Казахский язык
Главная
Существительные
Послелоги
Прилагательные
Числительные
Местоимения
Наречия, Союзы
Личные окончания
Глаголы
Вспомогательные глаголы
Причастия
 Деепричастия
Конструкции
Предложения
  Проверь себя!
  Упражнения
   Грамматика детям
  Удивительный мир
Видеокурс
   Разговорник
Фразеологизмы
   Книга для чтения
С казахским не шутят?
Рассказы
Сказки
Песни
Полезное
Словарь
Ссылки
Автор
Суперлёг. чтение
  1. 1  
  2. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  1. 4  
  1. 5  

Каталог тем
Лёгкие истор.
  1. 1  
  1. 2  
  1. 3  
  1. 4  
  1. 5  
  1. 6  
  1. 7  
 Истории о детях
  1. 1  
  2. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  1. 5  
  2. 5  
  2. 6  
  2. 7  
 Занимательное чтение
  1. 1  
  2. 1  
  3. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  3. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  3. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  3. 4  
  1. 5  
  2. 5  
  3. 5  
 Казахский по уровням
  1. 1  
  2. 1  
  3. 1  
  4. 1  
  5. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  3. 2  
  4. 2  
  5. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  3. 3  
  4. 3  
  5. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  3. 4  
  4. 4  
  5. 4  
  1. 5  
  2. 5  
  3. 5  
  4. 5  
  5. 5  
  2. 6  
  3. 6  
 Лёгкое чтение
  1. 1  
  2. 1  
  3. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  3. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  3. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  1. 5  
  2. 5  
 Короткие истории
  1. 1  
  2. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  1. 5  
  2. 5  
 Қаз/Qaz 

Короткие истории (Short Stories)

Том 2, страница 3
Грамматика казахского языка. Просто о сложном

Автор идеи, составитель и переводчик текстов
с английского языка на русский: Андрей Краснов

      41. Қошемет сөздерін қағып алу
      Көктемнің бір күнінде әйелі: «Қалай саған? Менің жаңа туфлиім ұнай ма?» - деп сұрады. Күйеуі оларға қарады да, айтты: «Олар әдемі». Келесі аптада әйелі сұрады: «Қалай саған? Менің жаңа көйлегім ұнай ма?». Күйеуі оған қарады да, айтты: «Ол әдемі». Келесі аптада әйелі сұрады: «Қалай саған? Менің жаңа сөмкем ұнай ма?». Күйеуі оған қарады да айтты: «Ол әдемі». Келесі аптада әйелі сұрады: «Қалай саған? Менің жаңа шаш үлгім ұнай ма?». Күйеуі оған қарады да айтты: «Ол әдемі». Келесі аптада әйелі сұрады: «Қалай саған? Менің жаңа маникюрім ұнай ма?». Күйеуі оның қолдарына қарады да айтты: «Бұл әдемі». Сосын әйелі сұрады: «Неге сен ылғи қошемет сөздер айтқызасың (қошемет сөздерге сұранып тұрасың)? Күйеуі айтты: «Себебі маған керек, міне неге. Сеннен қошемет сөздер алу, ол тіс жұлдырумен тең. Сен ешқашанда менен ештеме байқамайсың, мен өзім сол туралы айтпайымша. Қуан, мен жаңа күйеуді емес жаңа қошемет сөздер қағып алып жүргеніме».
Мәтінді жасыру
      42. Қарым - қатынас байланысын орнату үшін жеңіл жейделер
      Оливер жеңіл жейделер дүкеніне иелік етеді. Оның жеңіл жейделері басқалардан ерекше. Онда кітаптың кейбір бөліктері жапсырылады. Жеңіл жейденің кеудесіне басқа кітаптан бір абзац, ал арқа жағына тағы бір басқа кітаптан бір абзац сөздер жазылады. Әрбір абзацтан кейін кітап пен Оливердің дүкенінің аты жазылады. Оливер: «Мен жеңіл жейделерді - парашюттер деп атар едім. Олар бірнеше жағдайларды шешеді. Олар маған қаражат әкеледі. Олар адамдардың кітап оқуына қызығушылықтарын арттырады. Олар, әрине әңгіме бастауда да көмегін көрсетеді. Қатар тұрған адамдар жеңіл жейделердегі сөздерді оқи бастайды. Олар адамдарға, бұл қызықты кітап болар деген ой салады. Сіздер, оларды оқыдыңыздар ма? Менің тұрақты сатып алушыларымның көбісі жалғызілікті және ажырасқан адамдар. Жеңіл жейделер, иті жоқ жалғызілікті адамдарға шүйіркелесіп әңгімелесуіне үлкен көмегін береді - дейді олар. Сіз жеңіл жейдеңізбен далаға қыдыруға шыққанда, өзіңізбен полиэтиленді қалта алып шығуды қажет етпейді» - дейді.
Мәтінді жасыру
      43. Дұрыс істе
      Гейл жұмыста киімге арналған шкафты Динамен бөлісетін. Бір күні Дина жұмыстан ерте кетіп қалды. Ол бір кездесуге кешігіп бара жатқан еді, сондықтан да шкафтың құлпын жабуды ұмытып кетті. Гейл кешке қарай шкафқа келді. Сөмкесі жоғалып кетіпті. Ол бұл жайды бастығына айтты. Босс Динаны шақырып алды. Дина шкафтың құлпын жабуды ұмытып кеткенмін ғой деді. Бастық полицияға қоңырау шалды. Келесі күні Гейл Динаға: «Менің Версачеден алған 1 400 доллар тұратын сөмкем жоғалды. Оның ішінде не болғанын айтпай-ақ қояйын. Мен сұрамай жатып, сен дұрыс істеуің керек». Дина: «Дұрыс істеуім? Енді, егер осыны меңзеп тұрсаң, кешір. Бірақ саған жаңа сөмке сатып әпермеймін. Оның жоғалып кеткеніне мен кінәлі емеспін. Алдымен өзің дұрыс істеуің керек еді», - деді. Гейл: «Менің өзім? Менің не істеуім керек еді?» - деді. Дина: «Сәнді сөмкеңді үйде қалдыруың керек еді!»
Мәтінді жасыру
      44. Рахмет айту күнімен!
      Жылына бір рет, Рахмет айту күніне, Бэрри тамақ дайындап, үйді тазалаған. Ол 5 килограммдай күркетауықты сатып алды. Ол тұмшапешті 160 градусқа қыздырды. Ол ет термометрді күркетауықтың жамбасына салып қойды. Еттің температурасы ен болмағаны 70 градус болды. Құсты тұмашапешке салды. Құс дайындалғанда, Бэрри мерекелі дастарханға басқа тағамдарды жасады. Кешкі асқа жасыл бұршақтар, салынды, картоп, тұздық пен мүкжидек шырыны болды. Бэрри дастархан әзірледі. Бәрі біткенде әйелі мен баласын дастарханға шақырды. Тамақты тауысып бітіргенде, ол тәттіні әкелді. Тәттіден соң, Бэрридың жұбайы былай деді: «Ал енді біз бүгін не үшін риза болғанымызды есімізге түсірейік. Мен осындай тамаша күйім мен балам бар болғанына рахмет айтамын». «Мен Рахмет айту күні жылына бір рет тойлап келгеніне алғыс айтамын», - деп Бэрри айтты. «Мен алма бәліші мен ванильді балмұздақ сатып алғаныңыз үшін рахмет айтамын! Тағыда бола ма?» - деп олардың баласы деді.
Мәтінді жасыру
      45. Кішкентай көмек
      Қартайған, арық әйел 57-ші көшедегі метро станциясының баспалдағынан жәймен түсіп келе жатқан. Оның арбиған бір матамен жабылған арбасы бар еді. Ол арбаны өзінен төмен басқышқа қоятын. Сосын ол сол басқышқа өзі басатын (түсетін). Сосын ол арбаны өзінен төмен тұрған келесі басқышқа қойды. Одан соң оған өзі түсті. Турникетке дейін оған 30 шақты басқыш қалған. Уолли баспалдақпен жоғары көтеріліп бара жатып оның қалай асықпай түсіп келе жатқанын қарап бара жатты. Баспалдақта олардың екеуінен басқа ешкім болмаған. Уолли ойлап: «Бүгін ризашылық күні ғой. Мен оған маған алғысын айта алатындай етіп бірдеме қылайын." Олар кездескен кезде, ол сұрады: "Сізге көмек керек пе?» Әжей айтты: «О, айналайын, үлкен рахмет». Уолли арбаны төменгі сатыға апарып тастады. Ол қайта жоғары көтеріліп кетті. Әжей оған тағы алғысын айтты. Уолли әжеге өзінің арбасы қарай төмен түскенінше қарап тұрды. Бір кездері мен де осындай болармын, деп ойлады ол.
Мәтінді жасыру
      46. Екыге төртты қосханда сегыз болад!
      Калифорниялық мектептің бірнеше оқушылары өздерінің ағылшын мұғалімдеріне наразылық танытты. Ол олардың жазу жұмыстарындағы қателерді түзеткеніне наразылық танытты. Ол олардың үлкен әріптен жазылмаған сөздерді түзетті. Ол олардың тыныс белгілерін түзетті. Ол олардың орфографиясын түзетті. Оқушылар «Біріккен Түстер» атты азшылық тобына жатқан. Оқытушыны нәсілшіл деп атаған. Оның қателердің түзеткені микроагрессияның белгісі деп сендірген. Олар оның қателердің түзеткені сыныпта дұшпандылық ахуалын тудыратындығын айтты. Олар ағылшын мұғалімдерін жазу жұмыстарында қателерді түзетуні тақтатуға сұраған. Ол бас тартты. Олар мектептің президентіне өтінішпен барды. Ол рұқсат бермеген. «БТ» мектепті сотқа берді. Іс АҚШ-тің жоғары сотына жетті. Сот 5–4 болып оқушыларды қолдады. Мемлекеттің мектептерінің көбісі дәл сол уақыттан өз ағылшын мұғалімдеріне оқушылардың қателерін түзеткенін тоқтатуға бұйырды. Оған қанағаттанбай «БТ» тағы бір арыз жіберді. Осы араз математика пәнін мектепте берунің тоқтатуға бағытталды. «БТ» өкілі: «Екіге екіні қосқанда, жауабы не себептен төрт болу керек? Бұл бізге азшылық деп көрінеді» - деп мәлімдеді.
Мәтінді жасыру
      47. Түнімен дөңбекшіп шығады
      Бернард өзінің қарындасы Барбқа айтты: «Түнде ұйықтап кету сондай қиын. Мен шақ дегенде ұйқыға кеткенімде бір-екі сағаттан соң қайта оянып кетемін. Сосын мен қайта ұйықтай алмаймын. Мен тек сол өткен-кеткен қателер туралы ғана ойлап жатамын. Істемей-ақ қою керек болған заттарды ойлаймын. Жасамай қоя беру керек заттарды. Маған айтпай тастай салу керек болған сәттер туралы. Өткен туралы ойлауды қою үшін мен болашақты ойлауға тырысамын. Бірақ болашақ туралы ойласам, мен тек уайымдай бастаймын. Мен өзімнің жұмысымнан айырылып қаламын ба? Мен денсаулығымды бұзып аламын ба? Мен ақыл-ойымды жоғалтамын ба?» Барб айтты: «Бұрынғы өткен мен болашақты ойлағанның орнына саған неге қазіргі күн туралы ойламасқа?» Бернард: «Ха! Мен осы қазіргі кезді ойласам, мен тек сол өзімінің оңбаған бастығым жайлы ойлаймын. Оның кесірінен мен болашақ пен өткенді ойлағанға қарағанда одан сайын көбірек ұйықтай алмаймын».
Мәтінді жасыру
      48. Рождествоға чек
      Атасы жыл сайын Рождество қарсаңында жалғыз немересі Мелиссаға пошта арқылы чек жіберетін. Жыл сайын қысқаша хатты қосатын. Онда: «Өтінемін, осы чекті алғаныңды хабарла», - деп жазатын. Немересі жыл сайын оның хатын елемейтін. Оған жыл сайын телефон арқылы хабарласып, сұрауға тура келетін: «Сен менің чегімді алдың ба?» Биыл атасы басқаша істеуді жөн көрді. Биыл ол чекке қол қоюды «ұмытып» кетті. Екі аптадан кейін ол телефон арқылы хабарласып: «Сен менің чегімді алдың ба?» - деп сұрады. Немересі: «Иә, бірақ сен оған қол қоймапсың», - деп жауап береді. Атасы: «Онда неге маған хабарламадың?» - деп сұрады. Немересі: «Себебі, ата, мен сенің хабарласатыныңды білдім. Жыл сайын сен маған чек жібересің, мен елемеймін. Жыл сайын сен менімен хабарласасың», - деп жауап берді. Ол атасын жақсы көретіндігін айтты. Олар қоштасты. Атасы басқа чекке қол қойды және хатсыз пошта арқылы жолдады. Бір кезде сенің де немерең болады, ол да тура сен сияқты болады деп күлімсіреді.
Мәтінді жасыру
      49. Ұйқың келмей жатыр ма? Менің аяқтарымды уқалап берші!
      Әр түн сайын оны ұйқы мәселесі мазалайды. Ол көзін жұма сала, өмірде қандай жамандық немесе кімге не айттым деген сұрақтар ойына келе береді. Кімдер оған жамандық жасады немесе басқалар не айтты деген ойлар мазалайды. Ол жағымды ойлар ойлауға тырысады. Ол шоколадты балмұздақ бейнелерін ойына алғанша, көз алдына бастығының ебедейсіз күлкісі елестеп кетті. Ол осы жағдайды жұбайына айтып, мұңын шақты. Жұбайы: «Менде ешқашан мұндай мәселелер болған емес. Мен күнде ерте тұрамын. Мен күнде кешкісін үйге кеш келемін. Мен жас балаша ұйықтаймын», - деді. Ері: «Иә? Бұның менің мәселеме қандай қатысы бар?» - деді. Жұбайы: «Яғни сен, ұйықтар алдында соншалықты шаршамайсың. Сен күні бойы соншалықты көп жұмыс жасамағансың. Сенің мәселеңнін шешуін естігің келе ме?» - деді. Ері: «Жақсы». Жұбайы: «Сен, күнде кешкісін менің ауырып тұрған табандарымды уқала! Тоқтамастан уқалай бер, қашан тұралап жығылғанша!» - деді.
Мәтінді жасыру
      50. Өз кіріңе қарау керек
      Ер адамның оятқышы шырылдады. Ол сэндвичінің соңғы тілімін жеді және оның артынан жарты банка ағаш қабығы сырасын ішті. Ол кір жуатын орын орналасқан төменгі бөлмеге түсті. Ол жетінші нөмірлі кір жуатын машинаға жақындады. Бір әйел «оның» кір жуғыш машинасына өз кірің салып жатыр екен. Ер адам таң қалды. Ол өзінің жуылған киім-кешегіне біреудің қол тигізгенін ұнатпайтын. Ер адам: «Бұл машинада менің кірім болған еді. Бір минуттай күте тұрмадыңыз ба? Шамалы болса да шыдамды болуға болады ғой», - деді. Әйел: «Мен шыдамды болуға тырыстым. Мен машина тоқтағанша шыдадым. Содан кейін менің шыдамым таусылды»,- деп жауап берді әйел. Ол: «Менің байқауымша, сіз аса сыпайы адамға ұқсамайсыз», - деді. Әйел: «Мен аса сыпайы емеспің бе? Аман болыңыз! Кім сыпайы емес екен? Сізге машина сөнген кезде осы жерде болу керек еді. Сол сыпайылық болар».
Мәтінді жасыру
      51. Мархабат, менің жұмыстан шыққан уақытымды белгілеңізші
      Бонни: «Клайд, сен маған жақсылық жасай аласың ба? Мен жедел жәрдем бөліміне ұлымды апаруым керек. Ұлым жаңа ғана үйден қоңырау шалды. Оның іш құрылыстары қатты ауырып тұр екен. Жұмыс аяқталуына әлі бір сағат уақыт бар, мен бір сағат болса да, уақытымды жоғалтқым келмейді. Ешкім менің ерте кетіп қалғанымды сезе қоймас. Сен, мені сағат 5-те кетті деп белгілей аласың ба?» - деді. Клайд: «Сен, ешкім сезбесіне сенімдісің бе? Мен қолайсыз жағдайға тап болғым келмейді», - деді. Бонни оны сендірді. Клайд жарайды деді. Бонни оған ризалығын білдірді. Шер ертеңіне таңертеңгісін Клайдты өз кабинетіне шақырды. Шер: «Сіз, не ойлап едіңіз? Сіз білесіз ғой, мезгілсіз жұмыстан ерте кеткен адамды белгілеуге болмайтынын. Мен сіздің және Боннидің сол күнгі жұмыс ақысын ұстап қалам», - деді. Бонни түскі үзілісте: «Клайд, мен қатты өкініп тұрмын! Мен уәде беремін, сенімен есептесемін», - деді. Клайд: «Ол туралы ұмыт. Мен сізге көмектесіп, дұрыс жасадым, солай бола тұрса да мен дұрыс жасамадым», - деді.
Мәтінді жасыру
      52. Мықты да әлсіз де
      Сауалнамада жігіт бір кездері шекті ме не ішті ме деп сұралған. Егер солай болса қанша уақыт және қаншалықты ұзақ. Жігіт жазды: «30 жыл бойы күніне бір қорап темекі және аз дегенде күніне бір қаптама (алты құты не бөтелке) сыра». жігіт осы өткен 30 жыл туралы ойланып кетті. Недеген ысырап еді. Оның ақшасының қажетсіз жұмсалуы. Оның өкпесінің саулығын босқа құрту. Оның ақылын ысырап ету. Ақыры оны хатшы әйел шақыртты. Ол дәрігердің кабинетінді күтіп отырған. Әйел адам кіріп сауалнаманы қарап шықты. Хатшы әйел сұрады: «Сіз әліде солайша шегіп ішіп жүрмісіз?» Жігіт айтты: «Жоқ, мен темекі шегу мен ішуді шамамен он жыл бұрын қойдым». Хатшы әйел сұрады: «Сіз никотинді жапсырма пайдаланып не жасырын ішімдікқұмарлар жиындарына бардыңыз ба?" Ол айтты: "Жоқ. Тек жай ғана тастай салдым, болды». Хатшы әйел айтты: «Сізге осылайша жай тастай салу үшін өте мықты болу керек болған». Ол айтты: «Иә, бірақ бастапқыда осының бәріне тәуелді болу үшін маған әлсіз болу керек болған емес пе, солай ма?»
Мәтінді жасыру
      53. Шомылдырады және киімін жуып береді
      Оны бағушы-мэр (күтуші-мэр) деп атайтын. Ол қоғамдық ғимараттарда және қалалық саябақтардың ішінде темекі тартуға тыйым салды. Ол алкогольсіз сусындарды үлкен бөтелкелермен сатуға тыйым салынатынына уәде берді. Егер ол тағы 12 жылға мэр болып қалғанда, ол Нью-Йоркті әлемдегі үлкен денсаулық клубына және шипажайға айналдыратын еді. Оның соңғы әрекеті Нью-Йорктағы мыңдаған үйсіздерге көмек беру болды. Ол оны Шауа Пауа (душ - қуаты) деді. Ол әр апта сайын барлық үйсіздер үшін душқа шомылдыру ұйымдастырылатыны туралы заңға қол қойды. Ол мәлімдеді: "Осы арқылы біз үш мәселені шешеміз. Біріншіден, бізде ендігіде метрода ішінде тек жалғыз үйсіз жатқан бос вагондар жүрмейтін болады. Екіншіден, үйсіздер ұзаққа созылатын ыстық душ қабылдағаннан кейін өздерін тағыда адамдай сезінетін болады. Және, әрине біз олардың киімдерін жуып кептіріп беретін боламыз. Оларға өздеріне деген қадірі мен абыройы оралады. Және, үшіншіден, осылай олардың өзін-өзі бағалауы жоғарылайды, тіпті олар өздеріне жұмыс тауып алауы мүмкін!»
Мәтінді жасыру
      54. Сатылымдағы сыйлық
      Белла колледжді бітіргенде оның әкесі оны тосыннан таңғалдырды: ол оған жаңа «Хонда» сыйлады. Үш жылдан кейін Белла күйеуге шықты. Олардың үйленгендерінің бірінші жылдығына оның күйеуі оған жаңа «Кадиллак» сыйлады. Бірнеше ай өткеннен соң оны әкесі айтты: «Сенің әпкең Лили тап жаңа жүргізуші куәлігін алды. Егер сен маған «Хонданы» қайтарсаң, мен оның Лилиге сыйлаймын. Сосын мен ол колледжді бітірген соң оған жаңа машина сыйлаймын». Белла сұрады: «Ал сен менің «Хондам» үшін қанша бересің?» Оның әкесі айтты: «Саған беремін? Сен мен сіңліңе сыйлайтын машина үшін саған ақша төлеуім керек деп тұрмысың?» Белла айтты: «Иә, әке. Есіңе түсір, сен маған «Хонданы» біраз уақытқа деп берген жоқсың. Сен оны маған сыйладың. Ол 5000 доллар тұратын болар». Ол айтты: «Мен бұл туралы ойланып көрейін». Сол кеште ол өзінің әйеліне айтты: «Мен білмеймін, мен оған ашулануым керек пе, әлде оны мақтан тұтуым керек пе».
Мәтінді жасыру
      55. Сенің үстіңнен қарайтын кім?
      Лорен Хамфриғе хабарласты. Бірнеше жыл бұрын олар екі жақтың да келісімімен айырылысып кеткен еді. Ол оған сонда да арасында қоңырау шалып тұрды. Cәлем деп, Хамфри айтты: «Бұл саған ұнамайды, бірақ мен саған бірдеме туралы айтуым керек. Мен қайтадан үйленемін. Менің қалыңдығым «бұрынғың жоғалсын» ұстанымының үлкен қолдаушысы болғандықтан мен оған сенің барлық фотосуреттеріңді тастаймын деп уәде еттім». Мен оған өзімнің бұрынғы неке сақинамды тастаймын деп уәде бердім. Және мен оған ендігәрі сенімен сөйлеспеймін деп уәде қылдым». Лорен айтты: «Сен уәде еттің де, оны ұстамадың, солай ма?» Хамфри айтты: «Жоқ олай емес, мен уәдемде тұрдым! Мен сенің суреттеріңді қалай жыртқанымды ол қарап тұрды. Біз Пирс № 17 бардық, және ол менің қалай сақинаны Ист-риверге лақтырғанымды қарап тұрды. Енді менің үшінші уәдем жөнінде айтсақ, өкінішке орай, бірақ мен тұтқаны тастауым керек. Өтінемін, енді маған ешқашан қоңырау шалма». Лорен айқайлап: «Сен...!» дәл Хамфри тұтқаны тастамастың алдында.
Мәтінді жасыру
      56. Үлкен алмадағы он мыңдық
      Оның әйелі сұрады: «Сен маған 10000 доллар қарызға бере тұра аласың ба? Мен оларды саған келесі аптаның соңында қайтарамын». Ол айтты: «Әрине. Маған өзіңнің банктік есебің мен кодыңды айт». Әйелі айтты: «Жоқ. Мен банктерге сенбеймін. Олар бір санды қате басып менің ақшамды басқа біреуге аударып жіберсе қайтемін? Жәй ғана маған қолма-қол бере сал, сосын оларды есеп шотыма салармын». Күйеуі жарайды деп айтты. Сосын ол алаңдай бастады. Оны мың доллар - бұл қомақты ақша. Нью-Йоркте қылмыскерлер көп. Ал егер олардың біреу оның банктен ақшаны алып жатқанын көрсе не болады? Оған бірдеме қылып өзін сақтандыру керек еді. Ол Құтқару Әскерінің қолданылған заттарын сататын дүкеннен бірдеңе тауып алды. Келесі күні ол үйден шығып банкке бармақшы болды. Оның әйелі сұрады: «Қашаннан бері сен ағаш таяқ қолданатын болғансың?» Күйеуі л айтты: «Сен үшін - бұл таяқ, Ал тонаушы үшін - бұл ескерту».
Мәтінді жасыру
      57. Баланы ... қанша айда туады
      Әйел солтүстік бағытқа кетіп бара жатқан Q пойызының вагонына кірді. Оның жасы 40 шамасында еді. Оның даусы вагон ішін жайлып алды. Ол шылымқордың даусындай қарлығып естілетін. Әйел: «Бір секунд назар аударыңызшы. Мазалағаным үшін, кешірім өтінемін. Барлықтарыңыздың жұмыстарыңыз ауыр екенін білемін. Менің атым - Вирджиния. Менің бір тиыным да жоқ, қарным да аш. Менің жұмысым жоқ. Менің шотымда бір цент те қалмады. Жүктімін, бес ай болды. Менің тамақтанып, балама да тамақ беруім қажет. Бір көмек бере алсаңыздар, тіпті жай ғана ұсақ-түйек болса да, өте риза болар едім. Маған көмектесе алатын біреу бар ма? Жүкті әйелге көмектесер жан бар ма? Жүкті анаға көмектесер біреу бар ма??» - деді. Герман досының құлағына: «Оның жағдайы медициналық кітаптарда сипатталуға тиіс деп ойлаймын. Оны соңғы алты айда аз дегенде үш рет көрдім. Ол үнемі жүктілігіне бес ай болғанын айтады», - деп сыбырлады.
Мәтінді жасыру
      58. Пидің өмірі
      «Нетфликстен» жаңа DVD диск келді. Күйеуі оны DVD -плеерге салды. Фильм кеме апатына түсіп аш жолбарыспен құтқару қайықшасында жалғыз қалған ер бала туралы болатын. Фильм басталды. Бірнеше минуттан соң оның әйелі сұрады: «Мен одан әрі қарағым келмейді». Күйеуі айтты: «Сен нені меңзеп отырсың?» Ол деген енді басталып келе жатып ғой! Ол сені жалықтырып үлгерді ме? Қара, қандай әсем табиғат көріністері! Шыдай тұр енді, тағы бірнеше минут қарай тұрайық». Әйелі айтты: «Менің шыдамым бітті ендігі. Менің білетінім менің бұл фильмді қарағым келмейтіні. Онда индиялық акцентпен сөйлейді. Егер мен бұны тым көп уақыт тыңдайтын болсам мен осы акцентпен сөйлеп кетуім мүмкін. Онсызда адамдардың менің қытайлық акцентімді түсінбейтіні жеткілікті. Мен индиялықпен де және қытайлық акцентпен де сөйлей бастасам не болмақ сонда? Онда мүмкін тіпті сенде мені түсінбейтін болып кетерсің». Ол айтты: «Бұл проблема (түк) емес. Мен сені қазір да түсініп отырған жоқпын».
Мәтінді жасыру
      59. Зайыбының еріне деген сүйіспеншілік сезімдерін ауызба - ауыз жеткізуі
      «Сен білесің бе, мен сені қаншалықты сүйетінімді?» - деп сұрады. Ері: «Мен білетін сияқтымын. Егер маған қарай жүк көлігі жүйткіп келе жатса, сен мен үшін өз өміріңді қиып мені сақтап қалар ма едің? Мен дұрыс айтып тұрмын ба?» - деп сұрады. Зайыбы: «Иә, шынында да. Иә, сен үшін жанымды қиып, сені сақтап қалар едім, сен ондай жағдайға бармасаң да. Біз бай боламыз ба, кедей боламыз ба екеуіміз тірі тұрғанда, бірінші орында әрине сен тұрасың. Егер бір үзім нанмен қалсақ та, оның жартысын саған бөліп беремін. Бір ғана нәрсе бар, саған бөліп бере алмайтын», - деді. Ері: «Қалайша? Сен маған нені бөліп бере алмайсың?» - деп сұрады. Зайыбы: «Менің жүрегімді. Сен мені әрқашан тек қана жүрегіңмен ғана сүйе аласың», - деді.
Мәтінді жасыру
      60. Үйленудің алдында шартқа қол қоямыз
      Том айтты: «Меніңше, үйленудің алдында Марлинді неке шартына қол қоюын сұраймын». Оның досы Илай айтты: «Сен қалжыңдап тұрсың ба? Сен дәл осындай жетістікпен тойды болдырмауыңа болады. Неке шарты сенің онымен қалғанша, өз ақшаңмен қалуыңның маңыздырақ екенін дәлелдейді. Неке шарты сенің оған сенбейтініңді дәлелдейді. Сенің бір жақын адамың саған сенбейтінін айтқан ба? Бұндайды есту сұмдық. Егер сенің жолың болса, ол неке шартына қол қоюдан бас тартып, бірден сені тастап кетеді. Егер сенің жолың болмаса, ол неке шартына қол қойып, оны бұл жалықтырғанша дейін, сені жақсы көрген болады. Сосын сені тастап кетеді. Өзіңді оның орнына қойып көр. Егер ол бай болып, саған осындай шартқа қол қоюыңды сұраса, өзіңді қалай сезінер едің?» Том айтты: «Мені бұл абыржытпайтын еді. Ол жақсылап ойланып, дұрыс жасайтын еді». Илай айтты: «Онда сен оны шын мәнінде жақсы көрмейсің».
Мәтінді жасыру


В подготовке текстов на казахском языке участвовали пользователи сайта sozdik.kz:
Аяулым Орынгали, Гульнар Абдраимова, Алтынгуль Кептербаева, Адина Ахтаева, Nurdaulet Aspenov, Гульмира Ажмаганбетова, Акжайык Сабырбаева




© Татьяна Валяева,  2007–2024
 <<  Короткие истории. Том 2, стр.2 Вернуться к началу С казахским не шутят?  >> 

Цвета текста на сайте             Telegram-канал «Казахский язык. Просто о сложном»             kaz-tili@yandex.kz             Гостевая книга