Казахский язык
Главная
Существительные
Послелоги
Прилагательные
Числительные
Местоимения
Наречия, Союзы
Личные окончания
Глаголы
Вспомогательные глаголы
Причастия
 Деепричастия
Конструкции
Предложения
  Проверь себя!
  Упражнения
   Грамматика детям
  Удивительный мир
Видеокурс
   Разговорник
Фразеологизмы
   Книга для чтения
С казахским не шутят?
Рассказы
Сказки
Песни
Полезное
Словарь
Ссылки
Автор
Суперлёг. чтение
  1. 1  
  2. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  1. 4  
  1. 5  

Каталог тем
Лёгкие истор.
  1. 1  
  1. 2  
  1. 3  
  1. 4  
  1. 5  
  1. 6  
  1. 7  
 Истории о детях
  1. 1  
  2. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  1. 5  
  2. 5  
  2. 6  
  2. 7  
 Занимательное чтение
  1. 1  
  2. 1  
  3. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  3. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  3. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  3. 4  
  1. 5  
  2. 5  
  3. 5  
 Казахский по уровням
  1. 1  
  2. 1  
  3. 1  
  4. 1  
  5. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  3. 2  
  4. 2  
  5. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  3. 3  
  4. 3  
  5. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  3. 4  
  4. 4  
  5. 4  
  1. 5  
  2. 5  
  3. 5  
  4. 5  
  5. 5  
  2. 6  
  3. 6  
 Лёгкое чтение
  1. 1  
  2. 1  
  3. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  3. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  3. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  1. 5  
  2. 5  
 Короткие истории
  1. 1  
  2. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  1. 5  
  2. 5  
 Қаз/Qaz 

Короткие истории (Short Stories)

Том 2, страница 1
Грамматика казахского языка. Просто о сложном

Автор идеи, составитель и переводчик текстов
с английского языка на русский: Андрей Краснов

      1. Журналға тегін жазылым
      Динара почтамен компьтерлік журналды алды. Динара оған тапсырыс бермеген еді. Іс жүзінде ол тіпті ешқашан бұл туралы естімеген. Жазылымның аяқталу мерзімі адрес жазылған зат белгіде көрсетілген еді. Жазылым 12 айға жасалған еді. Динара бүкіл журналды келесі бірнеше күн ішінде оқып шықты. Біршама уақыттан соң оның нағашысы оған қоңырау шалды. Ол сұрады: «Сен журналды алдың ба?» Динара айтты: «Иә, алдым. Демек, оған сен тапсырыс берген екенсің ғой. Маған ол өте ұнайды. Рахмет саған». Оның нағашысы айтты: «Оқасы жоқ, қызығын көр. Мен сенің колледжде компьтерлік курста оқитыныңды білемін. Сондықтан мен ол саған қызық болар деп ойладым. Бұл мен өзімің жақсы көретін жиеніме деп істей алған ең кішкентай затым». Динара оған тағы да ризашылығын білдірді. Жыл өтті. Оның жазылымының мерзімі бітті. Динара мүмкін нағашым жазылымды қайта жаңартатын шығар деп не болса да бір ай күткен жөн деп ойлады. Бірақ нағашысы оны істемеді. Динара өзі қайтадан жазылды. Жазылым бағасы бір жылға бар болғаны 12 доллар екен. Он екі доллар, деп ойлады Динара, оның «жақсы көретін жиені» үшін.
Мәтінді жасыру
      2. Мұғалім өзінің жарнамалық материалы туралы уайымдап жүр
      Эл пойызбен Хантелік колледжге бара жатқан - Нью-Йорктің Қалалық университетінің ең ауқымды колледждерінің бірі. Мұғалімдердің математикалық қоғамы өзінің жыл сайынғы конференциясын өткізді. Эл жаңа мүше болған еді. Ол басқа мұғалімдер үшін жарнамалық аңдатпа жасап шығарды. Онда оның жаңа математикалық сайты сипатталған. Оның сайтында жүздеген математикалық есеп жаттығулар мен ойындар бар еді. Өзінің оқушыларын қолдана отырып ол оны мұқият сынап көрді. Ол өзін жеңімпаз сезінді. Бірақ ол уайымдады. Мүмкін қоғамның төрағасы оның жарнамалық үндеухатын басқа мұғалімдерге таратуға рұқсат етпейтін шығар. Эл оған бұл туралы электронды поштамен алдын-ала ертерек айтпағаны үшін ренжуі мүмкін. Қоғамның төрағасы оның жарнамасы қоқыс деп ойлауы мүмкін. Қоғамның төрағасы тіпті оны келеке етуі мүмкін! Қоғамның төрағасы Элды конференциядан шығарып жіберуі мүмкін. Қоғамның төрағасы бұл туралы мектеп директорына айтып беруі мүмкін. Эл колледжге жеткен, қоғамның төрағасын іздеп тапты. Абыржыған күйі, Эл одан өзінің жарнамалық қағаздарын тарата ала ма екенін сұрады. Қоғамның төрағасы жарнамалық материалды асықпай қарап танысып, сосын айтты: «Маған ұнайды! Мен бұл туралы хабарландыруды айтатын боламын».
Мәтінді жасыру
      3. Асқазан жүректен маңызды
      Бекжан үйге кешкі 10-да келді. Оның әйелі әлі жұмыста болатын. «Мен түсте үйге келіп, тамақтанып алдым. Тоңазытқыштағы тамақ сенікі. Жылытып жеп ал. Асын дәмді болсын!» - деген жазбаны әйелі тоңазытқышта қалдырып кетіпті. Періштенің нақ өзі деп ойлады ол. әйелі әрдайым Бекжан туралы ойлайтын. Бекжан тоңазытқыштан тамақты алып, оны микротолқынды пешке қойды. Бекжан микротолқынды пешті қосқан сәтте, телефон шырылдады. Бекжан телефонмен біраз сөйлесіп, тұтқаны қойды. Ол компьютерден бірдеңе іздей бастады. Үйге оның әйелі келді. Бекжан қажетті файлдарды тауып, қоңырау шалған адамға почта арқылы жіберді. Бекжан асханаға келіп, микротолқынды пешті ашып қараса, іші бос екен. Ол қонақ бөлмеге келсе, әйелі теледидар қарап отырып, оның тамағын жеп бітуге таяп қалыпты. «Ал керек болса! Тамақ маған арналған деп ойласам», - деді Бекжан. «Менің қарным қатты ашты. Тамақты жылытып бергеніне рақмет», - деп жауап қайтарды оның әйелі.
Мәтінді жасыру
      4. Сен қолыңды жудың ба?
      Қайрат асүйге кірді. Таңғы асқа қолданылған ыдыс асүй үстеліндегі кептіргіште кеуіп тұр екен. Қайрат шкафты ашты. Ол тәрелкені алды. Қайрат тәрелкені кептіргіштен ала бергенде тәрелке басқа тәрелкеге тиіп кетті. Қайраттың әйелі қонақ бөлмеде еді. Ол бір-біріне тиген тәрелкелердің дыбысын естіді. Ол асүйге кірді. Ол сұрады: «Сен қолыңды мұқият жудың ба?». Қайрат мырс етті де былай деді: «Иә, қымбаттым. Мен әрдайым ыдыстарды жинаудан алдын қолдарымды мұқият жуамын. Маған жуынатын бөлмеде қолды қалай жуу керектігін көрсеткенің есіңде ме? Мен мұны қалай ғана ұмыта аламын? Сондықтан, уайымдама. Бұл тәрелкелер шкафқа бірде бір микробсыз барады. Мен оларды жатқызғанымда, сен менің емделушімді апаруыңа болады». Әйелі сұрады: «Емделуші? Қайдағы емделушіні?». Қайрат айтты: «Менің қолдарым хирургтікіндей залалсыздандырылған. Әйтпесе өзім де емделушіні қабылдар едім».
Мәтінді жасыру
      5. Нью-Йорк – сондай еліктіретін қала
      Нью-Йоркке Арманның хал-жағдайын білуге қарындасы келді. Арман бірер уақытқа жұмыстан сұранды. Қарындасының «Үлкен алмаға» бірінші рет келуі еді. Қарындасы қайтарында былай деді: «Осы жерде тұратын сендер қандай бақыттысыңдар. Колледжді аяқтағаннан кейін мен осында көшіп келемін. Мұнда қыдыратын орындар мен жасайтын нәрселер көп екен». Арман айтты: «Иә, бірақ мұндағы көп нәрселерден рақат табу үшін ақша керек. Мен аптасына 60 сағатқа жуық жұмыс істеймін. Ай сайын төлем төлеймін. Менде аз ақша қалады. Барлығы да бұл қаланы таңғажайып деп есептейді. Мұнда телевизиялық сауықтар мен фильмдер түсіріледі. Мұнда атақты және іскер адамдар өмір сүреді. Егер де сен қарапайым адам болсаң, онда таңғаларлық ештеңесі жоқ. Сен жұмысқа барасың. Сен үйге қайтасың. Сен ішіп-жеп, азғана уақыт теледидар тамашалап, ұйқыға кетесің. Ұйқыдан басқаны білмейсің. Енді осыны ешқашан ұйықтамайтын қала деп атайды. Бірақ мен үшін істегім келетін тірлік, ол – ұйқы».
Мәтінді жасыру
      6. Қандалалар, жоғалыңдар!
      Нұрлан керуетін жинап жатқан. Ол жамылғыны қағып жіберді. Нұрлан оны матрасқа жайып қойды. Нұрлан жамылғы бетінен қоңыр дақты байқады. Ол нүктешік қозғалып жатты! Нұрлан оған дұрыстап қарады. Бұл қандала екен. Нұрланның білегіндегі екі қызыл дақтың қайдан шыққанын осылайша түсіндірілген еді. Ол қандаланы унитазға шайып жіберді. Ол жамылғы мен жайманы керуеттен алып тастады. Ол матрас пен керуеттің қаңқасын қарап шықты. Ол дәретханаға қайтып барды. Бұл қандала ол жамылғыны қағып жатқанда әйтеуір бірдеме қып ұстанып түспей қалыпты. Бәлкім ол унитаздың суын ағызып жібергеннен кейін де тірі қалған болар. Ол тірі қалмады. Нұрлан сонда да унитаздың суын тағы да ағызып жіберді. Сол күннен бастап Нұрлан ұйықтардың алдында және керуетті жинардың алдында жақсылап тұрып жастықты, жайманы және жамылғыны тексеретін болды. Оны ендігі ешкім тістемейтін, бірақ оның алаңдаушылығы кетпей қойды. Сен тек бір түйір жержаңғақ жедің деген болмайды. Және сенде тек жалғыз бір ғана қандала жайланып алды деген де болмайды.
Мәтінді жасыру
      7. Жалаң аяқ қайыршы
      Уоррен салқын метро аялдамасынан шығып келе жатты. Баспалдақ алаңында алба-жұлба киінген адам отырды. Уоррен жақындап келе бергенде ол өзінің «Нью-Йорк Янкиз» деген жазуы бар кір бас киімін соза бастады. Ол «Өтінемін, сэр! Өтінемін, сэр!» - деді. Оның дауысы аянышты болды. Уоррен оны есі ауысқан деп ойлап қалды. Уоррен оған қолы тиіп кетпейтіндей абайлап, бас киімінің ішіне ұсақ тиындар тастады. Қайыршы кісі оған рақмет айтты. Уоррен көшеге шықты. Ол қайыршыға тағы ақша беруді шешті. Уоррен қайтадан метроға түсті. Қайыршы тағы да бас киімін созып, «Өтінемін, сэр!» - деді. Уоррен айтты: «Міне тағы кішкене». Қайыршы айтты: «Сіз жентілменсіз әрі ғалымсыз». Мүмкін ол есі ауысқан емес шығар деп ойлап қалды Уоррен. Сосын ол: «Сіз «Янкиз» командасының жанкүйерісіз бе?» - деп сұрады. Қайыршы айтты: «Өмір бойы. Мен «Янкизді» жақсы көремін, және әрине «Ред Соксты» жек көремін. Бірақ мен олардың жанкүйерлерінен ақша ала беремін». Уоррен күлімдеп жіберді.
Мәтінді жасыру
      8. Өзіңнің шәйіңді іш
      «IchiUmi» мейрамханасындағы официант олардың бірдеңе ішкілері келмейді ме екендерін сұрады. Талғаттың әйелі мен әйелінің құрбысы шәй қалады. Талғаттың әйелі сұрады: «Сен де шай қалайсың ба?» Ол айтты: «Жоқ, су да жеткілікті». Официант кеткеннен кейін олар барлығы орындарынан тұрды. Олар таза тәрелкелерді алып буфетке швед үстеліне кезекке тұрды. Олар өздерінің үстелдеріне шаян толтырылған тәрелкелерімен және басқа тамақтарымен қайтып оралды. Әйелдер тамақтанып әңгімелесіп жатты, ал Талғатқа аздап салқын болып кетті. Ол өзінің әйелінің ыстық шай құйылған кесесіне қарады. Әйелі оны әлі ішпеген еді. Талғат одан шайын алсам бола ма деп сұрады. Әйелі айтты: «Ал. Ол маған бәрібір ұнамайды». Сол кеште әйелі оған ұрысты. Әйелі айтты: «Өтінемін келесі жолы өзіңнің шайыңа тапсырыс берші». Талғат айтты: «Бірақ сен деген оны ішпедің ғой». Әйелі айтты: «Бәрібір емес пе? Сенің кесіріңнен бұл бізде артық бір кесе шайға ақшамыз жоқ секілді көрінді. Мен сондай қатты ұялып кеттім».
Мәтінді жасыру
      9. Жедел тамақтандыру кәсіпорнының жұмысшысы
      Мұрат қатты шаршап тұрды. Ол ескірген диванға жатты. Оның әпкесі айтты: «Сен әбден шаршағанға ұқсайсың. Сен жаңа ғана марафонды жүгіріп келдің бе?» Мұрат айтты: «Солай болса ғой. Мен марафонды төрт сағаттан аз уақытта жүгіре аламын. Мен жаңа ғана өзімнің ауысымды бітірдім. Ол сегіз жарым сағатқа созылды. Түскі ас та, үзіліс те жоқ». Оның әпкесі айтты: «Бұл өте қатал! Бұл адамгершілікті емес! Бұл заңды емес! Олар сені сегіз сағаттан артық бірде бір үзіліссіз жұмыс істете алмайды! Сен дәл қазір заңгерге хабарласуың керек». Мұрат айтты: «Мен заңгерге хабарласу үшін қатты шаршап тұрмын. Сонымен қатар бұны кім жасай алады? Өте көп жұмыс болды. Менің әріптесім ауруына байланысты жұмыста болмады. Күні бойы сэндвичтер даярлаған жалғыз мен болдым. Менің бастығым маған алғыс айтты. Ол ауысымнан кейін қалағанымның бәрін жеуіме болатынымды айтты. Мен солай істедім. Менің ойымша, мен сататынымыздың бәрін жедім». Оның әпкесі айтты: «Демек, сен жұмыстан шаршаған жоқсын. Сен тамақтан шаршадың!»
Мәтінді жасыру
      10. Денені әшекейлеу
      Манхэттенде өнеркәсіп орындарының бірінде басшысы қызметкеріне жалақыларының үстіне 15 пайыз үстеме қосуды ұсынды. Тек оларға қойылған талап, өздеріне фирманың логотипімен – «DD» тату жасату. Өнеркәсіп орнының аталымы «Double Down» («Екі есе мамық»). Ол жастықтар жасайды. Қожайыны бәсекелесінің жастықтарына қарағанда оның жастықтарында мамықтың екі есе артық екендігін мәлімдейді. Неліктен ол мұндай ұсыныс жасады? Ол айтты: «Бұл біздің тауар таңбасын нарықта алға жылжуындағы ерекше тәсіл». Қызметкерлер біздің жастықтарға жылжымалы жарнама түрі болады. «Көптеген қызметкерлер бұл ұсынысты құптады. Қазір олардың қолында немесе мойынында «DD» деген тату бар. Бірақ та, басқалары бұл ойдан бас тартты. Бір әйел айтты: «Егер бұл компания оңтүстікке көшіп кетсе не болады? Мен жұмыстан босатылсам? Мен өмір бойы өзімнің денемде «DD» деген татумен жүремін бе? Ешқашан! Менің құрбым Сюзанна мұны жасатып қойды. Бірақ, егер оны жұмыстан шығарып жіберсе, ол қашанда бұл тату оны көкірекшесінің өлшемін білдіреді деп айта алады».
Мәтінді жасыру
      11. Денені әшекейлеу
      Манхэттенде өнеркәсіп орындарының бірінде басшысы қызметкеріне жалақыларының үстіне 15 пайыз үстеме қосуды ұсынды. Тек оларға қойылған талап, өздеріне фирманың логотипімен – «DD» тату жасату. Өнеркәсіп орнының аталымы «Double Down» («Екі есе мамық»). Ол жастықтар жасайды. Қожайыны бәсекелесінің жастықтарына қарағанда оның жастықтарында мамықтың екі есе артық екендігін мәлімдейді. Неліктен ол мұндай ұсыныс жасады? Ол айтты: «Бұл біздің тауар таңбасын нарықта алға жылжуындағы ерекше тәсіл». Қызметкерлер біздің жастықтарға жылжымалы жарнама түрі болады. «Көптеген қызметкерлер бұл ұсынысты құптады. Қазір олардың қолында немесе мойынында «DD» деген тату бар. Бірақ та, басқалары бұл ойдан бас тартты. Бір әйел айтты: «Егер бұл компания оңтүстікке көшіп кетсе не болады? Мен жұмыстан босатылсам? Мен өмір бойы өзімнің денемде «DD» деген татумен жүремін бе? Ешқашан! Менің құрбым Сюзанна мұны жасатып қойды. Бірақ, егер оны жұмыстан шығарып жіберсе, ол қашанда бұл тату оны көкірекшесінің өлшемін білдіреді деп айта алады».
Мәтінді жасыру
      12. Бруклинде өскен ағаш
      Данияр Бруклиндегі Ньюкирк даңғылымен жағалай келе жатты. Жол қиылысына келгенде жақындап қалған көлік бар ма деп оң жаққа қарады. Оның назары үлкен кесек кенепке ауды. Ол 10 метрлік биіктіктегі ағашта тұрып қалыпты. Данияр оны дауыл кезінде ұшырып әкелген болар деп ойлады. Араға ай салып, жолай өтіп бара жатқанда кесек кенептің әлі де сонда тұрғанын байқап қалды. Жақын маңда ақылы тұрақтың бақылаушысы тұрды. Данияр бақылаушыға ағаштағы кесек кенепті нұсқады. Бақылаушы сұрады: «Ол онда қалай пайда болды?». Данияр айтты: «Білмеймін, дегенмен бұл өте ұнамсыз көрінеді. Мүмкін оны алып тастау үшін қандай да бір қалалық кеңсеге қоңырау соғып көрерсіз». Бақылаушы айтты: «Сөйтейін». Даниярдың көңілі жайланды. Оның ұсынысы ағаш пен қала көшелерін шырайлы етуге көмектеседі. Бір айдан соң Данияр ағаштағы кенепті алып тастап па екен деп көз салды. Оның таңданысы ашумен алмасты. Иә, олар кенепті алып тастапты. Бірақ онымен қоса ағашты да алып тастаған. Ізінде жаңа кесілген ағаштың түбірі ғана қалған екен.
Мәтінді жасыру
      13. 9/11 тағы да орын алмайды
      Екі зейнеткер құрылысы аяқталып қалған Бостандық мұнарасы жайлы сөйлесіп отырған. Бад: «Иә, бұл 12 жыл уақыт алды, бірақ енді не болса да ақыры бізде қайтадан орталықта тұратын биік ғимарат болатын болды. 1776 футтық биікте бола отырып ол біздің биік еліміздің кең жайылған терең тамырлары туралы еске салып тұрады». Мо: «Иә, Бүкіл әлемдік сауда орталығы бизнес пен туристтер үшін ашылғанда бұл айтулы күн болады. Егер олар біздің аяғымыздан шалса біздің әп-сәтте қайта аяққа тұратынымызды Террористтер ұғынуы тиіс. АҚШ әрдайым биікте тұратын болады. Бірақ мен сонда да алаңдаймын. Оларды тағы да жаңадан солай етуден не тоқтатады? Бірақ білесіз бе, бұл дегеніңіз еліктіргіш нысана ғой». Бад: «Иә, біз бұл жолы оларға тойтарыс бере аламыз дегенді естігем. Әскерилер 60-шы қабатты жалдайтын болады. Төмен ұшып жүрген ұшақтарға күн бойы тәуліктік бақылау жүргізілетін болады. Зымырандық қондырғылар мен оқ жаудырғыштар үнемі дайын тұрады. Егер террористтер тағы да жолаушылардың реактивті ұшақтарын пайдаланғысы келсе, аспан жап-жарық болмақ, тап бір 4 шілдедегідей».
Мәтінді жасыру
      14. Періште тынысы
      Әлемдік мәселе нөмір бір, деп ойлады Ануар, бұл әлемдік мәселе нөмір екі. Миллиондаған адамдарда шайылатын дәретханалары жоқ. Жалғыз ғана дәретхана сол Жер ана болып отыр. Ануар ғаламшарды барлық осы нәжістерден қорғауда көмектескісі келді. Ол өзінің зертханасында айлап отырды. Сосын ол еріктілерге жүздеген сынақтар өткізді. Ақыр соңында ол бұның шешімін ойлап тапты. Бұл пилюля болатын. Пилюля нәжісті газға айналдыратын еді. Ануар бұл туралы өзінің қызына айтып берді. Оның қызы толқып кетті. Табиғат кенеттен шақырып қалғанда, ол қоғамдық дәретхананы пайдалануды жек көретін. Қызы айтты: «Бұл шындық болуы үшін тым жақсы естіледі. Кері әсері жоқ па?» Ануар айтты: «Енді, бар біреуі. Пилюля сонша көп газ шығарады, сөйтіп оларды сыртқа үстіге қарай айдайды, ал сосын ауыз қуысынан шығарады». Оның қызы күліп жіберіп айтты: «Фу-у! Әңгіме ауыздан шығатын жаман иіс жайлы болып тұр! Ешкімде бұндай пилюляны жұтқысы келмейді». Ол айтты: «Жұтқысы келетіндеріне сенімдімін. Адамдар неге болса да үйренісіп кетеді».
Мәтінді жасыру
      15. Ол өзінің қарызын берді
      Жас кезінде Кэл бұзақы және ұры болған. Бірде ол бір ер адамның әмиянын ұрлап кеткен. Ер адам оны ұстап алды. Кэл сол ер адамды мықтап соққыға жықты. Кэл қашып кетті, бірақ полиция оны ұстап алды. Сот оны екі жылға түрмеге жабуға үкім шығарды. Оны бар болғаны алты аптадан кейін босатып жіберді. Он жылдан кейін Кэл дәулетті және танымал болды. Одан жапа шеккен адам оған қоңырау шалды. Зардап шегуші: «Он жыл бұрын сен менің әмиянымды ұрлап кеткенсің. Сосын сен мені жұдырығыңмен бетіме ұрдың. Менің сол жақ көзім көрмей қалды. Сен ол кезде кедей едің. Қазір сен байсың. Мен сен маған көп ақша қарызсың деп санаймын». Кэл: «Мен саған көк тиын да қарыз емеспін. Сен мені ұстамай-ақ қоюың керек еді. Сен батырлығыңды көрсетіп қалғың келді. Сенің арқаңда мен алты аптаны тордың артында өткіздім. Мен ешқашан сол камерада өткізген уақытымды ұмытпаймын. Мен өз қарызымды қоғамға өтедім, ал сол қоғамның ішіне сенде кіресің».
Мәтінді жасыру
      16. Сіз мені қайдан білесіз?
      Генри метрода пойызбен Q жолағында келе жатқан еді. Юнион-скверде пойызға екі әйел отырды. Олар дәл оған қарама қарсы жайғасты. Бұл екеуіде тартымды әйелдер болатын. Олар бір-біріне өте ұқсайтын еді. Генри қайтадан өзінің журналын оқуға үңіліп соған батып кетті. Пойыз Геральд-скверге келіп тоқтады. Олар өздерінің орындарынан тұрды. Генри де өзінің орнынан тұрды. Ол үлкенірек көрінген әйелден сұрады: «Анасы мен қызы ма? Әлде апалы-сіңлілермісіздер?» Әйел күлімсіреді де айтты: «Қош көрдік, Генри, жағдайың қалай? Бұл менің қызым Лиз». Генри Лизге күлімдеді де амандасты. Екі әйел де пойыздан түсті. Генри түсіп қалды. Ол болған жәйтті түсінбей қалды. Әйел өзін оны жақсы білетін адам секілді ұстады. Ол платформада өзінің қызымен сөйлесіп тұрған еді. Генри осылай деп сұрағысы келген: «Мені кешіріңіз өтінемін, бірақ сіз менің атымды қайдан білесіз? Біз сізбен бұған дейін қай жерде жолықтық?» Бірақ ол оның қасынан өтіп кете барды. Ол баспалдақпен көтеріліп көшеге шықты. Мүмкін ол оны тағы да кездестіріп қалып жатса сол кезде-ақ жөндеп сұрар.
Мәтінді жасыру
      17. Бұл коктейль менікі ме әлде сенікі ме?
      Жан және оның әріптесі Шейланың жұмысымен Бруклинедегі «Shake Shake» барында болды. Олар екеуі чизбургтерге, қуырылған картопқа және коктейльге сұраныс берді. Ол кофе коктейліне, ал әріптесі шоколадты коктейльге сұраныс берді. Оларға арналған қоңырау соғылды. Жан үлестіру сөресіне қарай кетті. Ол сұраныстарды өз үстелдеріне әкелді. Коктейльдер құйылған стақандар бірдей еді. Олардың ешқайсысында шоколадты немесе кофе коктейлі деп жазылмаған. Жан өзінікі қайсысы екенін білмеді. Ол екі стақанның қақпағын ашты. Ол коктейльдерге қарады. Бірі - ашық қоңыр екен. Басқасының түсі де қоңыр, бірақ тым ашықтау екен. Жан: «Қайсысы кофе коктейлі екен?» - деп сұрады. Шейла білмеді. Жан екі коктейльді алып, сөреге қайта келді. Ол қызметшіден: «Сіз маған көмектесе аласыз ба? Бұлардың қайсысы кофелік, қайсысы шоколадты екенін?» - деп сұрады. Қызметші коктейльдерге анықтап қарады. «Мынау кофелік» - деді. Жан: «Оны қалай айырдыңыз?» - деп сұрады. Қызметші: «Себебі ол басқасына қарағанда, кофеге ұқсас», - деді.
Мәтінді жасыру
      18. Енді ешқандай да үй жануары қажет емес
      Джэк: «Бәлкім, күндердің күнінде бізде ауласы кең үлкен үй болатын шығар. Содан соң, мүмкін, қандай да бір үй жануарларын асырап алатын шығармыз». Джил: «Маған ешқандай үй жануары қажет емес». Джэк: «Неліктен?» Джил: «Мен төртке келген кезде менің әдемі аппақ марғауым болды. Бір күні түнде төсегіме шығып алыпты. Мен ұйықтап қалған едім. Мен оны басып тастадым. Келесі күні таңертең ол төсегімде өліп жатқанда тауып алдым. Содан кейін менде неміс овчаркасы болды. Оны Лэсси деп атадық. Мен оны қатты жақсы көрдім. Бірақ әкем ол тым қатты үреді деді. Лэссиді машинаға отырғызды. Әкем біздің үйімізден 80 шақырымда жатқан ағасының фермасына апарып тастады. Үш айдан кейін Лэсси үйімізге қайтып келді. Ол сондай арық әрі әлсіз болған еді. Оны қайтадан көріп, қатты қуандым. Бірақ әкем жайлы олай айта алмаймын. Әкем Лэссиді машинасына отырғызды. Одан кейін Лэссиді ешқашан да көрген жоқпын».
Мәтінді жасыру
      19. Ұл баланың туған күніне (сыйлануға тиіс) велосипед
      Оның ұлы ренжіп қалды. Ол туған күніне велосипед алмады. Анасы: «Велосипедті келесі жылы сыйлаймыз. Уәде етеміз. Сен үлкенірек, күштірек және ақылдырақ боласың. Мұның бәрі велосипед тебуге бұдан гөрі дайын болуыңа көмектеседі. Сонан соң, сенің қауіпсіздігің артады. Сенің ауруханаға түскеніңді қаламаймыз. Ауруханаға әжеңді көруге барғанымыз есіңде ме? Ол сияқты ауруханада болғың келмейді ғой, иә?» Ұлы: «Ешқашан да жатпаймын. Әжем ауруханаға кетті де, қайтыс болды. Аурухана оны өлтірді». Анасы: «Жоқ, аурухана оны құтқаруға тырысты. Қатерлі ісік қой әжеңді алып кеткен. Ұлы: «Әжем велосипедпен жүргендіктен қатерлі ісікке шалдығып қалды ма?» Анасы: «Жоқ, әрине». Ұлы: «Демек, қазір маған велосипедпен жүруге рұқсат берсеңіздер, мен қатерлі ісікке шалдықпаймын және ауруханаға түспеймін».
Мәтінді жасыру
      20. Сондай жақсы адамдар...жақсы
      Гармония планетасында екі жер тұрғыны әңгімелесіп тұрған еді. Натан тап осы жаңа жерден келді. Саймон: «Мен мұнда болғаныма ендігі бір жыл болды. Көп жылдар бойы мен осы жер жайлы естіп келгенмін. Бұл әрқашанда шын болу үшін тым жақсы сипатталатын еді. Бірақ барлығы шындық болып шықты. Мұндағы адамдар сондай жақсы! Олар ешқашанда біреуге жамандық тілемейді. Олар ешқашан мейрімсіз да әдепсізде болмайды. Олар әрқашан бауырмал әрі көмекке дайын». Натан: «Дәл сондықтан да мен осы жаққа қоныстануды жөн деп шештім. Тыңдашы, бәлкім осы демалыстарда бірге бір нәрсемен айналысармыз?» Саймон: «Өкінішке орай олай ете алмаймын. Көрмейсің бе, мен ертең жерге қайтпақпын». Натан: «Уақытша болып қайтуға, ма әлде қалай?» Саймон: «Негізінде, біржола кетпекпін. Шындығын айтса мен жерді сағындым. Иә мен білемін, бұл ақылсыз естіледі, бірақ мен жердегі ақымақтар мен жындыларды сағынып кеттім. Гармония планетасында тек сол бейқамдық. Маған біреу-міреуге айқайлап тұру керек. Маған біреудің өзіме айқайлап ұрысқаны керек. Маған аздаған «ащысынан» болса».
Мәтінді жасыру


В подготовке текстов на казахском языке участвовали пользователи сайта sozdik.kz:
Nurdaulet Aspenov, Гаухар Назымбекова, Сауле Ибраева, Максат Маликов, Акжайык Сабырбаева, Аяулым Орынгали, Гульнар Абдраимова, Алтынгуль Кептербаева




© Татьяна Валяева,  2007–2024
 <<  Короткие истории. Том 1, стр.5 Вернуться к началу Короткие истории. Том 2, стр.2  >> 

Цвета текста на сайте             Telegram-канал «Казахский язык. Просто о сложном»             kaz-tili@yandex.kz             Гостевая книга