рэйчел құрбысының үйіне эпиляция құралдарын алуға барды. Сосын ол Рэйчелдің жуынатын бөлмесіне кірді. Клара қобалжып тұрды. Ол қате жасаса не істеймін деп ойлады. Ол қастарына ақырындап балауыз жақты. Екі минуттан соң балауызды сыпырып алып тастады. " Ой, ой ауыртты ғой!" – деп айқайлап жіберді Клара.
      Клара айнаға қарады. Оның қастары орнында болмағандай болып көрінді. Ол қастарын өте көп қылып алып тастапты. Клара айқайлап жіберді. Рэйчел оны көрейін деп жуынатын бөлмеге кірді. "Мен сенің айқайыңды естідім, не болды?" - деді Рэйчел. Клара Рэйчелге бұрылып, бетін көрсетті. Рэйчел күлкісін көрсетпеуге тырысты. " Бұл күлкілі емес", - деді Клара. " Сен қастарыңның қалың болғанына қатты абыржыдың , енді қастарың мүлдем жоқ", - деді Рэйчел.
Мәтінді жасыру
      38. Ешкімнің көңілін қалдырмайтын адам
      Пол барлық адамның көңілінен шығуға тырысты, ол біреудің бетін қайтара алмайтын. Адамдар одан қызықты бірдеңе ойластыруын сұраса, ол ұсынысты қабылдап, ішінен қандай жақсы жігіт еді деп, ойласын дейтін Пол. Ол қызықты заттардан да бас тартпайтын, себебі өмір қысқа деп ойлайтын. Адамдар одан небір нәрселерді қарызға сұрағанда , ол өзін сыйласын деп жарайды дейтін.
      Оның көнбістігі үлкен мәселелерге тірелетін, кейде үй тапсырмасын орындауға, үйдегі міндеттеріне, өзінің жеке мәселелеріне көп бөгет болатын. Бір күні ол қорытынды тестінің 50 пайызын ғана тапсыра алды. Себебі алдыңғы күні ол көршісімен парашютпен секіруге барған болатын. Пол парашютпен секіруіне бес сағат уақыты кетті де, үйіне кешкі 11-де оралды. Ол үйге шаршап келгендіктен, сабағына ойын жинақтауға мүмкіндігі келмей қалды.
      Келесі кезекте оның дос қызы одан сағат үште оның жазба жұмысын тапсыруын өтінді. Ал Пол үштен он минут кеткенде футбол матчінде ойнау керек болатын. Полдың орнында басқа біреу болатын болса, жоқ дер еді. Пол дос қызының жазба жұмысын тапсырып, гимнастикалық залға киімін ауыстыру үшін жүгіріп кетті, ал ойын алаңына он минутқа кешігіп келді.
Мәтінді жасыру
      39. Рождество Рухы
      Кеннет пен Лесли өз балаларын Рождество рухымен өсірді. Олар Рождествоның барлық салт-дәстүрін сақтады: үйді безендіруден бастап, рождестволық шыршаның басына жұлдыз қоюға дейін. Балалар да Санта Клаусты шын мәнінде бар деп ойлады. Бұл ойлар Кеннет пен Леслидің баласы Томас әкесінің түнде шыршаның астына сыйлықтар салып жатқанын көргенде өзгеріп шыға келді.
      Томас таңданғаннан аузын ашып тұрып қалды. Ол ата-анасының өзін алдағандарына ренжіп қалды. "Анашым, әкетай, неге Санта Клаус бұл жылы келмеді? Мен сіздердің екеулеп шырша астына сыйлықтар қойып жатқандарыңызды көрдім", - деп айтып салды ол. Кеннет пен Лесли бір-біріне алаң көздерімен қарап тұрып қалды. "Балам, мәселе мынада болып тұр ғой, Санта Клаустың сыйлықтарды қойып үлгеруге уақыты болмай, оларды анаңа тапсырған", - деді Кеннет. Лесли өз күйеуінің бұндай шындыққа жанасатын себеп таба кеткеніне таңырқап қалды.
      "Сіздер білесіздер ме, мектепте балалардың көбісі Санта Клаус шын мәнінде жоқ дейді", - деді Томас. "Олар өтірік айтады, айналайын. Олар тек сендерге осындай заттың жақпай қалғанын қалайды", - деді Лесли. "Шын ба? Ал сіз маған Санта Клаустың шын мәнінде бар екендігін дәлелдеп, мені оған апара аласыз ба?" - деп сұрады Томас. "Дегенмен, біз оны саған алып келе аламыз", - деді Кеннет. Бір сағаттан соң Кеннет Санта Клаустың киімін киіп алып, үйге кіріп келді.
Мәтінді жасыру
      40. Валентин күнін ұнатпайтын жан
      Линда күйеуі Томды сүйетін, бірақ ол Валентин күнін ұнатпайтын еді. Ол бұл күнді есерлік және мағынасыз деп санайтын. Ол жұптардың Валентин күні бір-біріне қатысты ерекше жағымды әрекеттер жасайтынын ақымақтық деп санайтын. Ол сүйген жандар бір-біріне күн сайын Валентин күніндегідей қарауға тиіс деп пайымдайтын.
      Томның тапсырысымен Валентин күні Линдаға гүлді тура жұмыс орнына жеткізіп берді. Оны үстелінен көрген кезде көзін алартты. Том оның Валентин күнін жек көретінін білді ғой. Ол сондай-ақ гүл сатып алу – ақшаны босқа құрту деп санайтын. Олар тез өліп қалады. Ол гүл шоғыры үшін адамдардың неге 30 доллардан аса ақша төлейтінін түсіне алмады.
      Линда жұмыстан соң үйіне келгенде, Томнан неліктен гүл жібергенін сұрады. "Валентин күнін ұнатпайтыныңды білемін, бірақ досымның Валентин күніне орай әйелінің алдында пианино тартқанын көрдім, сондықтан да менің де ерекше бірдеңе жасағым келді", – деді Том. Линда күлімсіреді. Валентин күнін ұнатпайтынына қарамастан, ол күйеуінің сүйетінін сезінді.
Мәтінді жасыру


В подготовке текстов на казахском языке участвовали пользователи сайта sozdik.kz:
Nurdaulet Aspenov, Гульнар Абдраимова, Жанара Қабина, Алтынгуль Кептербаева, Аслан Бисенов, Жанар Амангалиева, Гаухар Назымбекова, Акжайык Сабырбаева, Мади Толегенов, Назгуль Тынбаева, Рахат Уйсымбаев.
Корректор текстов на казахском языке: Атлас Кудайбергенова



© Татьяна Валяева,  2007–2024
 <<  Казахский по уровням. Ур.5, стр.1 Вернуться к началу Казахский по уровням. Ур.5, стр.3  >> 

Цвета текста на сайте             Telegram-канал «Казахский язык. Просто о сложном»             kaz-tili@yandex.kz             Гостевая книга