Казахский язык
Главная
Существительные
Послелоги
Прилагательные
Числительные
Местоимения
Наречия, Союзы
Личные окончания
Глаголы
Вспомогательные глаголы
Причастия
 Деепричастия
Конструкции
Предложения
  Проверь себя!
  Упражнения
   Грамматика детям
  Удивительный мир
Видеокурс
   Разговорник
Фразеологизмы
   Книга для чтения
С казахским не шутят?
Рассказы
Сказки
Песни
Полезное
Словарь
Ссылки
Автор
Суперлёг. чтение
  1. 1  
  2. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  1. 4  
  1. 5  

Каталог тем
Лёгкие истор.
  1. 1  
  1. 2  
  1. 3  
  1. 4  
  1. 5  
  1. 6  
  1. 7  
 Истории о детях
  1. 1  
  2. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  1. 5  
  2. 5  
  2. 6  
  2. 7  
 Занимательное чтение
  1. 1  
  2. 1  
  3. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  3. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  3. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  3. 4  
  1. 5  
  2. 5  
  3. 5  
 Казахский по уровням
  1. 1  
  2. 1  
  3. 1  
  4. 1  
  5. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  3. 2  
  4. 2  
  5. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  3. 3  
  4. 3  
  5. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  3. 4  
  4. 4  
  5. 4  
  1. 5  
  2. 5  
  3. 5  
  4. 5  
  5. 5  
  2. 6  
  3. 6  
 Лёгкое чтение
  1. 1  
  2. 1  
  3. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  3. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  3. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  1. 5  
  2. 5  
 Короткие истории
  1. 1  
  2. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  1. 5  
  2. 5  
 Қаз/Qaz 

Короткие истории (Short Stories)

Том 2, страница 5
Грамматика казахского языка. Просто о сложном

Автор идеи, составитель и переводчик текстов
с английского языка на русский: Андрей Краснов

      81. Әдемі келбет, әдемі күлкі
      Ер адам Батыстық 23-ші көшедегі «Хом Депот» дүкенінен ескі ағылшындық лак сатып алды. Кеше оның қонақ бөлмесінде жұмысшы журнал үстелін жылжытып жатып еденді сызып алған еді. Ер адам осы лактың көмегімен едендегі сызаттарды жасыра алатын шығармын деп сенді. Бродвейді қиып өтіп бара жатып ол тартымды әйелді көрді. Әйел дәл оған қарады. Әйел күлімсіреді де әрі қарай кете берді. Ер адам кейін бұрылып оны қуып жетті. Ер адам айтты: «Кешіріңіз. Сіз жаңа ғана маған күлімдедіңіз бе, әлде көзіңізге күн түсті ме?» Әйел тағы да күлімдеді. Әйел айтты: «Иә, мен сізге күлімдедім». Ер адам айтты: «Бұл сондай сүйкімді көрінді. Мен өзіме қашан соңғы рет әдемі де жас әйелдің күлімдеп қарағанын есіме түсіре алар емеспін. Сіз менімен «Итайлиде» бірге отырып кофе ішуге қалай қарайсыз?» Әйел айтты: «Жоқ, бірақ ниетіңізге рахмет. Кешіріңіз. Бұл күлкі «Бірге кофе ішейік» дегенді білдірмеген. Дұрысы бұл күлкі «Сізге күлімдеген артық болмас еді» дегенді білдірген.
Мәтінді жасыру
      82. Не дегенмен әйтеуір көпір әлі орнында
      Бруклин көпірінің әр соңында полициялықтар күні-түні полиция машиналарында отырады. Саид, полициялықтардың біреуі: «Ешкім ешқашан да бұл көпірді жарып жібермейді. Бұл көпір Америкаға тиесілі. Біз оны сұңқарлардай қоримыз». Бірде шілденің таңында шамамен саған 3-терде сақтық қызметінің бейнекамералары жаяу жүргіншілер жолымен келе жатқан бес адамды байқаған. Сосын бесеуі бірге көзден ғайып болды. Олар қос 84 метрлік мұнараның басына өрмелеп кетті. Қаңылтыр кастрөлмен олар қос Америкалық туды жарықтандырып тұрған прожекторларды бүркеп қойды. Олар екі үлкен туды түсіріп алды. Олар шамамен сондай көлемдегі екі ақ туды іліп қойды. Олар көпірден сағат 4-ке дейін кетіп қалды. Бірнеше сағаттар бойы ешкімде ақ туларды көрмеді. 7-ші арнаның таңы жаңалықтарында полицияның баспасөз-хатшысы мәлімдеді: «Бізге бұл тулардың нені білдіретіні белгісіз». Эльмер теледидарға айқайлап: «Одар сендердің маубас екендеріңді білдіреді! Олар террористердің біздерге кез келген уақытта кез келген жерде соққы бере алады дегенді білдіреді!»
Мәтінді жасыру
      83. Мүмкін, біз 4 асқазанды болғанда
      Нил, диетолог, айқайлап жіберді: «Мен ракты (қатерлі ісікті) емдейтін әдісті таптым!» Оның әйелі айтты: «Бұл керемет кой! Бұл жаңа дәрі ме?» Ол айтты: «Жоқ бұл кәдуілгі өсімдік. Бұл шөп! Және бұл емдеу тәсілі біздің алдымызда баяғы ғасырлардан бері тұрған. Жылқылар мен сиырлар ракпен ауырмайды. Ал олар немен қоректенеді? Олар шөппен қоректенеді». Оның әйелі айтты: «Бұл айтарлықтар оңай екен! Супермаркеттер біздерге үш қайта жуылып қапталған шөптерді сатуды бастай алады. Біздер шөпті өзіміздің салатымызға араластырып, сосын оны италияндық соуспен (тұздықпен) құйып жіберсек болады». Ол айтты: «Кешір мені. Сен табақтан италиядық соус пен шөпті араластырып жеп тұрған жылқы мен сиырды көріп пе ең? Әрине жоқ. Шөпті дәл өсіп тұрған жерінен жеу керек». Оның әйелі айтты: «Сен өз ақылыңдамысың (есіңдемісің)? Ешкім де бұлай істемейді!» Ол сұрады: «Тіпті раксыз өмір үшінде істемейтін бола ма?» Әйелі айтты: «Тіпті сол үшін де істемейтін болады». Ол айтты: «Маған 200 жас болғанда істейтін болады!»
Мәтінді жасыру
      84. Қозғалтқышы жұмыс жасап тұр, ал сәбиі ұйықтап жатыр
      Кешкі сағат он жарым еді. Көшеде жауын себелеп тұр. Анасы Куинстегі кішкене супермаркет жанындағы бос тұрған автотұраққа келіп тоқтады. Оның екі жасар қызы қауыпсыздық белбеуімен түймеленіп, балаларға арналған орындықта отыр еді. Қозғалтқышты сөндірместен, анасы дүкенге жүгіріп кірді. Анасы қызына сүт алып, көшедегі көлігіне қарай жүгіре жөнелді. Оның көлігі ешқайда көрінбеді. Анасы: «Менің сәбиім қайда? Менің сәбиім қайда?» - деп айқайлады. Анасы полицияға қоңырау шалды. 30 минуттан соң, оның көлігін тапты. Көлікте баласы мен кілті аман - сау сол қалпында болды. Алланың арқасында, ол үйге қарай келе жатты. Оның жұбайы ұйықтап жатты. Анасы баласын керуетке жатқызды. Келесі кеште оның жұбайы: «Сен жаңалықтарды тыңдадың ба? Бір әйел қозғалтқышы жұмыс жасап тұрған көлігіне кішкене баласын тастап кетіпті. Біреулер оның көлігін айдап кетіпті, бірақ оны және баласын тауыпты» - деді. Оның зайыбы: «Ол өте бақытты әйел екен», - деді. Жұбайы: «Иә, бірақ та екі есе ақылсыз екен» - деді.
Мәтінді жасыру
      85. «Егістіктегі» тағылымдама
      Лидияның басшысы айтты: «Алдағы төрт күн, сендер тағылымгерлер «егістікте» жұмыс жасайтын боласыңдар. Сендер жылжымайтын мүлік агенттерімен бірге клиенттердің үйлеріне баратын боласыңдар. Сендер олардың клиенттермен қалай әңгіме жүргізетінін қарайтын боласыңдар. Сендер өздеріңе белгілер жасайтын боласыңдар». Осы аптадағы әр жұмыс күнінен соң Лидия өзінің үйдегі бес жасар баласы үшін көшедегі сатушыдан жемістер сатып алып ала келетін. Әр кеш сайын ол өзінің анасымен қалай "егістікке" шығып келгені жайлы әңгімелесетін. Жұма күні кешкісін Лидия балабақшадағы өзінің баласының тәрбиешісімен кездесіп қалды. Тәрбиешісі айтты: «Көптен сізді көрмедік қой. Сіздің балаңыз сізді қазір фермер дейді. Сіз қай жерде фермерлік етудесіз?» Лидия айтты: «Фермерлік ету? Мен фермер емеспін. Мен Нью-Йорктағы жұмысқа тағылымдамадан өтудемін. Қызық, ол неге бұны айтты екен». Лидия үйіне оралғанда ол өзінің ұлынан сұрады. Ұлы айтты: «Сен әр кеште әжеммен әңгімелесесің. Сен әр күн сайын егістікке барасың. Сосын сен маған алмалар мен шабдалылар алып келесің. Демек, сен фермерсің».
Мәтінді жасыру
      86. Таңғаларлық қыз шегуден маңыздырақ
      Қыз орындықта отырған еді. Ол қыз жігіттің бұрын-соңды көргендерінің ішіндегі ең әдемісі еді. Жігіт жақындап келіп орындыққа отырды. Ол айтты: «Керемет күн, солай емес пе? Сіз қалайсыз?» Қыз күлімдеп айтты: «Рахмет». Жігіт темекі қорабын алып шықты. Ол қызға темекі ұсынды. Қыз майысып басын шайқап айтты: «Білмесіз бе қалалық саябақтарда шегуге болмайды». Жігіт айтты. «Иә, білемін». Ол темекіні тұтатты да терең жұтынды. Ол түтінді асықпай шығарды. Қыз айтты: «Сіз бетіңізден түтін өтіп жатқан кезде өзіңіздің қалай (ақымақтау) көрінетініңізді білесіз бе? Бұл маған көне автомобильдің газ шығаратын түтігінен шыққан сасық, лас түтінді есіме түсіреді». Қыз орнынан тұрып аулақ кетіп қалды. Жігіт темекіні жерге тастады да оны таптап тастады. Ол қыздың соңына ұмтылды. Ол айқайлап: «Күтсеңізші! Бұл менің ең соңғы шылымым болған!»
Мәтінді жасыру
      87. Әйгілі ойынның жеңімпазы
      Артур Біріккен Патшалықтың жыл сайынғы «Тас, қайшы, қағаз» ойынынан өтетін жарысын жеңіп шықты. 8 қазанда біткен біркүндік жарыстан кейін одан бір журналист қыз сұхбат алды. Ол сұрады: «Сіздің жетістігіңіздің сыры неде?» Артур өзінің жетінші баланың жетінші баласы екендігін айтты. Қыз сұрады: «Ойынды ең дұрысы неден бастау қажет?» Артур өзінің әрқашан тастан бастайтынын айтты. Қыз сұрады: «Сіз қашаннан бері ойнай бастадыңыз?» Артур бұл ойынды бала шағынан бері күнделікті ойнайтынын айтты. Қыз сұрады: «Сіз бұл жарыстың алдында жаттықтыңыз ба?» Артур айтты: «Мен өткен жыл бойы дайындалып жаттықтым. Мен күн сайын жүгіремін, жүземін, ауырды көтеріп велосипедте тебемін». Қыз сұрады: «Бұл ойын қандай дағдыларды арттырады?» Артур айтты: «Ол мектепте, бизнес пен өмір жолында қалай табысқа жетуді үйретеді». Қорытындылай келе қыз сұрады: «Сіз Біріккен Патшалықтың чемпионы болғаннан соң нені сезінесіз?» Артур айтты: «Бұл менің өмірімдегі басты жетістігім».
Мәтінді жасыру
      88. Мейрамхана қандай класқа жатады?
      Сенбілік кеш болатын. Олар жеке меншікті оқу орны Купер Юнионнан алыс емес Әулие Марктің көшесінің маңында еді. Әйелі айтты: «Қане мына біреуін көрелік. Жаман көрінбейді. Оған қоса мұнда көп жұрт жиналыпты. Бұл әрқашан жақсы белгі. Және оның әріптік бағасы "А" екен». Олар ішке кірді. Күйеуі дәретханаға кіріп шықты. Ол тез оралды. Ол айтты: «Кеттік бұл жерден. Дәретханада сабын да жоқ, қол сүртетін сүлгіде жоқ». Олар адам көп отырған басқа мейрамхананы көрді, бірақ онда олар ресторанның сапасы бағаланған бірде-бір әріпті таба алмады. Күйеуі Гуглға «Нью-Йорктік мейрамханалар тексерісі» деп жазды. Ол айтты: «Таста мұны. Олардың бағасы балл бойынша 32 екен. Оларда төрт рет санитария ережелерін бұзу байқалған!» Олар өздерінің жақсы көретін ресторанына бармақшы болып шешті. Сонда бара жатқан жолда олар өздерінің құрбылары Киттиді кездестіріп қалды. Китти олардың қайда бара жатқандарын сұрады. Олар қытайлық мейрамханаға бара жатқандарын айтты. Китти айтты: «Сендердің өлгілерің келіп жүр ме? Соңғы тексерістен кейін олардың баллдың бағасы 44 болған!» Күйеуі айтты: «Иә, біз білеміз. Бірақ тағамдары тамаша, ал қызметшілер ұжымы сыпайы болса бұл кімнің басын ауыртады!?»
Мәтінді жасыру
      89. Семіздіктен арылтатын құрал
      Оның әйелі айтты: «Маған арықтау керек». Күйеуі: «Қымбаттым, сен мұны май басу десең, мен бұны 'көп нәрсені ұнату' деп атаймын. Сенде артық салмақ барын мойындаймын, бірақ ол саған жарасып тұр». Бірнеше аптадан кейін әйелі дәрігерге көрінген соң үйге келді. Ол: «Дәрігерім қант мөлшері тым жоғары екенін айтты. Бұл диабет алдындағы жағдай деді. Маған салмағымның 10 пайызынан арылу керек, әйтпесе диабетке шалдығуым мүмкін. Енді менің тым толық екендігіммен келісесің бе?» - деді. «Артық салмақтан арылу үшін зертханамда бір нәрсе жасап берейін», - деді күйеуі. Бір айдан соң ол таблеткалары бар шүмекті ұсынды. «Аптасына бір таблеткадан қабылда. Ол дәм қабылдайтын рецепторларды ауыздықтайды. Жеген тамақтың бәрі қағаз секілді дәм береді. Ішкен сусынның бәрі су сияқты сезіледі», - деді күйеуі. Әйелі: «Осы ма сенің шешімің? Қайтадан зертханаға кетші».
Мәтінді жасыру
      90. Ойын үшін «Эдсел»!
      1962 жылы Пол үстел ойынын ойлап тапты. Ол оны «Ұқыпты дәрігерлер» деп атады. Оның ойынында пластмассалық емделуші-адам, іскек, қиялдағы ота жасайтын жер және дыбысты белгі бергіш құрал болды. Ойын мақсаты емделушінің денесінің бір бөлігін жасырулы тұрған дабылға тигізбей алып тастау еді. Дабылға тиіп кеткен кезде дыбыс құрылғысы қосылып ойыншыны жазалайтын еді. Полдың үйіндегілер ойынды ойнап көрді, бірақ ойын оларға қызықты бір әсер бермеді. Сондықтан Пол өз ойынын «Хасбро» деген танымал ойын шығарушы компанияға 500 долларға сатып жіберді. Бұл ақшаға Пол ұсталған бірақ «жақсы сақталған» «Эдсел» үлгісінің автомобильін сатып алды. «Хасбро» ойынды сәл өзгертіп атын ауыстырды. 1972 жылда «Хасбро» алғашқыда Полдың ойлап тапқан ойынын жаңартып сегіз миллион данасын сатты. Полдың ағасы оған компанияның оның ойыны арқылы бағындырған межелері туралы айтты. Ол айтты: «Олар саған осының ішінен бірдеме берулері керек». Пол айтты: «Жоқ. Олар оны өзгертіп жақсартты. Олар оны сауда нарығына көтерді. Олар маған ештеңе де қарыз емес. Оның үстіне менің «Эдселім» әліге дейін жақсы шауып тұр!»
Мәтінді жасыру
      91. Бес тиын ізде – бір теңге табасың
      Ной: «Қалайша жігіттің жолы болғыш болады? Кеше Джэк Браун 6-пойызға мінді. Қарбалас сәт болатын. Ол «бос вагонға» отырды. Оны алдай алмайсың. Демін ішіне тартып ап, вагонның ең шетіне өтіп кетті де, бос орынға отырды. Ол едендегі өткел арқылы бірдеңені көрді. Оны еңкейіп алды. Оны алдай алмайсың. Бұл бүктелген жүз доллар ақша еді!» - деді. Нойдың әйелі: «Оны не істеді?» - деп сұрады. Ной: «Оны қалтасына салды. Онымен не істеді деп ойлайсың?» - деді. Әйелі: «Білмеймін. Вагонда үй-күйсіз жүрген біреуге берген шығар, мүмкін?» - деді. Ной: «Қалжыңдап тұрсың ба? Ол ақшаға бір уыс мезеттік лотерея билетін сатып алды. Енді не дейтінімді, тап. Ол 1000 доллардан аса ақша ұтып алды! Қандай жолы болғыш жігіт! Егер менің осылай жолым болса, дүниедегі ең бақытты адам болар едім», - деді.
Мәтінді жасыру
      92. Смартфонға сабақ болды
      Өз компьютерінде жұмыс істеп отырған Хорасқа смартфоннан компьютерге байланыс деректерін көшіріп алу керектігі есіне түсті. Хорас оны іздей бастады. Ол оның компьютер үстелінің маңында жатқанын білді. Ол үстелде шашылып жатқан бірталай затты қарап шықты. Мұнда үш лотерея билеті, көзілдіріктің қабы, әмиян, шағын калькулятор, жазбаларға арналған жапырақ қағаздар блогі, қол айна, енді ешқайда да салып бұрауға келмейтін сегіз кілт, педикюрға арналған жиынтық, дүкен чектері, өшіргіш және қарындаштар. Ақыры Хорас оны тапты. «Мен сені менен тығылуға үйретемін!» - деді Хорас. Ол төменге өзінің зертханасына түсті. Ол бір аптадан кейін шықты. Ол барлық өзінің маңызды керек заттарына тұрған жерінен белгі беретін құрылғы орнатты. Келесіде Хорас өзінің смартфонын таба алмай жатты, сонда ол айқайлап айтты: «Қайдасың сен, мистер ақылды телефон?» Әпсәтте-ақ смартфон өлеңдете бастады: «Мінекей мен осында! Міне мен мұндамын!»
Мәтінді жасыру
      93. Соғылған банан
      Кайла супермаркетте сатып алынған заттарды салатын арбамен Лайланы сүйретіп келе жатты. Кайла арбаны анасының қасына әкеп тоқтатты. Анасы сатып алатын заттарының тізімін тексерді. Анасы бір бума бананды алып қызына берді. Кайла банандарды арбаға салды. Лайла оларды алып, әрбір бананды қарап шықты. Ол: «О, анашым, қарашы менің не тауып алғанымды. Мына банан соғылған. Мынаған қарашы!» - деді. Анасы оған қарап: «Сенікі дұрыс, қымбаттым. Бұл соғылған. Бірақ кішігірім соғылған ғой», - деп айтты. Кайла мен Лайла айғай салды: «Біз банандарымыздың соғылғанын қаламаймыз!» Анасы: «Жақсы. Маған соғылған бананды қайтарыңдар. Сендер мұны менен үйрендіңдер деп ойлаймын. Мен де бүлінген банандарды ұнатпаймын. Ойлаңдаршы, бізден басқа соғылған банандарды кімдер сонша ұнатпайды екен?» - деп айтты. Екеуі: «Кім?» - деп сұрады. Анасы айтты: «Әрине, банандар! Олар да әдемі болғылары келеді, дәл сендер секілді!»
Мәтінді жасыру
      94. Жаңа көрші клубқа қосылуда
      Жабулы автотұрақтың қасында ер адам тұрған. Джон сол адамға қарады. Түннің бір уағы еді. Ол әлгі адамды танымады. Ол адам жәй ғана сонда тұрған. Ол күдікті болып көрінген. Джон көлігін автотұраққа қойды. Ол көлігінен шығып есігін жапты. Әлгі кісі әлі де сонда тұрған. Джон оған қарай барды. Ол оның кім екенін сұрады. Ол өзінің Марвин екенін айтты. Ол осы жақында ғана екі апта бұрын мынау үйге қоныстанған еді. Джон оның қай пәтерде тұратының сұрады. Марвин үшінші нөмірлі пәтерде тұратынын айтты. Джон айтты: «Мен Джон боламын. Сізге көмектесе аламын ба? Әлде сіз жай ауа жұтуға шықтыңыз ба? Марвин бірнеше минут бұрын бір шуды естіген. Өткен аптада әлдекім оның көлігінің құлпын бұзып ішіндегі 300 доллар тұратын күннен қорғайтын көзілдірікті ұрлап кетіпті. Джон айтты: «Біздің ауданға қош келдіңіз. Қазір сіздің көлігіңіз біздікілердің біреуі сияқты. Ақыр аяғы не болса да сіздің тек күннен қорғайтын көзілдірігіңізді ұрлап кеткен екен».
Мәтінді жасыру
      95. Мен оны қатты сүйемін
      Джозеф оны қатты сүйемін деп ойлайтын. Бұл осы сөздерді іштей күніне жиырма рет қайталайтын. Ол мейрамхананың келушісі ретінде, әдейі даяршы қызға айтты: «Маған тауық сорпасын әкеліңізші». Оның не істеп жатқанына қарамастан, олар кенеттен оның жанына жәй ғана келетін. Бұл сөздер оның әйелі туралы. Оның әйелі туралы осы сөздерді айту, қай уақытта оның ойына келген, деп сұрады ағасынан. Ағасы күліп жіберді. «Мүлдем жоқ, – деді ол. – Мен оны сүйемін, бірақ есімде жоқ, қашан оған осы сөздерді ақырғы рет айтқанымды. Мен ешқашанда оған оны қаншалықты қатты сүйетінімді айтпаппын». Джозефтің үйленгеніне қанша болса, ағасына да сонша уақыт болды. Джозеф іштей осы сөздерді күнде айтатын. Күннің кез келген уақытында оның жүрегінен осы сөздер шығатын. Ол үшін бұлар аяулы болатын. Олар оны жұбататын. Бұл сөздер оны әйелімен тығыз байланыстырып біріктіреді.
Мәтінді жасыру
      96. Келесі! Бітір бұны, баста мынаны
      Бұл ешқашан бітпейді. Әр күн сайын істейтін іс табылады. Әрине, сен үзіліс істей аласың, мызғып алсаң болады, демалыс күн алып не тіпті ұзақ демалысқа шықсаң болады. Бірақ сен босаңсып демалып жатқаныңда сенің шаруалар тізімің көбейе бермек. Бірінен соң бір жұмыс кезегін күтіп тұрады. Машинаға отынын құю. Дүкенге барып қайту. Төлемдерді өтеу. Үй тапсырмаларын жасау. Өз жұмыстарыңды жасау. Киімдерді жуу. Кешкі асты дайындау. Ыдыстарды жуу. Дайындалу. Дәрігердің қабылдауына барып қайту. Жұмыс жайы бойынша кездесуге бару. Анаға қоңырау шалу! Сен бір істі бітірген сәтте сен өзіңді керемет сезінесің. Сен бұны бітірдің. Бұлда тарихқа кіреді. Шешілген іс. Бірақ сен өз басыңды сипап тек әншейін отыра бере алмайсың. Саған басқа бірдеңе істеу керек болады. Ал сен тағы бір істі бітірген кезде, одан тағы бір шаруа шыға қалады. Бұл ешқашан бітпейді. Сен өмір сүріп жүргеніңде, сенде әрқашанда шаруа табылады. Өмірдің мәні осында, өмір ауыртпалығы, өмірдің келешегі.
Мәтінді жасыру
      97. Мектептегі сабақтар оп-оңай
      Лили өзінің математикадан үй жұмысын жасап отырып, калькуляторын қолданып отырды. Бейтс ханым сабақ кезінде де, үйде де калькуляторды қолдануға тыйым салатын. Сыныпта математикадан тесттер кезінде ол оқушыларды қадағалап отыратын. Лили ол құзғын сияқты деп ойлайтын. Егер Бейтс ханым калькуляторды көріп қалса, ол ұшып келіп, калькуляторды өзінің тырнақтарымен тартып алып, қайтадан ұшып кететін. Үйде Лили шыдамай, өзінің калькуляторын қолданатын. Ол калькуляторын қосу үшін қолданатын. Ол калькуляторын азайту үшін қолданатын. Ол калькуляторын көбейту үшін қолданатын. Ол калькуляторын бөлу үшін қолданатын. Математикалық есеп қиын болған сайын, ол өзінің калькуляторын жақсы көретін. Ол барлық басқа мектеп сабақтары үшін біреудің «скулятор» ойлап тапқанын қалайтын. Ағылшын тілі сабағы үшін «Одиссей» тақырыбы бойынша 500 сөздік шығарма керек пе? Жай ғана осы сөздерді скуляторға енгізіңіз де, «басып шығару» түймесін басыңыз. Ғылыми жоба керек пе? Жай ғана өзіңіздің жобаңыздың толық атауын енгізіңіз де, 3D форматында басып шығаруға арналған түймені басыңыз. Тұрақты бестерді алу сондай оңай болатын еді!
Мәтінді жасыру
      98. Қалай айтылса, солай жаңғырады
      Бір сағат бұрын өмір сондай жақсы еді. Қазір ол ғайып болғандай. Ер адам бір әйелді сүйді. Ол бұрын - соңды кездестірмеген өте тамаша әйел еді. Ер адам қыш жасау сабағында онымен бірге отырды. Ол оны бір жерде отырып, кофе ішуге шақырды. Әйел шақыруды қабыл алды. Ал кешкілік бір жерден кешкі ас ішуге шақырды. Әйел шақыруды қабыл алды. Сосын оны киноға шақырды. Оны да қабыл алды. Олар бірге концертке барды. Олар бірге клубқа барды. Олар Брайтон - Бичке барды. Олар даңғылдағы саябаққа барды. Олар «Junior's» мейрамханасынан атақты ватрушкалардың тәтті дәмін татып, рахаттану үшін барды. Олар қайда барса да, қол ұстасып жүретін. Ақыры ол оған маңызды сұрақ қойды. Ол оған тұрмысқа шығуын өтінді. Ол оған жоқ деп, жауап берді. Ол әлі ол дәрежеге жете қоймағанын айтты. Ол тұрмысқа шығуға дайын еместігін айтты. «Мәселе сенде емес, - деді ол. - Мәселе менде». Ол барлығын жақсы түсінді. Ол осы сөздерді бұрынғы жүрген құрбысына айтқан болатын.
Мәтінді жасыру


В подготовке текстов на казахском языке участвовали пользователи сайта sozdik.kz:
Nurdaulet Aspenov, Айжан Даукишева, Алтынгуль Кептербаева, Гульнар Абдраимова, Акжайык Сабырбаева




© Татьяна Валяева,  2007–2024
 <<  Короткие истории. Том 2, стр.5 Вернуться к началу С казахским не шутят?  >> 

Цвета текста на сайте             Telegram-канал «Казахский язык. Просто о сложном»             kaz-tili@yandex.kz             Гостевая книга