Казахский язык
Главная
Существительные
Послелоги
Прилагательные
Числительные
Местоимения
Наречия, Союзы
Личные окончания
Глаголы
Вспомогательные глаголы
Причастия
 Деепричастия
Конструкции
Предложения
  Проверь себя!
  Упражнения
   Грамматика детям
  Удивительный мир
Видеокурс
   Разговорник
Фразеологизмы
   Книга для чтения
С казахским не шутят?
Рассказы
Сказки
Песни
Полезное
Словарь
Ссылки
Автор
Суперлёг. чтение
  1. 1  
  2. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  1. 4  
  1. 5  

Каталог тем
Лёгкие истор.
  1. 1  
  1. 2  
  1. 3  
  1. 4  
  1. 5  
  1. 6  
  1. 7  
 Истории о детях
  1. 1  
  2. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  1. 5  
  2. 5  
  2. 6  
  2. 7  
 Занимательное чтение
  1. 1  
  2. 1  
  3. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  3. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  3. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  3. 4  
  1. 5  
  2. 5  
  3. 5  
 Казахский по уровням
  1. 1  
  2. 1  
  3. 1  
  4. 1  
  5. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  3. 2  
  4. 2  
  5. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  3. 3  
  4. 3  
  5. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  3. 4  
  4. 4  
  5. 4  
  1. 5  
  2. 5  
  3. 5  
  4. 5  
  5. 5  
  2. 6  
  3. 6  
 Лёгкое чтение
  1. 1  
  2. 1  
  3. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  3. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  3. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  1. 5  
  2. 5  
 Короткие истории
  1. 1  
  2. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  1. 5  
  2. 5  
 Қаз/Qaz 

Казахский по уровням

Уровень 2, страница 5
Грамматика казахского языка. Просто о сложном

Автор идеи, составитель и переводчик текстов
с английского языка на русский: Андрей Краснов

      81. Жануарларды босатыңдар!
      Генри Лопес ұлы Мариомен бірге хайуанаттар бағына келді. Марио жануарларды сүйетін. Генри ұлы Марио өзін хайуанаттар бағында бақытты сезінеді деп ойлады. Ол керісінше ашулы болды. "Саған не болды?" - деп сұрады Генри.
      "Барлық аңдар жабырқау көрінеді", - деді Марио. "Олар торға қамалып отырғысы келмейді, олар бостандықта жүргісі келеді". Генридің аузы ашылып, таңырқап қалды. Ол торда отырған жолбарысқа қарады. Марионікі жөн еді. Генри жануарлардың қаншалықты жабырқау екенін ешқашанда байқамаған болатын. Сол уақытта Генри ұлына қарайын деп, төмен қараса, Марио жоқ.
      Кенеттен Генри адамдардың айқай-шуын естіді. Сол мезетте өзіне сенімді Марио келіп, "Әке, сен уайымдама!" - деді ол. "Мен жабырқап тұрған арыстанға есікті ашып бердім".
Мәтінді жасыру
      82. Үлкен армандар
      Даниэль Уайт суретші болуды армандайтын. Аз ғана шешілмей тұрған мәселесі болды. Себебі ол ешқашан сурет салып көрмеген. Бірақ бұл ой қатты ұнайтын. Ол мұның іске асатынына сенімді болды. Даниэль өзінің алғашқы сабағына баруды ұйғарды. Сурет салу ол ойлағаннан қиынырақ боп шықты. Даниэль бояған барлық суреттер қорқынышты көрінді.
      Даниэль бір жыл бойы сурет салуға машықтанды. Ауқымды өзгеріс болмады. Даниэль өз арманынан бас тартуды ұйғарды. "Мен тағы да басқа затты байқап көрейін", – деді өзіне Даниэль. "Әрқашан менен ұлы жартасқа өрмелеуші шығады деп ойлайтынмын!"
Мәтінді жасыру
      83. Қатарластарының қысымшылығымен
      Келли достарымен жағажайға барды. Келли жүзе алмайтын еді. Оның барлық достары суда көңіл көтеріп жатты.
      Олар оған: «Бізге кел», - деп айқайлады. Қорқақ болма деген сөздерді естіді. Келли оны мазақтағанды жақтырмайтын еді. Ол суға түсуге бел байлады. Суға түскен мезетте оған көп толқындар келді. Келли қорқып кетті. Ол қатты толқынмен күресе алмады. Кейін ол судың бетіне шыққан кезде ол өзінің бірде-бір досын таба алмады. Оны толқын алысқа алып кетіпті.
      Оны бір серфингші байқап қалды. Ол оны жағаға алып шықты. Сол күннің бір жақсы нәрсесі, алып денелі серфингшінің кездескені.
Мәтінді жасыру
      84. Жасырын дарын
      Энни Холлдың бойы – 155 сантиметр. Оның салмағы 50 килограмға аз ғана жетпейді. Оның жасы жиырмада болса да, ол он екі жастағы қызға ұқсайды. Энниде ойға келмейтін бір дарын бар. Ол хот-догтар жеу жағынан ел чемпионы болып саналады. Бүкіл Құрама Штаттары бойынша мұндай жарыстар мерекелік шеру кезінде өтеді. Энни – жарыстарға қатысатын аздаған әйелдердің бірі. Соның ішінде, ол ең жас қатысушылардың бірі.
      Өзінің кішкентайлығына қарамастан, ол көптеген ірі, толық еркектерден асып кетеді. Ол 12 минут ішінде 37 хот-дог жей алады. "Ер адамдар мені бағалай алмайды", – дейді Энни. "Мен әркез барлығын таң қалдырғанды ұнатамын".
Мәтінді жасыру
      85. Сақал
      Джейсон Паркер жұмыс іздеп жүрген еді. Ол ондаған қызметке өтініш тапсырды. Алайда бірде-бірі оны жұмысқа қабылдаған жоқ. Бірде-бір жұмыстың неліктен жұмысқа қабылдағысы келмегендігін ол ұқпай қойды. Джейсон өзіне-өзі сенімді адам болатын. Өзі туралы пікірлер бойынша оған сенім білдіруге болатындығын көрсеткен еді. Ол өзінен мін таппады.
      Сонда ол достарынан өзінен кемістік табуын сұрады. "Ол сенің сақалың ғой" - деді олар бір ауыздан. Джейсон олардың сөзіне иланбады. Сақалы өзіне жарасып тұр, еркектік түр-сипат береді. "Ол саған жараспайды", - деді достары да қалыспай. "Үйсіз-күйсіз жүрген адам сияқтысың". Бұл сөзден кейін Джейсон сақалын алып тастады. Мүлдем қаламаса да, солай істеуге тура келді, бірақ содан кейін оны бірінші сұхбаттан-ақ жұмысқа қабылдады.
Мәтінді жасыру
      86. Джейсонға жасалған алғашқы ескерту
      Джейсон Эрнандес жылдамдық автомагистралімен жүріп келе жатқан еді. Ол үйіне тезірек жетуге асықты. Ол бейсбол біріншілігінің финалдық ойынын көруі керек еді. Кенет ол өз автомобилінің артынан жыпылықтаған қызыл шамды көрді , сосын дабыл естілді. Полиция қызметкері оған жолдың жиегіне тоқтауды бұйырды.
      Джейсон қорқып кетті. Ол ешқашан жол ережесін бұзғаны үшін айыппұл төлеу туралы хабарлама алмаған еді. Полиция қызметкері оның машинасының жанына келіп, оның жылдамдықты арттырғанын білетін-білмейтіндігін сұрады. Джейсонның тілі байланып қалды. Ол "Иә, сэр, кешірім сұраймын,-" деп жауап бергісі келіп еді. Дегенмен, Джейсон аузын аша бергені сол-ақ еді, жылап жіберді.
      Полиция қызметкері таң қалды. Ол отыз жастағы еркектің үш жасар баладай жылап тұрғанын әлі бірде бір рет көрмеген еді. Біраз күлген соң, полиция қызметкері жай ғана ескерту жасады да, Джейсонды жібере салды. Бұл оның сәтті күні еді.
Мәтінді жасыру
      87. Ағайындылардың арасындағы бәсекелестік
      Энди Тернердің ағасы болды. Энди өзінің ағасына жиі қызығатын. Энди не істесе де, ағасы одан да жақсы істейтіндей көрінетін. Барлығы ылғи да "Сен де ағаң секілді жақсы істейсің!" -деп айтатын. Эндиді бұл жалықтырып жіберді. Ол өзі үздік бола алатындай бірдеңелерді істеуді қарастыра бастады.
      Энди серфингті байқап көрді. Соңы ағасының оған сабақ беруімен аяқталды. Энди актерлікті сынап көрді, аяғында оның орнына рөлге ағасын қабылдады. Ақырында Энди берілді. Ол өз бөлмесіне барып, мұңды өлең айта бастады. Бірнеше уақыттан кейін бөлмесінің есігін анасы ашты да: "Теңдесі жоқ!" - деді. "Тіпті сенің ағаң сен секілді өлеңді тамаша айта алмайды" - деді.
Мәтінді жасыру
      88. Табиғат аясындағы демалыс
      Тағы да жаз келді. Демек, табиғат аясында демалатын уақыт басталды. Джон Ли жылдың осы мезгілін ұнатпайтын. Отбасының қалған мүшелері ұнататын. Джон жәндіктерді ұнатпайтын. Үйге келгеннен кейін үнемі маса шаққан жерлерді қаситын. Ол сондай-ақ ұйықтайтын қаптарды да ұнатпайтын. Ол қапта жылы жатпайтын. Түні бойы көз ілмей, жаурап шықты. Ол бәрінен де аюларды ұнатпайтын. Өзіне үнемі аюлар шабуыл жасайды деп қорқатын.
      Әкесі Джонға жылама деді. Ол жәндіктерге қарсы дәрі және жамылғы берді. Содан кейін Джонды орманға серуендеуге ертіп шықты. Олар сонда қонып, түнді аспанға қараумен өткізді. Жұлдыздар керемет болды. Джон табиғат аясындағы демалыс соншалықты жаман емес екен деп шешті.
Мәтінді жасыру
      89. Тіс дәрігерінің қабылдауында
      Адриан Гонсалес өте биік болды. Оның бұлшық еті мығым болды. Оның мықты, толық азамат екені белгілі болатын. Ол тіс дәрігерінен қатты қорқатын.
      Ол тіс дәрігеріне он жылға жуық бармады. Адриан тіс дәрігеріне өмір бойы бармауға бел буды. Зайыбы Адрианның мазасыздығынан әбден жалықты. "Болды, доғар!" - деді ол. "Ертең сен өз қорқынышыңмен бетпе - бет кездесесің".
      Адрианды тіс дәрігерінің алдына отырғызуға 20 минут жеткілікті болды. Мұнан соң Адрианның есінде ештеңе қалмапты. Ол сол қабылдауда ұйықтап қалыпты. Сонан соң ол емханаға жеткенше көз жасын төккенін сездірмеуге тырысты.
Мәтінді жасыру
      90. Сіз жеңiмпаз болдыңыз
      Лиз Адамс бұл күнді сүйікті радиосын тыңдаумен өткізген болатын. Оның сүйсініп тыңдайтын тобы жақын күндері жеке концерттерін бермекші еді. Радиостанция тегін билеттер тарату үстінде болған соң, Лиз бірнеше билеттер ұтып алуға сенімді болған. Таңғы алтыдан түн жарымға дейін тоқтамсыз радиостанцияны тыңдаумен болады. Бұл төрт күн бойына жалғасты.
      Ұтысқа жету үшін Лиз жиырмасыншы нөмірлі болып телефон шалуы керек еді. Байқаудың соңғы күнінде ақыры Лиз жеңімпаз болады. "Сіз ұтысқа ие болдыңыз!" деп, радио жүргізушісі Лизді қуантты. Лиз қуаныштан тоқтамастан секіре бастады. Сол мезетте қолындағы телефоны суға түсіп кетті. "Алло?" - деді жүргізуші. "Жарайды, онда" - деді ол. "Бәлкім, оған бұл билеттер мұнша керек емес шығар".
Мәтінді жасыру
      91. Ол арқан алуды ұмытып кетіпті
      Томас достарымен серуенге шықты. Олар жақсы дайындалдық деп ойлады. Олар шатырларын орады. Олар шыбын-шіркейді өлтіретін құрал алды. Сондай-ақ олар көп тамақ алды. Тек орманға келген кезде ғана Томас бір нəрсені байқады. Ол арқан алуды ұмытып кетіпті.
      Орманда аю көп еді. Аюлар тамақтың иісін алыстан сезеді. Арқан тамақты ағашқа іліп қою үшін қолданылады. Бұл аюларға тамақты жеп қоюға мүмкіндік бермейді. "Алаң болмаңдар", -деді Томас. "Не болса да бұл жерде аю болма қоймас". Балалар ұйықтады. Олар оянған кезде тамақ жоғалып кетті. Шатырларының айналасының бәрінде алып аяқ іздері жатты.
Мәтінді жасыру
      92. Қоштасу
      Митчелл колледжде оқу үшін басқа қалаға кетпекші. «Досыңды аласың ба?»- деп сұрады мамасы. Оның досы жұмсақ ойыншық аю едi. Ол оның жанында бала кезден едi. Досымен бiрге ол өзін қауіпсіз сезінетін.
      Митчелл досын алатын болса, оған басқалары күлетінін білетін. Колледжде ешкiмнің жұмсақ аюы жоқ. Досымен қоштасатын уақыт келді. Бұл Митчеллді қатты қапаландырды.
      Кетудің уақыты келгенде ол бұны жасай алмады. Митчелл бөлмесіне жүгіріп барып, досын алды. Ол оны өзінің қол сөмкесіне тығып салды. Сосын ол оны колледждегі жастығының астына тықты. Ешкім ешқашан Митчеллдің жұмсақ аюмен ұйықтайтынын білмеді.
Мәтінді жасыру
      93. Жүзу сабақтары
      Бұл жақын арада жергілікті бассейн ашылады дегенді білдіреді. Барлық балалар қуанып жүр, бірақ тек Эванс емес.
      Эванс жүзе алмайды. Ол жүзу сабақтарына жазылып қойған болатын. Ол терең судан өте қатты қорқады. "Эванс, саған босаңсу керек. Сенімен ешнәрсе болмайды", - деді үйретуші. Эванс күнде жаттығып жүрді.
      Ақыры бассейн ашылған кезде барлық балалар ішке қарай бет алды. Эванс асықпай бассейннің шетіне келіп тұрды. Басқа балалар оның қорқып тұрғанына күле бастады. Эванс ұялып қалды. Олардың үндерін өшіру үшін Эванс биік трамплиннен суға секірді. Оның жүзу сабақтары зая кетпеген екен.
Мәтінді жасыру
      94. Жаңа бағбан
      Тейлорға жаңа ермек жетіспейтін еді. Ол гүлдерге қарап ләззат алатын. Ол өз бетімен бір гүлдерді отырғызбақ болды. Бағбандық іс ол үшін жеңіл, әрі рахат іс болып көрінетін.
      Алдымен ол орхидея отырғызды. Бірақ олар бір аптадан соң қурап қалды. Тейлор абыржыды. Ол гүлдерін күнде суаратын. Ол үмітін үзбеді. Кейінірек бір алқызыл бұта отырғызды. Бір аптадан соң жұлдызқұрттар өсімдіктен дым қалдырмады. Тейлор жаңа талпыныс жасады. Ол бірнеше әдемі шырайгүлдерді отырғызды. Бір аптадан соң арамшөптер басып кетіп, шырайгүлдері өспей қалды.
      Ол жаман бағбан болды. "Апыр-ай" - деп ойлады Тейлор. "Бұл іс мен ойлағандай оңай емес екен" («Бұл іс ойлағанда оңай, істегенде қиын екен»). Ол өзінің ескі ермегі - бос уақытында теледидар көруге қайта оралуды жөн көрді.
Мәтінді жасыру
      95. Сергитін кез келді
      Льюистің әйелімен екеуінде екі баласы бар. Бірінші баласының есімі Эдди, ол үйленген және бір сәбиі бар. Ал екіншісі Мэри есімді қыз. Мэри енді ғана 20 жасқа келді. Екі апта бұрын ол ата-анасынан бөлек кеткен болатын.
      Олардың балалары ер жетіп, ақыры үй Льюис пен оның жарының толық құзырында қалды. Олар өздері қалса, рахаттанып өмір сүреміз деп ойлайтын. "Серігетін болдық қой, әйтеуір!" - деп қуанды Льюис. Алайда оның жары мұншалықты бақытты болмады, үйдің іші тып- тыныш болып, қаңырап қалды. Өзін жалғыз сезініп, балаларын сағынды.
      "Таптым! Біз үй жануарын асырап алайық", - деп ұсынды Льюис. Олар зоо дүкенге барып, үш шулы күшікпен оралды. Льюистің әйелі енді бұрынғысындай бақытқа бөленеді, алайда Льюиске бұл соншалықты қуаныш әкелмеді.
Мәтінді жасыру
      96. Нельсонның бейнеойындары
      Нельсон бейнеойындарды өте жақсы көреді. Ол таңертең ұйқыдан ояна салысымен ойнауды бастайды. Нельсон тіпті өзінің ойындарын өшірмейді де. Тек тамақ ішкенде және ұйықтаған кезде ғана ойнауды тоқтатады. Кейде тіпті түні бойы да ойнайды. Анасы оны тоқтатқысы келді. "Бар, достарыңмен ойнап кел!", - дейді оған анасы, - "Күні бойы бір жерде отырудың еш қажеті жоқ".
      Нельсонның достары дәл өзі секілді, барлығы да бейнеойындар ойнайды. Олар ешқашан бір-бірімен көріспейді. Бір-бірімен бар болғаны компьютердің көмегі арқылы сөйлеседі. "Мен өз достарыммен ойнап отырмын!" - деп жауап берді Нельсон. Нельсонның анасы ол жөнінде уайымдайды. Оның ойынша, ұлы жалғыз. Сондай-ақ, шектен тыс семіріп бара жатыр деп ойлайды. Ұлына қалай көмектесерін білмейді. Оның орнына ұлына жаңа ойындар сатып алуға барды.
Мәтінді жасыру
      97. Үлкен жеңілдіктер
      Скоттың дос қызы әдемі көйлектерді жақсы көретін. Оның сүйікті дүкені үлкен жеңілдіктер ұйымдастырды. Скотт оған тосын сый жасағысы келді. Ол оған көп жаңа көйлектер сатып алу үшін сатылымға барды.
      Сатылымда адам өте көп болды. Ол ішке кіру үшін ғана толық бір сағат күтті. Скотт аса шыдамды еді. Ол бар болғаны өзінің қызын айрықша бақытты еткісі келді. Дүкен ішінде қыздар естерінен танды. Олардың бәрі ұтымды сауда жасауға тырысып жатты. Кейбір қыздар тіпті, көйлек үшін төбелесіп қалды. Скотт қатты қорқып кетті. Бірдеңе алу үшін жылдам әрі жылпос болу керек еді. Ақыр аяғында дүкеннен шыққанда ол әбден қара тер болды. Ол: «Ендігәрі ешқашан бұлай істемеспін» деген ойға келді.
Мәтінді жасыру
      98. "Сізге брекет салу керек"
      Мартиннің тістері аса қисық болатын. Оның тіс дәрігері оларды түзетпек болды. "Сізге брекет салу керек,"-деді ол Мартинге. "Сіздің күлкіңіз керемет болады!" Мартинге бұл ой ұнамады. Ол брекет салуға қорықты. Ол ауыртады деп естіген. Олар сондай-ақ тым қымбат болды.
      Ол әкесімен ақылдасты. Әкесі Мартинге оны қой деді. Ол оның ақшасын да өзі төлеп берді. Мартин айнаға қарағанда аса разы болмады. "Мен қазір әдемі емеспін!" - деп айтты ол. "Адамды күлдірмеші", - деді әкесі. "Брекет қойғанға дейінгі түрің де осындай болған!"
Мәтінді жасыру
      99. Ғарыштан сәлем
      Вильсон қашанда астронавт болғысы келген. Оның балабақшадағы тәрбиеші апайы бұл мүмкін емес деді. "Бұл жақсы" - деді ол. "Бірақ сенің ешқашан астронавт болмайтының анық". Вильсон өте жаман апай деп ойлады. Қалай болмасын, ол өз арманынан бас тартпады.
      Жиырма жыл өткенде Вильсон апайының қателескенін дәлелдеді. Оған Айға ұшып баруды сеніп тапсырды. Төмендегі Жерге қарап тұрып, ол өзінің бұрынғы тәрбиешісін еске алды. Ол мені көрсе ғой қазір! Ол фотоаппаратты алды да скафандр киіп тұрған өзін суретке түсіріп алды. Артында миллиондаған жұлдыз тұрды. Жерге келген бойда ол поштаға жүгірді. Ол фотосуретті сол бір «жаман» тәрбиешіге салып жіберді.
Мәтінді жасыру
      100. Су перісін тапты
      Кларк өзінің алты жасар баласын жүзуге алды. Бұл Джеймстың бірінші жүзуі мұхит жағасында болды. Олар уақытты өте көңілді өткізді. Олар өте көп теңіз жануарларын тапты. Джеймс таңқалды. Алдымен Кларк бес дельфинді көрді. Сосын Джеймс үлкен китті көрді. Олар тіпті су арыстанын ұстап көрді.
      "Қара!"- деді Кларк. Ол алыста жүзіп бара жатқан бір нәрсені көрсетті. "Сен білесің бе? Бұл не?"- деп, ол өз баласынан сұрады. "Су перісі!"- деп айқайлады Джеймс. "Нағыз су перісі!" Кларк күлкіден өлді. Джеймс ыңғайсызданды. Ол бұның несі күлкілі екенін түсінбеді. Бұл су перісі емес, -деді Кларк. Бұл ламантин. Оларды тағы да "су сиыры" деп атайды.
Мәтінді жасыру


В подготовке текстов на казахском языке участвовали пользователи сайта sozdik.kz:
Aidana Bissekesh, Раушан Муталипова, Бахытжан Ертай, Айгерим Ержанова, Аяулым Орынгали, Еркежан Каймоллаева, Janerke Kurmanalinova, Акжайык Сабырбаева, Assel Kanybekova, Гульнар Абдраимова, Жадыра Қайратқызы, Feruza Moldashova, Акнур Жунусова, Мади Толегенов, Майра Фазыл, Маржанай Ташимова, Мира Сембайкызы и другие.
Корректор текстов на казахском языке: Атлас Кудайбергенова



© Татьяна Валяева,  2007–2024
 <<  Казахский по уровням. Ур.2, стр.4 Вернуться к началу Казахский по уровням. Ур.2, стр.6  >> 

Цвета текста на сайте             Telegram-канал «Казахский язык. Просто о сложном»             kaz-tili@yandex.kz             Гостевая книга