Казахский язык
Главная
Существительные
Послелоги
Прилагательные
Числительные
Местоимения
Наречия, Союзы
Личные окончания
Глаголы
Вспомогательные глаголы
Причастия
 Деепричастия
Конструкции
Предложения
  Проверь себя!
  Упражнения
   Грамматика детям
  Удивительный мир
Видеокурс
   Разговорник
Фразеологизмы
   Книга для чтения
С казахским не шутят?
Рассказы
Сказки
Песни
Полезное
Словарь
Ссылки
Автор
Суперлёг. чтение
  1. 1  
  2. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  1. 4  
  1. 5  

Каталог тем
Лёгкие истор.
  1. 1  
  1. 2  
  1. 3  
  1. 4  
  1. 5  
  1. 6  
  1. 7  
 Истории о детях
  1. 1  
  2. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  1. 5  
  2. 5  
  2. 6  
  2. 7  
 Занимательное чтение
  1. 1  
  2. 1  
  3. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  3. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  3. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  3. 4  
  1. 5  
  2. 5  
  3. 5  
 Казахский по уровням
  1. 1  
  2. 1  
  3. 1  
  4. 1  
  5. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  3. 2  
  4. 2  
  5. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  3. 3  
  4. 3  
  5. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  3. 4  
  4. 4  
  5. 4  
  1. 5  
  2. 5  
  3. 5  
  4. 5  
  5. 5  
  2. 6  
  3. 6  
 Лёгкое чтение
  1. 1  
  2. 1  
  3. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  3. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  3. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  1. 5  
  2. 5  
 Короткие истории
  1. 1  
  2. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  1. 5  
  2. 5  
 Қаз/Qaz 

Короткие истории (Short Stories)

Том 1, страница 5
Грамматика казахского языка. Просто о сложном

Автор идеи, составитель и переводчик текстов
с английского языка на русский: Андрей Краснов

      81. Күні бойы апельсиндер, күн сайын
      Әйел олардың пәтеріне кірді. Ол мұрнын тыжырайтты. Ол сұрады: «Бұл не иіс?». Күйеуі: «Бұны далада таратқан. Жаңа ауа тазартқышты жарнамалаған» - деді. Әйелі: «Ауа тазартқыш? Бұл жер таза ауаға ұқсамайды. Үлкен апельсиннің иісі шығып тұр» - деді. Күйеуі: «Енді шамамен осындай иіс шығуы керек - балғын апельсин иісімен. Иіс 30 күн аралығында ұсталып тұруы керек. Тіпті батареяларды қажет етпейді. Тек құрылғыны қабырғаға бекіту керек, сонымен шаруа бітті - балғын апельсиндер! Тамаша емес пе, иә?» Әйелі қабырғадан құрылғыны жұлып алды. Ол оны полиэтиленді пакетке орады. Ол пакетті тағыда бір пакетке орады. Ол айтты: «Бұл пәтерде бізде 4 ауа тазартқыш бар - олар терезелер деп аталады». Ол терезеге барды да оны ашты. Ол айтты: «Егер менің балғын апельсиннің иісін иіскегім келіп жатса, мен апельсинді тураймын да, оны жеймін».
Мәтінді жасыру
      82. Болашағы жоқ пилюля
      Ұзаққа созылған күш салудан соң Лана сиқырлы пилюля ойлап тапты. Ол оған өзінің ажалын көрсете алатын еді. Ол пилюляны жұтып қойды. Ол ойша көз алдына күделікті газеттегі күнді көрді. Ол Бродвеймен келе жатқан өзін көрді. Ол 41-ші көшеге жеткенде ол өзінің сағатына қарады. Кенет ол өзіне қарай зулап келе жатқан таксиді көрді. Ол түнекті көрді. Ол зираттағы өзінің табытының басына жиналып тұрған жанұясы және жақындары мен достарын көрді. Лана күлімсіреді. Мен ажалымды алдай аламын, деп ойлады ол. Оның пилюлясы милиондаған адамдарды құтқарады. Ол дәрі-дәрмек өндірушілермен келіссөздер жүргізуді бастады. Оның ойында көрген күні туғанда Лана күні бойы үйінде отырды. Кешкісін ол ажалды алдай алғаны үшін шараптан алып қойып осыны жуып атап өтті. Ол жаңалықтарды қарау үшін теледидарды қосты. Ол көргеніне сене алмады. Лана өзінің көрген өліміндегі зымырап келе жатқан такси дәл сол қиылыста дәл сол уақытта әйелді басып кетіпті.
Мәтінді жасыру
      83. Менімен бұлай сөйлеспе
      Сабақ кезінде Роза оған қосымша берген тестті орындап отырған. Бұл ересектерге арналған кешкі сабақтар еді. Үзіліс басталғанда ол өзінің тестін орындап отыруды жалғастыра берді. Элвин өзінің айподын үзіліс бастала салысымен қосты. Айпод бар қуатына дыбыс шығарып жатқанда, оның құлаққаптары партаның бетінде жатты. Роза айтты: «Өтінемін, сөндірші мынаны. Мен тестті орындап үлгеруге тырысып жатырмын». Элвин айтты: «Қазір үзіліс. Рақаттанып, музыка тыңдайтын уақыт. Сенің де үзіліс жасап тестіңді қоя тұрғаның жөн». Роза айтты: «Рақмет, мен тестті орындап бітіргім келеді». Элвин айтты: «Рақмет, ал мен өз музыкамды тыңдағым келеді». Роза айтты: «Өз музыкамды? Бұл музыкадан гөрі көбірек түсініксіз шуға ұқсайды». Элвин айтты: «Ал міне осының үшін мен сені тесттен құлайды деп үміттенемін». Роза айтты: «Сен неткен нақұрыс едің!» Элвин айтты: «Абайлап сөйле! Маған бұлай сөйлеме. Мен саған күйеуім емеспін». Роза айтты: «Егер сен күйеу болсаң да біздің некеміз бір үзілістен ұзаққа созылмас еді!»
Мәтінді жасыру
      84. Ең кішкентай кеңселік тоңазытқыш
      Олар кеңсеге арналған кішкентай тоңазытқыш туралы ақылдасып отырды. Әсел: «Кішкентай тоңазытқыш алайық, ол қожайынға ұнайды, себебі электр қуатын айына бір долларға үнемдейді» - деді. Марат: «Негізгі себеп, ол адамдардың жұмысқа үйден түскі тамақтарын алып келгенін ұнатпайды. Тоңазытқыш кішкентай болса, солғұрлым үйден әкелетін тағамдарға орын аз кетеді . Ол біздердің мейрамханадан тамақтанғанымызды қалайды. Егер біз мейрамханадан тамақтанатын болсақ, соғұрлым жұмысты ыждағатпен орындауымыз қажет, себебі түскі асқа төлем төлей алуымыз керек. Егер жұмысты ыждағатпен орындасақ, біз көбірек жұмысқа бітім жасасуымызға болады. Егер көбірек бітімдер жасасақ, онда түскі ас ішуімізге мүмкіндік болады. Бірақ қажеттілігі қожайынымыз үшін көп ақша табамыз» - деді. Әсел: «Олай болса, бізді кішкентай тоңазытқышпен қамтамасыз етудің қажеті жоқ. Онда барлығымыз үнемі жұмысты ыждағатпен орындауымыз керек» - деді. Марат: «Тыныш. Ешқашан біреудің тың тыңдап тұрғанын білмейсің» - деді. Бір аптадан соң тоңазытқыш істен шықты. Бір күннен кейін тоңазытқышты бір жерге алып кетті. Оның орнын басқа тоңазытқыш алмастыра алмады.
Мәтінді жасыру
      85. Ескі студенттік қабылдау
      Ол бойжеткен оның бұрын-соңды көргендерінен ең әдемісі еді. Әлібек Әселге ғашық болып қалды. Әлібек оған бір көргеннен ғашық болды. Бұл тағдыр болатын. Әселді кездестіргені, оның тағдыры еді. Шаңырақ көтеру, балалы болып, ұзақ та бақытты ғұмыр кешу олардың алдағы тағдырына жазған. Әлібек колледж асханасында Әселдің жанына отырды. Әлібек өзін таныстырды. Кейін ол сұрады: «Сіз қандай факультетте оқисыз?» Әсел айтты: «Мен медбикелікке оқып жатырмын». Әлібек айтты: «Бұл керемет. Сіз медбике ретінде еліміздің кез келген жерінде жұмыс істей аласыз». Әсел айтты: «Иә. Келесі жылы диплом алғаннан кейін Нью-Йорктегі Бельвю емханасында жұмыс істейтін боламын». Әлібек сұрады: «Неге дәл сол жерде?». Әсел айтты: «Менің жігітім сонда ординатурадан өтіп жатыр. Ол ординатурасын аяқтаған соң хирург болады. Біз ендігі жылы отау құрмақшымыз». Міне саған тағдыр, деп Әлібек ойланып қалды. Ол сұрады: «Сіздің осы егіз сіңіліңіз жоқ па?». Әсел айтты: «Иә, әрине бар!»
Мәтінді жасыру
      86. Әтірлер, кофе және мысықтар
      Арман жеделсатыда еді. Екінші қабатқа келгенде бір әйел кірді. Оның әтірінің иісі шамадан тыс шығып тұрды. «Барлығының шегін білу» ұстанымымен не болған, деп ойлады Арман. Әтірлер унциямен сатылады.(1 унция - 28,3 грамм). Неге кейбір әйелдер өздеріне әтірді литрлеп құйып тастайды, деп ойлады ол. Ол лифттен үшінші қабатта шығып кетті. Ол тоғызыншы қабаттағы кофе, шәй, жеңіл тіскебасарлар мен тез дайындалатын тағамдар сататын кофе-шопқа эскалатормен көтеріліп кетті. Ол кофенің жұпар иісімен бір дем алды. Жақсылап кофе ішкен соң ол өзінің апасына барды. Далада (көшеде) қар жауып тұрған. Апасы есікті ашты. Арман айтты: «Фу-у! Сен соңғы рет қашан мысықтың дәрет орнын ауыстырғансың?» Апасы айтты: «Не, сонша жаман ба? Мен өзім иіске үйреніп кеттім деп ойлаймын. Мен ауыстыратын едім, бірақ мен дәретханаға арналған жаңа топырақ жоқ». Ол ауа сергіткіш баллонын алып онымен барлық жерге сеуіп шықты. Пәтерде қарағайдың иісі шығып кетті. Арман сұрады: «Мен бір шыны-аяқ кофе демдем жібере аламын ба?»
Мәтінді жасыру
      87. Фейсбук күн сайын туған күн тойлайды
      Наталидің оныншы туған күнінде оның анасы айтты: «Тауып көр, мен саған не айтамын? Біз сенімен туған күндер өткізетін салонға барамыз. Онда тегін торт, балмұздақ, және оған қоса караоке мен ойындар болады. Онда салынған суреттер үшін жүлде таратады. Қонақтардың көңілін фокусшылар мен музыканттар тегін көтереді». Салон - Манхэттендегі Гудзон өзенінің қасында орналасқан алып ғимарат. Ғимаратты әріптестер мен сыныптастар және достармен сөйлесіп әңгімелесетін әлеуметтік желі Facebook басқарады. Ол барлық ірі қалалардағы туған күн өткізіп беретін салон ғимараттарын басқарады. Туған күн иелері мен олардың қонақтары үшін кіру тегін. Олар өздерінің жеке куәліктерінің құжаттарын көрсетулері керек. Фейсбуктің жарнамалық аңдатпасында айтылған: «Біздің туған күн өткізетін салондарымыз адамдарды бетпе-бет байланыстырады. Туған күнін болып тойлап жатқан әр адамға біздің есіктеріміз әрдайым ашық. Туған күнін тойлап жатқан әр адам өзі сияқты туған күнін тойлатып жатқан басқа да жүздеген адамдармен кездесіп көңіл көтеріп жатады. Күн сайын бір орасан сауық кеш! Және барлығы да өз алдына пайда көреді: туған күнін тойлатып жатқандар, сатушылар, өздерінің тауарлары мен қызметін ұсынғандар, және біздер!»
Мәтінді жасыру
      88. Жалқау, ерке немесе екеуі де ме?
      Мэйдің жасы 15-те болды. Ол отбасындағы жалғыз бала еді. Бұл оның Манхэттенге алғаш келуі. Вики 30 жыл бұрын Мэйдің анасымен мектепте бірге оқыған. Мэйдің анасы аяқ астына қоңырау шалды. Ол Викидің Мэйді Нью-Йорк әуежайынан күтіп алуын және оны өздері қонып жатқан Манхэттендегі қонақүйге шығарып салуын сұрады. Вики Мэйді жүк беретін таспалық тасымалдағыш жанында күтіп алды. Вики тасымалдағыш таспасынан Мэйдің ауыр чемоданын алып шықты. Мэй: «Ноутбугымды ала тұрасыз ба?» - деп сұрады. Олар әуежай ғимаратынан шықты. Мэйдің қолында ештеңе болмады. Вики оның сөмкесін иығына асып алды. Бір қолымен үлкен чемоданды сүйретіп келе жатты. Келесі қолында Мэйдің ноутбугы болды. Олар пойызға отырды. Олар пойыздан түсті де, қонақүйге барды. Олар жақындап келгенде Мэй вестибюльден ата-анасын көрді. Олар байқамай тұрғанда Мэй чемодан мен ноутбукты Викидің қолынан алып алды. Мэй оларды қонақүйге есіктен кіргізді. Ата-анасы құшақтады.
Мәтінді жасыру
      89. Ақшаны өртеу
      Абылайға ақша қажет болды. Ол қолданушылар өздері қаржыландыратын сайтқа кірді. Мұнда кез келген адам, кез келген мақсатқа ақша жинай алады. Оның мақсаты: «Маған миллион доллар берсеңдер, мен олардың барлығын Юнион-сквер алаңында өртеймін. Ақшадан жасалған алау біздің ақшаға деген тәуелдігіміздің жоқтығын көрсетеді». Бір жылдан кейін миллион доллар жиналды. Абылайдың құрбысы: «Осының бәрін қашан өртейсің?» - деп сұрады. «Өртеу? Миллион долларды кім өртейді? Мен өзіме пәтер сатып аламын», - деді Абылай. «Бірақ сен келісімді бұзасың ғой. Қаржы құюшылар өз шартын орындады, ендігі кезек сенікі», - деді оның құрбысы. «Ол туралы ұмыт. Егер миллион жиналатынын білсем, өртеу туралы ойламас едім», - деді Абылай. «Сен келісім бойынша өз міндетіңді орындамадың. Осыдан кейін қалай ештеңе болмағандай өмір сүрмекшісің?» - деп сұрады оның құрбысы. «Мен қазір миллионермін. Тыныш өмір сүру оңай» - деді Абылай.
Мәтінді жасыру
      90. Оның басынан ұрма
      Анасы Тиммидің қалай «Ай-ии!» деп айқайлағанын естіді. Ол ұлдардың бөлмесіне жүгіріп кіріп келді. Олар бір-бірін жастықтармен төмпештеп жатқан еді. Анасы айқайлап: «Доғарыңдар! Сендерге не болған? Сендер деген бір біріңді жарақаттап тастайсыңдар ғой!» Билли айтты: «Иә, апа, біз жәй ойнап қой. Жастықтан жарақат алуға болмайды». Анасы айтты: «Егер жастықтан жарақаттанып қалуға болмайтын болса, неге тап осы жаңа Тимми «Ой-ёй!» деп айқайлады? Тіпті жастықпен де біреу-міреуді жарақаттап қоюға болады, егер басынан ұрғыласаң. Мойынды ауыртып алуға болады. Жүйке жүйесін зақымдап тастауға болады. Мидың шайқалуын болдыруға болады. Көруден қалып немесе естімей және тағы иіс сезбей қалуға болады. Есті жоғалтып алуға да болады. Адамдар мидың зақымдануынан әрдайым қиналады. Және сендер бұдан да жаманы не екенін білесіңдер ме? Бұл өзіңнің кінәлілық сезімің, біреуге өмірбақиға қалатын жарақат жасап қойып соған деген өздеріңнің кінәларыңды қалған өмірлеріңнің барлық күнінде сезініп жүру, әсіресе егер ол адам сенің жақсы көретінің болса».
Мәтінді жасыру
      91. Өмір саналығына ұмтылыс
      Аружан өзінің кеңесшісінің кабинетінде еді. Ол айтты: «Мен бақытсызбын. Мен қашан өлгенімше асықпын». Азамат айтты: «Бақыт келеді де кетеді. Не үшін тек уақытша берілетін нәрсеге ойланып, ізденіп соған уақыт құрту керек? Осының орнына өмірдің мәнін іздеңіз». Аружан айтты: «Мән? Бұл нені білдіреді?» Азамат айтты: «Әлемді жақсы етуге тырысыңыз. Бұл сіздің өміріңізге мән беретін болады. Тіпті сіз тротуарда жатқан бір жапырақ қағазды көтергенде де, сіз әлемді жақсырақ етесіз. Сіз көп бергенде, шын мәнісінде сіз көбірек пайда аласыз. Сіз көбірек қанағаттанушылықты сезінетін боласыз. Бір нәрсе беру сізге уақытыңыздан басқа ештеңеге тұрмайтын болады. Ал сонда сіздің уақытыңыз көмек беруден бос болмаса, ол өкінішке толып қалмайды. Сіздің өміріңізде мақсат пайда болады. Сіз әр күнді өзіңізді сұраумен бастайтын боласыз: «Бүгін мен қалай біреуге көмектессем болады екен?» Сіздің өміріңіздің мәні пайда болды дегеніңіз, сізді бақытты етпейтін шығар, бірақ сіз енді өзіңізді шегі жоқ алып мұхитта қалқып жүрген бөтелкенің кішкентай ғана тығыны ретінде сезінуді қоятын боласыз».
Мәтінді жасыру
      92. Көмек қайтарымы көмекпен
      Санжардың Манхэттенің төменгі жағынан алынған бірінші қабаттағы бір жатын бөлмесі бар пәтері бар болатын. Жақындап келе жатқан дауыл туралы жаңалықтар жан түршіктірерлік еді. Ол апасынан, соның бір бөлмелі пәтерінде бір күнге немесе одан сәл көбірекке тұрақтай аламын ба деп сұрады. Апасы оны қуана қабыл алды. Дауыл болжағаннан да бетер қатты болып шықты. Санжардың пәтерін су басып кетті. Оның үйінде төрт бойы электр қуаты болмады. Апасы осының бәрін оның өзімен бірге шыдап жүрді. Ал ол ақыры өзінің пәтерін кетіп бара жатқанда апасы айтты: «Мен сенің кетіп бара жатқаныңа сондай қуаныштымын». Санжар айтты: «Мен де қуаныштымын». Бірнеше ай өткен соң апасы Санжарға қоңырау шалды. Ол айтты: «Менің саған бір өтінішім бар еді». Санжар айтты: «Не болса да айт. Мен сенің алдыңда үлкен қарыздармын». Апасы айтты: «Менің кіші ұлым Джерри, сенің жиенің, жақында Нью-Йорктегі университетке ауысқан еді. Оған қалған екі жыл оқуын бітіргенше тұрақтай алатын жер керек еді». Санжар айтты: «Екі жыл?! Бұның қалай? Ал төрт айға десек қалай болады?» Апасы айтты: «Әрине. Егер ол университетіндегі оқуын төрт айда бітіре алса».
Мәтінді жасыру
      93. Мұхитта жүзіп жүргенде
      Олар ұшаққа отырды. Күйеуі: «Бұлай күйгелектенбе. Ұшақпен ұшу автомобильмен жүргеннен 200 есе қауіпсізірек». Әйелі: «200 есе болғанына түкіргенім бар. Өліп кету үшін бір реттің өзі жетіп жатыр. Бұған қоса, біз Тынық мұхитының үстімен ұшып келеміз. Мен жүзу білмеймін». Күйеуі: «Жүзу? Ха! Біріншіден, егер біз мұхитқа құласақ, құлаған кезде біздің мерт болуымыз мүмкін. Екіншіден, сен жүзуді білгеннің өзінде де, акулалар сенен тез жүзеді. Үшіншіден, бұл ұшақта құтқару жилеттері жетіп артылады. Егер сенің жолың болып апаттан кейін жилетті асынып алсаң, саған тек қана рахаттану ғана қалады. Сен жағалау добы секілді жүзетін боласың». Әйелі: «Жарайды. Сонда не істеймін?» Күйеуі: «Не істеймін? Ал өзің қалай ойлайсың? Сен Тынық мұхитының қақ ортасындасың. Сені ешкім таппайды да құтқармайды. Сен бәлкім баяу өлімнің ажалымен не шөлден немесе тым қатты тоңғаныңнан өліп кетерсің. Егерде жолың болса, акулалар сені бірден жеп қояды».
Мәтінді жасыру
      94. Хабардар болыңыз – газет оқыңыз
      Метро вагоны толық болды, бірақ Жанар бірдеңе ғып орын тауып алды. Оның жанында олпы-солпы киінген егде жастағы ер адам отырды. Ол газет оқып отырды. Еденде, оның екі аяғының арасында кір-кір сөмке тұрды. «Әйтеуір сасық иісі жоқ екен», деп ойлады Жанар. Ер адам қол созым дерлік жерде газет оқып отырды. Оның орны мұның орындығына перпендикуляр орналасуы себебінен оның сол қолы Жанардың бетіне жақын тұрды. Ер адам парақтарды жылдам аударып отырды. Ол қолын қосып, содан соң парақты аударған сайын ашып отырды. Жанар өзін ыңғайсыз сезінді. Ер адамның қолы байқамай бетіне тиіп кете ме деп алаңдады. Жанар енді орнынан тұрмақшы болған еді. Бірақ осы кезде ер адам газетті еппен бүктеп қойды. Құдайға шүкір, деп ойлады Жанар. Ер адам сумкасын ашты да, газетті салып қойды. Жанар ішіне қарады. Онда кем дегенде тағы он шақты газет жатқанын көрді. Ер адам оның біреуін суырып алды. Жанар тұрып кетті.
Мәтінді жасыру
      95. Әлемдегі ең үлкен (маңызды) жаңалық
      Ұстаз он екінші сыныптағы өзінің оқушыларынан ең маңызды өнертабыстарды атап шығуларын сұрайды. Өзгелерден бөлек, олар ғаламтор, комптьютер, смартфон, велосипед және электршамын атады. Олар балық аулайтын қармақ, тігін машиналарын, сағат, электр гитарасын, мысыққа арналған әжетхана және үй су құбырын атап өтті. Ұстаз сұрады: «Енді айтыңдар қайсысы сендер үшін маңызды?». Олар дауыс беріп шықты. Смартфондар ең маңызды болып шықты. Ол айтты: «Жақсы, мен сендер барлықтарың бір нәрсеге уәде бергендеріңді қалаймын. Маған жақын арадағы 24 сағат ішінде әжетханаларды немесе бұрқақтағы суды пайдаланбауға уәде беріңдер. Егер сендерге су ішу қажет болса, өзенге барыңдар. Егер сендерге бірдеме жуу керек болса немесе суға шомылу керек болса, өзенге барыңдар. Егер сендерге әжетханаға бару керек болса, өзенге барыңдар». Оқушылар шуылдай бастады. Мұғалім сұрады: «Тағыда дауыс беріп шығамыз ба?» Питер айтты: «Жоқ, біз түсіндік. Үй су құбыры сексуалды емес, бірақ, ол басқа өнертабыстардың барлығын қосып қарағанда жақсырақ». Басқалары сыбырласып, бастарын изеді.
Мәтінді жасыру
      96. Сіз жапа шеккенге ұқсамайсыз
      Әйел жұмысқа бара жатқан. Салқын тартып тұрған күншуақты күн еді. Ол қиылыстағы бағдаршамның қашан ақ түске қосылатынын күтіп тұрған еді. Ол көшеден өте бастады. Ол машинаны көрмеді. Жүргізуші оны уақытында көріп үлгермеді. Әйел әуеде біршама ұшып шықты. Ол жерге қатты ауыр құлады. Жүргізуші машинасынан шықты. Ол оның тұруына көмектесті. Жүргізуші одан оның халі жақсы ма екенін сұрады. Әйел: «Менің иығыма бірдеме болған сияқты. Ол қатты ауырып тұр». Жүргізуші: «Маған сіздің иығыңыз сау секілді көрініп тұр. Сіз көшеден тиым салынған белгі жанып тұрған кезде өтпеуіңіз керек еді». Әйел: «Сіз бұл менің кінәм деп тұрсыз ба? Менің сөмкем қайда? Өтінемін, менің сөмкемді табыңызшы». Жүргізуші оның сөмкесін көшеден тауып оған әкеліп берді. Әйел сөмкеден өзінің телефонын алды. Жүргізуші: «Мен көмекке барайын. Мен қайтып келемін». Әйел жүргізуші кетіп бара жатқан уақытта оның машинасының нөмірін есінде сақтап алды. Ол 911 алды (911-ге хабарласты). Жүргізуші қайтып оралмады.
Мәтінді жасыру
      97. «Жаңалықтар» қаншалықты маңызды?
      Даниэль қызымен теледидардан жаңалықтар қарап отырған. Бір «бостандықтағы ақ жігіт» пышақпен 14 адамды жарақаттаған. Даниэль: «Сен білемісің, күн сайын біз тікелей өзімізге қатысы жоқ бізге түк мағынасыз сан алуан жайттарды көріп, оқып жатамыз. Мысалға, сірә, менің өмірімдегі ең маңызды репортаж "адамның айға аяқ басқаны" туралы болды. Бірақ бұл жаңалық менің өміріме ешқандай әсерін тигізбеді. Сондықтан, бұның мен үшін қандай маңызы бар? Мүлде ешқандай. Нөл». Оның қызы: «Бірақ Сэнди дауылы жайлы жаңалық бізге оған алдын ала дайындалуға көмектесті ғой. Бұл маңызды болатын». Даниэль: «Иә, маңызды. Бірақ турасына айтсақ бұл жаңалық емес, ауа райы туралы ақпарат болатын. Ауа райы, иә, бұл бізге тікелей қатысы бар. Бұл маңызды. Бірақ жаңалықтар алданыш болғаннан басқа үлкен құндылықтарға ие емес. Бұл жәй сөйлесуге тұрарлық бірдеңе. Артық ештеңе емес. Бұқаралық ақпарат құралдарындағы жаңалықтар басқалармен не болып жатқаны туралы болады. Біз үшін олардың маңызды мағынасы біздің өсектесуге деген қажеттіліктерімізді қанағаттандыруда болып табылады».
Мәтінді жасыру
      98. Кішкене кесіп тастаймыз
      Шейламен Джей өз денсаулықтарын талқылап жатты. Шейла: «Аяқтарым менің жанымды алып бара жатыр. Менің дәрігерім маған күнде кешке оларды суға салып отыруым керек дейді». Джей: «Менің оң аяғымның қан айналымы нашар. Менің дәрігерім айтады, мүмкін, оған аяғымдағы бір неше саусақтарымды (ампутация жасау) кесіп алып тастау керек болуы мүмкін» - дейді. Шейла: «Мен қулап түстім де білегіме зақым келтіріп алдым. Дәрігерім маған ауырғанды басатын дәрі берді». Джей: «Менде жіліншігімде бір қабыну бар. Менің дәрігерім айтады, мүмкін, оған менің қолымды кесіп тастау керек болатын шығар» - дейді. Шейла: «Менің газдалған суымның құтысында ара болған. Ол менің тілімді шағып алды. Дәрігерім ол өзі қайтып кетеді дейді». Джей: «Менің дәрігерім менде тіл қатерлі ісігі бар деп санайды. Ол менің жарты тілімді кесіп тастауы мүмкін». Шейла: «Менің дәрігерім жақында зейнетке шығады. Маған жаңа дәрігер табу керек». Джей: «Менің дәрігерімнің телефон номері керек пе?» Шейла: «О, Құдай, жоқ! Ойлап көр тек қана, егер басым қатты ауырып жатса оның маған не ұсынатынын».
Мәтінді жасыру
      99. 2 долларыңды қайтарып ала ғой
      Фред Джоаннан сұрады: «Маған қарызға 2 доллар бересің бе? Лездік лотерея билетін сатып алғым келеді. Саған қарызымды ертең қайтарамын». Джоан: «Әрине. Тек, егер бірдеңе ұтар болсаң, мені есіңнен шығармассың». Фред лездік лотерея билетін сатып алды. Ол сандар мен таңбалардың қорғаныш қабатын өшіруге он центтік тиынды пайдаланды. Фред: «Құдайым-ау! Мынаған қараңдар!». Ол 1000 доллар ұтты. Джоан айтты: «Жарайсың!». Келесі күні Фред Джоанға 2 доллар берді. Джоан айтты: «Егер бірдеңе ұтсам, мені есіңе аламын дегенсің». Фред айтты: «Жоқ, мен олай айтпадым. Мен бар болғаны 2 долларыңды қайтарып беремін дедім. Мен саған ұтыстың жартысын уәде етпедім». Джоан айтты: «Егер де мен саған 2 доллар қарызға бермегенімде сен ұтпас едің. Ұтысыңның жартысын маған беруің керек деп ойламайсың ба?». Фред сұрады: «Егер билет ұтыссыз болғанда ше? Онда саған тек 1 доллар ғана, ұтылысымның жартысын беруім керек пе еді?»
Мәтінді жасыру
      80. Ваннадағы кір әйелін ашуландырады
      Әйелі: «Сондай сондай жалқаусың. Мен бізге ажырасу керек деп ойлаймын». Күйеуі: «Ешкімде адаммен оның аздап жалқау болғанына бола ажыраспайды. Бұл жолы не болды?» Әйелі: «Бар, ваннаның кранын қара. Өзіңнің сабын салғышыңды қара». Ол ваннаға барды. Ол өзгеше болып тұрған ештеңе де көрмеді. Күйеуі: «Сен не туралы айтып тұрсың?» Әйелі ваннаға кірді. Ол кранның үстіндегі үлкен дақты көрсетті. Әйелі: «Мынау не өзі? Бояу?» Күйеуі: «Жоқ, қымбаттым. Бұл жәй ғана тіс пастасынан қалған кішкентай дақ қой». Ол қолын сулап қатып қалған дақты сүртті. Күйеуі: «Сен осылай жоқ жерден бірдеме табасың. Тағы не?» Әйелі сабын салғыштан сабынның бір бөлігін алды. Ол сабын салғыштағы кеуіп қалған сабынның көбігін нұсқады. Әйелі: «Мынаған қара. Бұл кір!» Күйеуі: «Кір? Бұл жәй көне сабын. Сабын кір бола алмайды. Бұл деген сабын ғой!»
Мәтінді жасыру


В подготовке текстов на казахском языке участвовали пользователи сайта sozdik.kz:
Аяулым Орынгали, Nurdaulet Aspenov, Гульнар Абдраимова, Сауле Ибраева, Алтынгуль Кептербаева, Гаухар Назымбекова




© Татьяна Валяева,  2007–2024
 <<  Короткие истории. Том 1, стр.4 Вернуться к началу Короткие истории. Том 2, стр.1  >> 

Цвета текста на сайте             Telegram-канал «Казахский язык. Просто о сложном»             kaz-tili@yandex.kz             Гостевая книга