Казахский язык
Главная
Существительные
Послелоги
Прилагательные
Числительные
Местоимения
Наречия, Союзы
Личные окончания
Глаголы
Вспомогательные глаголы
Причастия
 Деепричастия
Конструкции
Предложения
  Проверь себя!
  Упражнения
   Грамматика детям
  Удивительный мир
Видеокурс
   Разговорник
Фразеологизмы
   Книга для чтения
С казахским не шутят?
Рассказы
Сказки
Песни
Полезное
Словарь
Ссылки
Автор
Суперлёг. чтение
  1. 1  
  2. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  1. 4  
  1. 5  

Каталог тем
Лёгкие истор.
  1. 1  
  1. 2  
  1. 3  
  1. 4  
  1. 5  
  1. 6  
  1. 7  
 Истории о детях
  1. 1  
  2. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  1. 5  
  2. 5  
  2. 6  
  2. 7  
 Занимательное чтение
  1. 1  
  2. 1  
  3. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  3. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  3. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  3. 4  
  1. 5  
  2. 5  
  3. 5  
 Казахский по уровням
  1. 1  
  2. 1  
  3. 1  
  4. 1  
  5. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  3. 2  
  4. 2  
  5. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  3. 3  
  4. 3  
  5. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  3. 4  
  4. 4  
  5. 4  
  1. 5  
  2. 5  
  3. 5  
  4. 5  
  5. 5  
  2. 6  
  3. 6  
 Лёгкое чтение
  1. 1  
  2. 1  
  3. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  3. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  3. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  1. 5  
  2. 5  
 Короткие истории
  1. 1  
  2. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  1. 5  
  2. 5  
 Қаз/Qaz 

Казахский по уровням

Уровень 2, страница 4
Грамматика казахского языка. Просто о сложном

Автор идеи, составитель и переводчик текстов
с английского языка на русский: Андрей Краснов

      61. Тамаша атай
      Робинсон мырза тамаша атай еді. Айналадағы бүлдіршіндердің барлығы оны жақсы көретін. Оларға әрдайым қандай да бір қызықты оқиғалар айтып, көңілді ойындар ойнауға үйрететін. Әр жексенбі сайын балаларға балмұздақ әперетін еді. Балақайлар атайға бауыр басқан.
      Жексенбінің бірінде балақайлар атайдың есіктен шығатынын тосып отырған болатын. Ол көрінбей қойды, сөйтсе Робинсон мырза қайтыс болған екен. Сол кеште үйдің іші бүлдіршіндердің жасына толды.
      Балалар әр жексенбі сайын түс ауа Робинсон мырзаның қабірінің басында жиналатын болды. Бұл осылай ұзақ жылдар бойы жалғасты, барлығы ортаға жиналып, ескі әңгімелерін айтатын болды. Олар әрқашан балмұздақ сатып алатын болды.
Мәтінді жасыру
      62. Пайдасыз және еріншек адам
      Күнделікті таңертеңгісін кофе алу үшін Митчелл жергілікті кафеге баратын. Ол әрдайым кафе сыртында отыратын баспанасы жоқ ер адамға көретін. Ол ер адам кафеден шыққан келушілерді тосып, олардан тиын-тебен сұрап отырады. Баспанасыз ер адам жылы шырайлы болғанымен, Митчелл оны ұнатпайтын еді. "Ол еріншек, әрі пайдасыз" - дейтін ол.
      Бір күні Митчелл жұмысқа кеш қалып жатқан еді, ол кафеден ұшып шығып, лезде машинасына бет алды. Ол өте асығыс болған соң, жолдағы машиналарға қарамай жүрді, бір мезетте оның бар көргені, оған қарай жүріп келе жатқан ақ жүк көлігі еді. Бағына, сол сәтте баспанасыз ер адам Митчеллды құтқару үшін итеріп жіберді. Осы жағдайдан соң, Митчелл бұл адамға күнде таңертеңгісін 5 доллар беріп тұратын болды.
Мәтінді жасыру
      63. Қайтпайтын аңдушы
      Саманта Вильямс әдемі әрі жас әйел болатын. Еркектер әрқашан оны кездесуге шақыратын. Самантаға ешқандай адам керек емес еді. Бұл көп ер адамдардың жүрегін жаралайтын. Алайда ер адамдардың көбі берілмейтін.
      Бір күні бір ер адам Самантаны бір шыны кофе ішуге шақырды. Ол бас тартқанда ер адам қатты ашуланды. Саманта қайда барса да, әлгі адам оны аңдуды бастады. Саманта артқа қараған сайын әлгі адамның жақын маңда тығылып тұрғанын байқайтын. Самантаны қорқыныш биледі. Оны қайтпайтын қайсарлықпен аңдитын. Саманта полицияға хабарласып, көмек сұрады. "Алаңдамаңыз" - деді оған. "Мүмкін, бұл сіздің елесіңіз шығар". Екі күннен соң Саманта із- түзсіз жоғалып кетті.
Мәтінді жасыру
      64. Парашютпен секіруге барайық
      Гаррис жаңа ғана 75-ке толды. Ол өзін сондай кәрі есептеді. Ол жастығының қайтып оралғанын қалады. Баяғыда ол күшті де әдемі болатын. Қазір оның түрі әжімді және толықтау еді. Кезінде ол небір қызықтарды басынан өткізетін. Бір күні ол тіпті аллигатормен арпалысқан еді. Енді ол серуенге шығуға да қатты ерінеді. «Уақыт тез өтіп кетті!» - деп ойлайтын болды. «Мен бұдан былай қайсар болуым керек».
      Гаррис не істейтінін білді. «Мен кідіре ашылып секіретін парашютпен айналысуым керек!» деді ол. Ол өзімен бірге немересін алып шықты. «Қызықтар ізденісіне аттандық!» - деді ол оған. Олар аэропортқа келгенде, Гаррис ұйықтап жатты. «Көңіл аударма», - деді Гаррис. «Бұл түскі астан кейінгі ұйықтау уақыты ғой».
Мәтінді жасыру
      65. Америкалық арман
      Вильсон өз жұмысын жек көретін. Оның бастығы ұсақ-түйекті теретін адам еді. Одан бөлек, жалақысы да жақсы деп айтуға келмейді. Вильсон бәрін тастап кеткісі келді. Бірақ бір кедергі бар, ол - өз екі баласын асырау. "Олар жақсы өмір сүруі тиіс", - деп әрқашан айтатын. Ақырында, өмірін өзгертуге бел буды. Колледжге түсті, күнде кешкісін сабаққа баратын болды, бұрынғы түкке тұрмас жұмысын да тастады.
      Уақыт өте келе білдей бір дәрігер болып, табысы да жақсарды. Сөйтіп жүріп, жанұясымен бірге керемет үй сатып алды, тіпті аппақ қардай қоршау орнатты. Ақыр аяғында ол да өз америкалық арманына қол жеткізді.
Мәтінді жасыру
      66. Пиццаға деген құштарлық
      Кларкта көптеген құмарлықтар болған. Ол жаратылыстану ғылымдарын сүйген еді. Ол керемет жүзгіш болатын. Ол тіпті тамаша ән айтатын. Алайда оның ең үлкен құштарлығы пицца болатын. Ол пиццаны елжіреп жақсы көретін.
      Кларк колледжді химия ғылым дәрежесімен аяқтады. Оның ата-анасы оның болашағына қуана қарады. "Сен үлкен оқымысты боласың" - дейтін әрқашан олар. Кларк оқымысты болғысы келмеді. Оның бар қалағаны пиццерия ашу болатын еді. "Бұл күлкілі" - деді анасы. "Сен ғалым ретінде қанша ақша таба алатын едің, соны ойла!" Кларк ақшаға немқұрайлы қарайтын. Оның бар қалағаны пиццаны пісіру, иісін сезіну және оның әр түрін жеумен күнін өткізу болатын.
Мәтінді жасыру
      67. Қызметі жоғарылауды көздеді
      Элизабет Паркер жұмысында жоғарылайтын күнді өте күтіп жүр, өйткені бұл компанияда ол үш жыл еңбек етіп келеді. "Жалақымды өсіретін кез келді. Менің бұған лайықты екеніме кәміл сенемін", - деп ойлайды ол. Элизабет жұмыс орнындағы ең талпынысы жоғары қызметкер. Оның бастығы жаңа орынбасар іздеп жатты. Элизабет өзін таңдайды деп сенді.
      Осыдан бір ай бұрын жұмысқа жаңа қызметкер қабылданған еді. Ол өте әдемі болғанымен, өте еріншек еді. Элизабеттің бастығы жаңа қызметкерге көңілі ауғаны сонша, орынбасарлық қызметті соған тапсырды. Элизабет бұл мәселеге қатты таң қалып, сол күні-ақ жұмыстан шығып кетті.
Мәтінді жасыру
      68. Жазғы тоқыма
      Миссис Эдамс тоқу курсын бітірді. Ол тоқудың сонша қызықты боларын білмеп еді, бірақ іс тоқуды жақсы көріп кетумен аяқталды. Ол күні-түні тоқитын болды. Алдымен ол жамылғылар дайындаудан тәжірибеленді. Сосын бас киімдер мен қолғаптар тоқуды үйренді. Ол тіпті шұлықтар мен шалбарлар тоқуға тырысты.
      Бір айдың ішінде ол барлық немерелеріне он шақты тоқылған бұйым сыйлады. Балалар оларды әрдайым киіп жүреді деп күткен. Жаздың ортасы еді. Балалар іш көйлек пен шолақ шалбармен жүргілері келді. Мойынорағыш және свитермен емес. Олар әжесінен тоқуды тоқтатуын сұрады.
Мәтінді жасыру
      69. Ұлдар да билей алады
      Джо Кэмпбелл 14 жаста едi. Оның үш әпкесi болды, алайда оның ешқандай ағасы не інісі болмады. Оның әкесi онымен бiрге спортпен айналысқанды ұнатты. Джо бұған қарсы болмады. Алайда, Джоның ұнатқаны би едi. Оның барлық әпкелерiне балетке қатысуға рұқсат берiлген едi. Джо да биге қатысқысы келдi. Оның әкесi оған күлдi. Ол Джо әзiлдеп тұр деп ойлады. Әкесi оған: «Сенiң орның футбол командасында», - деп айтты. Бұл Джоның көңіл күйiн түсіріп жіберді. Оны биге жiбермеу әділдікке жатпады. Әпкелерi де бұнымен келiстi.Оның әпкелерi Джоға жасырын түрде би қимылдарын үйреттi. Олар сахнада өнер көрсеткенде Джо олармен бiрге биледi. Оның әкесi оны қатты мақтаныш тұтты.
Мәтінді жасыру
      70. Шулы көршілер
      Джек Миллер өзінің көршілеріне өте ашулы еді. "Олар мүлдем өзгелермен санаспайды!"-деп ашуланды ол. Оның көршілері өте шулы адамдар еді, олар үйлерінде үш ит, екі құс және ешкі асырады. Бұл жануарлардың біреуі де еш уақытта үнсіз тұрмайтын. Одан бетері, көршілер күні бойы музыканы қосып қоюды ұнататын. Джек бұл әрекеттеріне қарсы болмас еді, алайда көршілерінің музыкасы қатты болғаны сонша, бүкіл аудан еститін. "Бұл соншалықты жаман болмас еді, егер әндері осынша сүйкімсіз болмаса" - дейтін Джек.
      Әйтеуір көп кешікпей бұл көршілері көшіп кетті. Джек бұған шексіз бақытты еді. Енді ол тыныштықпен рахаттанатын болмын деп ойлады. Бірақ, өкінішке орай, жаңадан көшіп келген көршілерінің жаңа туған сәбилері болды. Оның жылағаны бұрынғы көршілерінің бүкіл шуын қосқандағысымен тең болды.
Мәтінді жасыру
      71. Жиырма бірінші туған күнді тойлағанда
      Андерсонның туған күні болатын, оның жасы 21-ге келді. Достары оған сауық кешін ұйымдастырмақшы болды. Андерсон енді заңды негізде ішімдік іше алатын еді, алайда достары оның көбірек ішімдік ішіп, мас болуын қалады. Андерсон достарының арасына келген кезде, оған текилланың бірінші рөмкесін ұсынды. Оған дәмі ұнамай қалды. Алайда достары тағы біреуін ішуге мәжбүрледі. Кеш бойы түрлі ішімдік түрлерін ішумен болды. "Бұлардың барлығы да дәмсіз!" - деді Андерсон. Кештің соңы бұлыңғыр бола бастады.
      Ертеңгісін Андерсон ұйқысынан оянған кезде, ол өзін нашар сезінді. Басы жарылатындай болды. Асқазаны ауырды. "Енді ешқашан да ішімдік ішпеймін!" - деді ол.
Мәтінді жасыру
      72. Жоғалған ит
      Филиптің иті өліп қалды. Ол оны төрт жыл асыраған еді. Ол итін өте жақсы көретін. Филипп қатты қайғырды. Филиптің алты жасар қызы итті одан бетер жақсы көретін. "О, жоқ, бұл оның жүрегін жаралайды", - деді Филипп. Ол қайғылы хабарды қызының білгенін қаламады.
      Филипп шындықты айтпауға бел буды. Ол қызына: " Ит қашып кетіпті", - деді. Қызы сағаттар бойы жылады. Иттерінің бар - жоғын тексеру үшін Филипп қызын ертіп, иттерді паналататын жерге келді. Әлбетте, олардың иті онда жоқ еді. Бірақ онда әдемі, сүйкімді күшіктер өте көп еді. Филипп пен қызы үйлеріне жаңа күшікті алып қайтты.
Мәтінді жасыру
      73. Қашқын күйеу жігіт
      Бұл Скоттың үйлену тойы күні болатын. Ол қатты күйгелектенді. Мен бұған дайын емеспін деп ойлады ол. Оның маңдайы мен алақаны терлеп кетті. Жүрегі қатты соқты. Үрейі қашты. Скотт бас есіктің ашық тұрғанын көрді. Оған ешкім назар аудармады. Ол қашуды шешті.
      Шіркеу шегінен тысқары шыққанда өзін еркін сезінді. Артына көз салғанда оның артынан әлдекімнің жүгіріп келе жатқанын байқады. Ол қалыңдықтың әкесі болатын. Егде адам өте жылдам жүгірді. Әкесі: "Кері қайт!" - деп айқайлады. "Мен бәріне төлеп қойғанмын!"
Мәтінді жасыру
      74. Тони Хауктікіндей болмай қойды
      Нельсон жаңа скейтборд алды. Ол тек екі күн жаттықты. Оның достарының барлығы трюктерді орындай білетін. Нельсон өте шыдамсыз болатын. Ол да басқалар секілді трюктерді орындағысы келді. Нельсон баспалдақ аралығы арқылы секірмекші болды.
     "Олай жасама!" - деді жақын досы. "Бұл сондай қиын да емес" - деп Нельсон көндірді. "Тони Хаукта бұл оңай шығады". Бір минуттан кейін Нельсон жерден бір метрдей биіктікте ұшып бара жатты. Нельсонда ақырындатылған түсірілім сезімі болды. Кенеттен ол бетонға гүрс етіп құлады. Оның көзі қарауытып кетті.
      Нельсон ауруханада есін жинады. Оның екі қолы сынған екен. Ең жаманы - оның алдыңғы екі тісінің жоқ болғаны.
      *Ескертпе: Тони Хоук - американдық кәсіпқой скейтбордист.
Мәтінді жасыру
      75. Акуланың шабуыл жасауы
      Мартин – мұхиттағы ұзын дистанцияларға жүзетін жүзуші. Күн сайын таңертең ол Эрмоса Бич жағажайында жаттығады. Бір күні таңертең ол үлкен ақ акулаға тап болды. Оны бір секунд қана көріп, акула Мартиннің қабырғаларына соққы берді. Мартиннің достары оны жағажайға шығарды. Ол тым көп қан жоғалтқан екен. Бақытына орай, Мартин әйтеуір аман қалды. Ешқандай мүшесі де зақымданған жоқ.
      Жазылған соң, Мартин қайтадан мұхитқа жүзуге аттанды. Ол акулалардан қорықпайтын: "Акулалар адамға сирек шабуыл жасайды", – деді Мартин. "Мұхит – олардың үйі. Адамдар жай ғана қонақтар деп ойлаймын. Оған қоса, бәлкім, сол акуланы қорқытып та алған шығармын".
Мәтінді жасыру
      76. Шаштарына жағымсыз күні
      Энджи Уокер жігітімен жүздесуге жиналып жатты.Оның макияжы дайын болды. Киімі де мінсіз еді. Тек бір мәселе қалған. Шашы адам шошитындай еді.
      Ол шашын бір сағат бойы шаш щеткамен тарады. Бірақ олар еш жақсармады. Жүздесуді белгілеген адамы жарты сағаттан соң келетін еді. "Не істейтінімді білмеймін!" – деп айқайлады анасына. "Бұйралап көрсеңші", – деп ұсынды анасы. Энджи шашты түзететінді қосты да, оған шаштарын орады. Бір кезде ол жағымсыз иісті сезді. Оның шаштары күйіп жатыр екен! Шаш түзейтінді шешкенде, оның бір уыс шашы түсіп қалды. "Бұл белгі", – деп айқайлап жіберді Энджи. "Мен жүздесуді болдырмаймын!"
Мәтінді жасыру
      77. Оның жаңа қызы
      Джон Томпсон ақыры өзіне қызды тапты. Ол өте әдемі болды. Джон одан айырылмас үшін бәрін істеді. Оның қызы дүйсенбі күні таңғы сағат 6-да жүгіруге барғысы келді. Джон ұзағырақ ұйықтағысы келді. Ол сонда да онымен барды. Сейсенбі күні оның қызы дүкенге барғысы келді. Джон дүкен аралағанды жек көреді. Бірақ, Джон сонда да құрбысымен бірге барды. Сәрсенбі күні Джонның құрбысы серуендеуге барғысы келді. Саябаққа Джонның аллергиясы бар. Дегенмен ол құрбысының бақытты сезінуі үшін барды.
      Бейсенбі күні Джон өте шаршаңқы болды. Оған құрбысы телефон шалды. Джон тұтқаны көтермейін деп шешті. Маған өзімнің қызымнан гөрі, диваным қаттырақ ұнайды деп ойлаймын, - деді ол.
Мәтінді жасыру
      78. Түлектердің кездесуі
      Крис Миллер колледж кезіндегі өзінің өмірін жек көрген. Ол өте толық болатын. Барлық тобындағы студенттер оны мазақтайтын. Оған артық салмақтан арылу қиын болатын. Адамдар оны мазақтауды қоймайтын. Колледжді аяқтағаннан кейін оның гимнастика залына баруға уақыты табылды. Ол күнде жаттықты. Нәтижесінде Крис суға шомылу костюмінің моделі болды. Ол танымал бола бастады.
      Он бес жыл өткеннен кейін колледждің түлектерінің кездесуі болды. Басында оны ешкім тани алмады. Ол жақсы сымбатты әдемі жігіт болып көрінді. Ол да ешкімді тани алмады. Барлығы толық және ұсқынсыз болып кетіпті.
Мәтінді жасыру
      79. Ендігәрі үй жануарларын ұстамайтын боламын
      Джеки Дэвис өмірінде үй жануарларын ұстап көрмеген. Ол әрқашан бір үй жануарын асырағысы келді. Зоодүкенге барып, балық сатып алды. "Балықты асыраған онша қиын емес сияқты", – деп ойлады. Бір апта өткен соң, әлгі балығы өліп қалды. "Суы лас болған шығар!" – деді Джеки. Балыққа бір-ақ рет тамақ берген екен.
      Джеки қайтадан зоодүкенге барады. Балықтан үлкенірек бірдеңе аламын деп ойлады да, бір құс сатып алды. Құс болса, екі аптадан соң өліп қалды. "Осы құс ауру болса керек!" – деді Джеки. Тамақ салатын ыдыстың ішінде тамақтың болмағанын байқаған да жоқ.
      Джеки зоодүкенге үшінші рет барды. Енді ит сатып алып, иті бір аптадан соң қашып кетті. Ашыққаны сонша, тамақ сататын фургонның артынан қалмай жүгірді.
Мәтінді жасыру
      80. Ақ көйлек
      Дженни Картерге ақ көйлек керек болды. Ол бұл көйлекті төрт ай бұрын дүкеннің витринасынан көрген. Көйлек өте қымбат еді. Дженни оны сатып алу үшін ақшасын жинады. Ақыры оны алатындай жеткілікті ақша пайда болды. Банкте қолма-қол ақшаға айналдырып алды. Сосын ол әмбебап дүкеніне жүгірді. Ол көйлекті киіп көрді. Ол оған еш мінсіз қонды.
      Дженни көйлектің құнын төледі. Ол оны көшеге бірден киіп шығуды ұйғарды. Келбетінде қуаныш күлкісі бар ол жаяужолда тұрды. Жанынан үлкен шалшықты кешіп, автокөлік өте шықты. Барлық шалшық су Дженнидің көйлегіне шашырады. Дүкеннің есігінен басын шығарған әйел: «Біз ақшаны кейін қайтармаймыз», - деп айқайлады Дженниге.
Мәтінді жасыру


В подготовке текстов на казахском языке участвовали пользователи сайта sozdik.kz:
Aidana Bissekesh, Раушан Муталипова, Бахытжан Ертай, Айгерим Ержанова, Аяулым Орынгали, Еркежан Каймоллаева, Janerke Kurmanalinova, Акжайык Сабырбаева, Assel Kanybekova, Гульнар Абдраимова, Жадыра Қайратқызы, Feruza Moldashova, Акнур Жунусова, Мади Толегенов, Майра Фазыл, Маржанай Ташимова, Мира Сембайкызы и другие.
Корректор текстов на казахском языке: Атлас Кудайбергенова



© Татьяна Валяева,  2007–2024
 <<  Казахский по уровням. Ур.2, стр.3 Вернуться к началу Казахский по уровням. Ур.2, стр.5  >> 

Цвета текста на сайте             Telegram-канал «Казахский язык. Просто о сложном»             kaz-tili@yandex.kz             Гостевая книга