Казахский язык
Главная
Существительные
Послелоги
Прилагательные
Числительные
Местоимения
Наречия, Союзы
Личные окончания
Глаголы
Вспомогательные глаголы
Причастия
 Деепричастия
Конструкции
Предложения
  Проверь себя!
  Упражнения
   Грамматика детям
  Удивительный мир
Видеокурс
   Разговорник
Фразеологизмы
   Книга для чтения
С казахским не шутят?
Рассказы
Сказки
Песни
Полезное
Словарь
Ссылки
Автор
Суперлёг. чтение
  1. 1  
  2. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  1. 4  
  1. 5  

Каталог тем
Лёгкие истор.
  1. 1  
  1. 2  
  1. 3  
  1. 4  
  1. 5  
  1. 6  
  1. 7  
 Истории о детях
  1. 1  
  2. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  1. 5  
  2. 5  
  2. 6  
  2. 7  
 Занимательное чтение
  1. 1  
  2. 1  
  3. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  3. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  3. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  3. 4  
  1. 5  
  2. 5  
  3. 5  
 Казахский по уровням
  1. 1  
  2. 1  
  3. 1  
  4. 1  
  5. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  3. 2  
  4. 2  
  5. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  3. 3  
  4. 3  
  5. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  3. 4  
  4. 4  
  5. 4  
  1. 5  
  2. 5  
  3. 5  
  4. 5  
  5. 5  
  2. 6  
  3. 6  
 Лёгкое чтение
  1. 1  
  2. 1  
  3. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  3. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  3. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  1. 5  
  2. 5  
 Короткие истории
  1. 1  
  2. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  1. 5  
  2. 5  
 Қаз/Qaz 

Суперлёгкое чтение (Super Easy Reading)

Том 2, страница 3
Грамматика казахского языка. Просто о сложном

Автор идеи, составитель и переводчик текстов
с английского языка на русский: Андрей Краснов

      41. Темекі тарту - мықты болу емес
      Кимберли өзінің Гектор деген досының темекі тартып тұрғанын көрді. Гектор 14 жаста ғана болатын. «Гектор, темекі тартпағаның жөн болады», - деді Кимберли. «Неге? Темекі тартқанда мен мықты көрінем», - деді Гектор. Кимберли досын ақымақ деп ойлады. Өткен айда оларда нашақорлыққа қатысты санитарлық білім беру сабақтары болған еді. Ол есірткі шығарушылардың адамдарды өнімдерін сатып алсын деп қалай қызықтыратынын білді. Ол адамдардың әдетте қасындағы адамдар темекі тартса, олар да тартатыны туралы білді. «Сенің достарың темекі тарта ма?» - деп сұрады Кимберли. «Иә-ә! Көбісі тартады», - деді Гектор. Кимберли оған темекі көп тарту неге әкеп соғатынын бейнелейтін суреттер көрсетті. Гектор сиықсыз сарғайған тістерді көріп: «Неткен жиіркенішті!» - деді. «Саған осы керек пе?» - деп сұрады Кимберли. Гектор басын шайқады. «Ендеше тартпа», - деді Кимберли.
Мәтінді жасыру
      42. Оның егіз бала тапқысы келеді
      Эмми бала табуға дайын болатын. Ол үнемі егіз болғанын қалайтын. Ол босанудан қорқатын. Бұл жанына бататын сияқты көрінетін. Ол шынымен де егіз тапқысы келеді. Ол қиындықты бір рет қана жеңіп шыққаны дұрыс деп ойлайды. Ауруханаға екі рет түскісі келмейді. Оның үстіне егіз болған сүйкімді деп санайды. Оларды бірдей киіндіре алады. Олардың аттары ұқсас болуы мүмкін. Эмми біреуін Мейси, ал екіншісін Трейси деп атамақшы. Егер ұл балалар болатын болса, оларды Тодд және Род деп атайды. Егіз бала табу мүмкіндігі сонша көп емес. Бір ғана бала көтеріп қалуы әбден мүмкін.
Мәтінді жасыру
      43. Оның тамағы ауырады
      Доротидың тамағы ауырды. Оның тамағы алдыңғы түннен ауыра бастады. Ол өз жөтелінен оянды. Ол неліктен тамағы ауырып қалғанын білмеді. Ол сыныптастарынан жұқтырып алды ма? Ол отбасындағы біреуден жұқтырып алды ма? Ол ащы бірдеңе жұтып қойды ма? Дороти жылына екі рет ауыратын. Бұл ол үшін қалыпты жағдай. Ол дәрігерге барғысы келмеді. Ол мұны жасырмақ болды. Оның қолынан келмеді. Ол әрең сөйледі. Оны ата-анасы дәрігерге апарды. Дороти жөтелге қарсы сироп ішуге мәжбүр болды. Дәмі оның расымен де нашар болды. Сонымен қатар оның ұйқысы келді. Ол бұл дәмнен құтылу үшін көп су ішті. Ол тамағы жақын уақытта жазылып кетеді деп үміттенеді.
Мәтінді жасыру
      44. Эдтың иті жоғалып кетті
      Эд қатты қапаланды. Оның иті жоғалып кетті. Иті оның ең жақын досы еді. Иті онымен бірге 12 жасынан бері бірге еді. Оның итінің аты Джулия. Бұл Эдтың анасының есімі болатын. Эд қалаға хабарландыру іліп тастамақ болды. Хабарландыруда Джулияның суреті де болды. Хабарландыруда сондай-ақ Эдтың байланыс нөмірлері де жазылған еді. Джулия 30 келіге тарта салмағы бар үлкен, қара ит болатын. Құлақтары үшкір, құйрығы ұзын. Эд оны тауып берген адамға 200 доллар сыйақы ұсынды. Джулия бауырмашыл ит болатын. Оның үстіне өте ақылды еді. Мүмкін, ол үйге келетін жолды өзі тауып келер. Эд оған ешнәрсе болмайтын шығар деп үміттенді.
Мәтінді жасыру
      45. Қауіпті қызмет
      Тайлер Джеремиді сауда кешеніне шақырды. Джереми оған қатты таң қалды. Тайлер мектептегі ең мықты бала болып есептелетін. Тайлер не үшін шақырды екен? Олар видеоойындар дүкенінің кіреберісінде кездесуге келісті. «Тайлер, не болды?» - деп сұрады Джереми. «Демек, сенің де мықты болғың келеді екен ғой, иә?» - деп сұрады Тайлер. «Әрине», - деді Джереми. «Онда ана тұрған видеоойынды маған ұрлап бер», - деді Тайлер. Джеремидің таңқалғаннан аузы ашылып кетті. Ол ұрлықтың жақсы емес екенін білетін. Ол мұны істегісі келген жоқ. «Бірақ, бұл қылмыс қой!» - деді Джереми. «Сен мұны ұрлық деп ойлама. Бар болғаны маған көрсеткен қызмет деп ойла», - деді Тайлер. Бұл Джеремидің басын бәлеге қалдыратын қызмет болды.
Мәтінді жасыру
      46. Газет таратушы
      Билли - бұл қалада газет таратушы. Ол сағат он екіден бастап, түскі үшке дейін велосипедімен қала аралайды. Ол өзі өтетін әрбір үйдің алдына газеттерді тастап жүре береді. Оған өз жұмысы қатты ұнайды. Себебі, ол велосипедпен жүруді ұнатады. Тағы бір себебі, оны қаладағылардың барлығы біледі. Өз жұмысына жақсы еңбекақы алады. Осы жұмыстың арқасында, ол сүйікті қызымен танысты. Осыдан екі жыл бұрын байқаусызда газетті оның басына лақтырып жіберген еді. Байқауынша, басы қатты ауырып қалғанға ұқсайды. Ол велосипедінен түсті. Ол оны мұқият қарап шықты. Ол оған ештеңе болмағанын айтты. Қыз оған әдемі болып көрінді. Қалған дастан мәселесі өз-өзінен шешілмекші.
Мәтінді жасыру
      47. Калькуляторлық тест
      Шэрон математикадан маңызды тест тапсыру керек еді. Ол тест оған қорытынды емтиxан бағасының 25 пайызын беретін. Шэрон бұл курстан бес алғанын қатты қалады. Әзірше барлығы жаман емес болып келе жатты. Ол тапсырмалардың жартысын 20 минут ішінде-ақ шешіп тастады. Сосын ең жаманы басталды. Калькуляторының батареясы отырып қалды. Ол калькуляторысыз жауаптың ешқайсысын таба алмайтын. Ол қолын көтерді. Мұғалім қасына келді. «Сізде артық калькулятор бар ма?» - деп сұрады Шэрон. «Жоқ», - деді мұғалім. «Біреу тестін аяқтаған кезде соныкін алуға болады ма?» - деп сұрады ол. «Болады, бірақ келесі жолы өзіңмен бірге артық батарея алып жүр», - деп ескертті мұғалім.
Мәтінді жасыру
      48. Оған машина керек
      Эмма Калифорнияда тұрады. Мұнда машинаң болмаса қиын. Адамдардың көбісі өздерінің машиналарымен жүреді. Автобуспен немесе жаяу жүретін адамдар өте аз. Эмма өзінің машинасымен жүргісі келеді, бірақ оның машина сатып алуға шамасы жетпейді. Оның жұмысында аз жалақы төлейді. Ол өзінің ағасымен және ата-анасымен тұрады. Олар оны аяғандықтан, өздерінің үйіне тұруға шақырған. Күн сайын ол жұмысқа жаяу барады. Ол осылай істеуге мәжбүр болмайтын уақытты армандайды. Оның жинаған ақшасы машина сатып алу үшін жеткіліксіз. Бұл оның қолында болғанның өзінде де, ол автомобилін сақтандыра алмаушы еді. Ол машина сатып ала алмайтындықтан, оған машина жүргізіп үйренудің пайдасы жоқ.
Мәтінді жасыру
      49. Үй заттарын сатудағы жеңілдік
      Картерлер үй заттарын жеңілдікпен сатты. Оларға жаңа тоңазытқыш сатып алу үшін ақша қажет еді. Жеңілдікпен сатылатын ескі киімдер, ойыншықтар, кітаптар, тазалауға арналған материалдар мен тағы да басқа заттар болды. Олар екі апта дайындалды. Бүкіл қала бойынша хабарландырулар ілді. Ұлы мен қызы Фейсбукте хабарландыру қалдырды. Ата-аналары өздерінің жұмыстағы достарына айтты. Бұдан басқа, Картерлер адамдарға электронды поштамен хаттар жіберді. Көп адам келді. Картерлер таңданды және разы болды. Алайда көп адамдар ештеңе сатып алған жоқ. Заттар өте қымбат болды. Билли Картер, ұлы, өзінің достарына заттар сатып алсын деп қысым көрсетті. Олар ештеңе сатып алмай жатты. Әкесі барлық заттарға 30 пайыз жеңілдік жасады. Бұл көмек берді. Бағаны төмендеткеннен кейін көптеген адамдар заттарды сатып ала бастады.
Мәтінді жасыру
      50. Жаман әдеттен құтылу қиын
      Марияның жаман әдеті бар. Ол шашын қарындашқа және саусақтарына орағанды жақсы көреді. Ол шашын тамақ ішіп жатқанда орайды. Оқу кезінде де орайды. Ол үнемі орайды. Оның ата-анасы қызының осы әдетін қойғанын қалайды, өйткені ол ұят көрінеді, әсіресе презентация жасап жатқанда. Оның үстіне бұл шашының жойылуына әкеледі. Егер ол жаман әдетін қойса, күніне бір доллар төлейтіндерін айтты. Марияның көздері жанып кетті, ол шашын орамауға серт берді. Ол 15 доллар жинады. Онда бәрі жақсы болатын. Бір күні ол бір қыздың шашын орап жатқанын көрді, Марияға да орауға тура келді. 1 доллар ала ма, алмай ма, оған бәрібір болды.
Мәтінді жасыру
      51. Күніне бір шыныаяқ кофе
      Көптеген ересек адамдар күн сайын кофе ішеді. Соның арқасында олар өздерін сергек сезінеді. Солай ма, солай емес пе, олар солай ойлайды. Көптеген адамдар кофесіз ойлай алмайды. Люси – сондай адамдардың бірі. Ол күн сайын екі шай қасық қантпен бір шыныаяқ кофе ішеді. Ол газет оқығанда кофе ішеді. Бұл оның күнделікті ісі. Егер ол кофе ішпесе, не болады? Ол өзін науқас сезінеді. Оның көзі бұлыңғырланады. Оның денесі дірілдей бастайды. Ол сабақтарға көңілін бөле алмайды. Ол ашуланшақ болады. Болмашы ұсақ-түйектер оның жүйкесін тоздырады. Ол тіпті бір рет біреуге жұдырық жұмсауға ұмтылған.
Мәтінді жасыру
      52. Ол еден жууда
      Эндрю төрт аяқтап тұрды. Ол құрғақ ысқышты шелектегі суға малды. Шелек сабынды суға толы болатын. Ол ысқышты сықты. Ол ас үйдің еденін сүртті. Еденде балшықтың іздері жатты. Және еденде дақтар болды. Еденде ескі тамақтар қатып қалған едi. Ол еденді жуып тастады. Сосын шелекті жуынатын бөлмеге апарып қойды. Ол сабынды суды ваннаға ағызып жіберді. Су канализацияға ағып кетті. Ол душты қосты. Ваннаны жуды. Ол шелек кебу үшін төңкеріп қойды. Ол қолын жуды.
Мәтінді жасыру


В подготовке текстов на казахском языке участвовали пользователи сайта sozdik.kz:
Рахат Уйсымбаев, Акжайык Сабырбаева, Аяулым Орынгали, Еркежан Каймоллаева, Арайлым Тлеуова, Арайлым Токтаубаева, Аслан Бисенов, Мира Сембайкызы, Алтынгуль Кептербаева, Гульнар Абдраимова, Максат Маликов, Раушан Муталипова, Акнур Жунусова, Алия Отеш, Гульзайнаб Сисенова, Жандос Бақытбекұлы, Меруерт Сарбасова и другие.
Корректор текстов на казахском языке: Атлас Кудайбергенова



© Татьяна Валяева,  2007–2024
 <<  Суперлёгкое чтение. Том 2, стр.2 Вернуться к началу Лёгкие истории. Том 1, стр.1  >> 

Цвета текста на сайте             Telegram-канал «Казахский язык. Просто о сложном»             kaz-tili@yandex.kz             Гостевая книга