Казахский язык
Главная
Существительные
Послелоги
Прилагательные
Числительные
Местоимения
Наречия, Союзы
Личные окончания
Глаголы
Вспомогательные глаголы
Причастия
 Деепричастия
Конструкции
Предложения
  Проверь себя!
  Упражнения
   Грамматика детям
  Удивительный мир
Видеокурс
   Разговорник
Фразеологизмы
   Книга для чтения
С казахским не шутят?
Рассказы
Сказки
Песни
Полезное
Словарь
Ссылки
Автор
Суперлёг. чтение
  1. 1  
  2. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  1. 4  
  1. 5  

Каталог тем
Лёгкие истор.
  1. 1  
  1. 2  
  1. 3  
  1. 4  
  1. 5  
  1. 6  
  1. 7  
 Истории о детях
  1. 1  
  2. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  1. 5  
  2. 5  
  2. 6  
  2. 7  
 Занимательное чтение
  1. 1  
  2. 1  
  3. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  3. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  3. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  3. 4  
  1. 5  
  2. 5  
  3. 5  
 Казахский по уровням
  1. 1  
  2. 1  
  3. 1  
  4. 1  
  5. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  3. 2  
  4. 2  
  5. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  3. 3  
  4. 3  
  5. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  3. 4  
  4. 4  
  5. 4  
  1. 5  
  2. 5  
  3. 5  
  4. 5  
  5. 5  
  2. 6  
  3. 6  
 Лёгкое чтение
  1. 1  
  2. 1  
  3. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  3. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  3. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  1. 5  
  2. 5  
 Короткие истории
  1. 1  
  2. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  1. 5  
  2. 5  
 Қаз/Qaz 

Короткие истории (Short Stories)

Том 1, страница 1
Грамматика казахского языка. Просто о сложном

Автор идеи, составитель и переводчик текстов
с английского языка на русский: Андрей Краснов

      1. Тамаққа тойып алып, диетаға отыру
      «Біздің арықтауымыз керек», - деді әйелі. «Бізге деп нені меңзеп тұрсың?» - деді күйеуі. «Маған және саған. Мен және сен 10 кг қостық. Бұл диабетке алып келмесе жақсы еді. Ол салмақ қосып, физикалық жаттығулармен айналыспағандарда болуы мүмкін», - деді әйелі. «Біз қалада жаяу жүріп, жаттығамыз ғой. Өткен аптада Орталық саябаққа барғанымыз есіңде ме?» - деді күйеуі. «Ия, бірақ біз айына бір-ақ рет жаяу жүреміз. Бізге балмұздақ, кәмпиттер, торт, бәліш пен кекс жегенді доғару керек», - деді әйелі. «Сен тәтті нанды ұмыттың. Жақсы. Келесі айдан бастаймыз ба?» - деді күйеуі. Әйелі күлді. «Бүгін айдың бірінші күні ғана! Ертең бастайық», - деді ол. Ері келісті. Ол өзінің аяқ-киімін киді. «Қайда жиналдың?» - деп сұрады әйелі. «Сен қалай ойлайсың? Дүкенге барып келем. Бізге тәттілер сатып алып, түнде отырыс өткізуіміз керек. Өйткені ертең біз үшін қиын күндер басталады», - деді күйеуі.
Мәтінді жасыру
      2. Мысық пен ит адамдарды сөз қылып отыр
      Мысық пен ит әңгімелесіп отыр. Мысық: «Адамдар сендерге қарағанда бізге жақсы қарайды. Егер біз олар берген мысыққа арналған тамақты ұнатпай, мұрнымызды шүйірсек, олар бізге басқа түрін береді. Ұйқымыз келген кезде, біз олардың төсегіндегі жастығына жатып ұйықтай аламыз», - дейді. Ит: «Ал бізді адамдар далаға серуенге алып шығады. Олар қағып алсын деп, біз үшін ұшатын тәрелкелер лақтырады. Олар бізді ванналарына отырғызып, жуындырады», - дейді. Мысық: «Олар бізді далаға серуенге шығармайды, өйткені үйде мысықтарға арналған дәретхана бар. Егер бірдеңе аулағымыз келсе, құстарды немесе тышқандарды аулаймыз. Олар бізді жуындырмайды, өйткені біз өзіміз жуынамыз. Содан соң — олар біздің тәуелсіздігімізді сыйлайды. Олар бізге қарғыбау тақпайды және шынжырламайды», - деді. Ит: «Олардың үнемі құйрығыңнан тарта беретін балаларынан зардап көргенше, байлаулы отырған жақсы», - деді.
Мәтінді жасыру
      3. Бруклин көпірімен серуен (1)
      Нью-Йоркте тамаша жазғы күн болатын. Күн нағыз серуенге шығатын күн еді. Джон Бруклин көпірінің маңындағы қиылыста тұрды. Ол көлігімен бұдан бұрын осы көпір арқылы өткен еді. Бірақ, бұған дейін ешқашан көпірді жаяу қиып өтпеген. Ол жаяу жүргіншілер жолымен көтеріле бастады. Оның алдында көп адам келе жатты. Көптеген адамдар оған қарама-қарсы да келе жатты. Олар көпірдің Бруклиндік жағынан шыққан еді. Жаяу жолдың қасында велосипедтерге арналған жол да болды. Кейбір жаяу жүргіншілер велосипедтің жолымен де жүріп келе жатты. Велосипедші жақындап келе жатыр. Ол өзінің велосипедінің сыңғырлауығымен дыбыс берді. Адамдар ақырындап оның жолынан кете бастады. Ол қоңырауды сыңғырлатқанын тоқтатпады. Джон көпірдің үстіне шығуды жалғастыра берді. Әлде бір кісі ішіне мұз салынған жәшіктің қасында тұрған. Ол бөтелкемен су сатып тұр екен. «Бір доллар! Бір доллар! Мұзды су!» деп дауыстап тұрды ол. Джон әлі шөлдей қойған жоқ. Оған әлгі мұз салынған жәшіктің салмағы қанша екені қызық болды.
Мәтінді жасыру
      4. Бруклин көпірімен серуен (2)
      Жаяу және велосипед жолдар біртіндеп машина жолының үстіне көтерілді. Джон төменге машиналарға қарады. Ол Бруклин жаққа, шығысқа жүріп келе жатқан. Машиналар шығыс беткейге қарай тез жүріп жатты. Бірақ батыс жаққа қарай Нью-Йоркқа жүріп бара жатқан машиналар әрең жылжып жатты. Кептеліс пайда болды. Джонның жүрісі әлгі машиналар қозғалысынан да жылдам еді. Ол батыс жаққа қарай машинамен емес шығыс жаққа қарай жүріп келе жатқанына қуанды. Жеңіл самал жел оның серуенін жайлы ете түсті. Ол фотосуретке түсіп жатқан адамдардың маңынан өтіп бара жатты. Олар көпірді суретке түсіріп жатты. Олар Ист-Риверді суретке түсіріп жатты. Олар ғимараттарды суретке түсіріп жатты. Олар бірін-бірі суретке түсіріп жатты. Әлде бір әйел Джонды өзін досымен бірге суретке түсіріп жіберуін сұрады. Әлде бұл оның күйеуі ме екен? Джон оларды суретке түсіріп берді. Олар оған рахметтерін айтып қалды. Ол көпірдің үстіне қарай өзінің жолын жалғастыра берді. Қарт ер адам шарбақтың қасында отырған болатын. Ол көпірдің суретін салып отырды.
Мәтінді жасыру
      5. Бруклин көпірімен серуен (3)
      Ер адамның қасында шамамен 30ға жуық суреттер жатты. Олар қыстырғышпен шарбаққа бекітіліп қойылған екен. Бұл көпірлер мен ғимараттар және адамдардың түрлерінің суреттері болатын. Барлық суреттер ақ-қара түсті болатын. Джон олардың барлығын әдемі шыққан деп санады. Ол бағасын көрді. Әр сурет бар болғаны 10 доллар тұратын еді. Олардың көлемі 20 ға 28 сантиметрдей еді. «Сіздің суреттеріңіз өте әдемі», - деді ол ер адамға. Ол кісі жиналмалы орындықта отырған. Оның жанында тағы бір жиналмалы орындық тұрған. «Рахмет, - деді ол. Мен Ресейденмін. Ағылшыншам ақсап тұр». Джон айтты: «Бірақ сіздің суреттеріңіз өте күшті шыққан». «Отыр, отыр, - деді әлгі кісі. - Сіз, сіз», - деді ол Джонға қарындашын меңзеп. Ол бос орындықты нұсқады. Джон оған уақыты жоқ екенін айтты. Мүмкін ол қайтар жолында тағы соғып тоқтап кетер.
Мәтінді жасыру
      6. Бруклин көпірімен серуен (4)
      Кісі Джонға қарады. «Отыр, отыру», - деп қайталады ол. Джон күлімсіреді. Ол қартпен қоштасуға қолын бұлғады. Мүмкін қайтар жолда мен бірнеше сурет сатып алармын, деп ойлады ол. Мүмкін бұл қарт кісі бір кездері атақты болып кетер. Мүмкін менің суреттерімнің құны миллион болып кетер. Ол Бостандық ескерткішін көре алатын еді. Ол кішкентай болып көрінген. Өзенде көптеген қайықтар мен кемелер болды. Кейбір қайықтар туристтерге лық толы еді. Олар Бостандық мүсініне бет алды. Олар Манхэттен аралының маңында жүзіп бара жатқан. Джон екі мұнараның біріншісіне жетті. Ол жоғарыға көз салды. Мұнарада «1875» деген жазу бар еді. Саудагерлер футболкалар, компакт-дискілер және тамақ пен сусындар сатып жатқан. Адамдар ескерткіш тақталарды оқып суретке түсіріп жатты. Джон мұнараға таңданып жүрді. Ол оның көрінісіне аң-таң болды. Жарты сағат өткен соң екінші мұнараға барды. Оның уақыты соншалықты қызықты өтіп жатты! Барлық адамдар уақыттарын сондай қызықты өткізіп жатты!
Мәтінді жасыру
      7. «Бұл оңай болды!»
      Ер адам «Staples» дүкенінің кассасында тұрды. Сатушы сөресінде ақ-қызыл түсті «батырма» бар екен. Оның диаметрі шамамен 13 сантиметр. Оның күмбезінде «Оңай» деген сөз жазылған еді. Ер адам сатушы әйелден: «Бұл не нәрсе?» - деп сұрады. Сатушы: «Бұл оңай батырмасы», - деді. Ер адам сұрады: «Бұл не үшін керек?» Сатушы әйел айтты: «Соны басыңыз». Ер адам батырманы күмбезінен басты. Ол: «Бұл оңай болды!» - дегенді естіді. Ол батырманы тағы да басты, тағы да: «Бұл оңай болды», - дегенді естіді. Ол: «Болды ма?! Бұл басқа сөз айтпай ма?» - деп сұрады. Сатушы әйел: «Жоқ ол тек соны айтады. Біреуін алғыңыз келе ме?» Ер адам айтты: «Сатып алу? Бұл зат үшін ақша төлеу керек пе?» Әйел айтты: «Ол бар болғаны 5 доллар тұрады». Ер адам айтты: «5 Доллар?! Не үшін біреу мынау үшін 5 доллар төлеуі керек?» Адамдар батырманы теледидардағы біздің жарнамадан көреді. Олар оны тамаша деп ойлайды». Ер адам айтты: «Бірақ ештеңе де істемейді ғой!» Сатушы әйел айтты: «Бірақ ол тамаша емес пе!»
Мәтінді жасыру
      8. Cабақта жаңа достармен танысу
      Сағат 4 болатын. Жаңа ғана соңғы сабақ бітті. Кейбір студенттер бір-бірімен қоштасып жатты. Кейбір студенттер бір-бірімен электронды хаттармен алмасып жатты. Кейбірі кешкі асты қайдан ішетіндерін ақылдасып жатты. Жан - жақтан күлкілері мен сөйлесіп жатқандары естіліп жатты. Сони оқулықтары мен қойын дәптерін портфеліне салды. Ол ешкіммен сөйлескен жоқ. Онымен ешкім сөйлеспеді. Мына адамдардың барлығы бірін бірі сыйлайтынға ұқсайды - деп ойлады. Сабақ үстінде барлығы бір-бірімен танысып алғанға ұқсайды. Олар қалай ілезде танысып алған? Ал Сони болса, жаңа достармен таныса алмады. Ол тіпті ешкіммен таныспады. Ол портфелін алды. Сыныптан шықты. Жеделсатыға тақалды. Жеделсатының нүктесін басты. Жеделсатымен он жетінші қабаттан бірінші қабатқа түсті. Жеделсаты бір ғана оның қарамағында болды.
Мәтінді жасыру
      9. Сәуле жиектер параллельді жерде
      Параллельді жерде кімнің жақсы, кімнің жаман жігіт екені барлығына таныс. Параллельді жерде барлығының бастарының үстінде түрлі-түсті сәуле жиектер бар. Hәрестелердің екі бос сәуле жиектері болады. Шамаға қарай, адамдар есейгенде, олар жақсы мен жаман нәрселерді жасап та, айтып та жатады. Жақсы нәрсе жасаған сайын, тағы бір сәуле жиек көбейіп, жасыл түске толады. Ал жаман нәрсе жасаған сайын, керсінше тағы бір сәуле жиек қызылға толады. Адам баласы өзінің шынай түсін жасыра алмайды. Олардың түрлі-түсті сәуле жиектері олар жайында барлығын айтып тұрады. Марилудың бір әкиегі жасыл болатын, ал екіншісі бос болатын. «Неге сенің басқа әкиегіңде қызыл түс жоқ? Ешқашанда жаман нәрсе жасап, айтып көрмеп пе едің?» - деді Марвин. Марилу оған: «Әрине, жасадым. Бір күні жақын құрбымнан уақытша қарындаш сұраған едім, соны қайтарып беруді ұмытып кеттім. Ертеңгісін, ол маған еске салуға мәжбүр болды». «Сен осыны 'жаман' деп санайсың ба?» - деді Марвин.
Мәтінді жасыру
      10. Үйдегі қанішер мысық
      Асүйдегі еденде өліп қалған құс жатты. Сэм тағы да «сыйлық» қалдырып кетіпті. Сэм олардың қара мысығы болатын. Ол түнде жорыққа шығатын. Ол жақсы аңшы еді. Ол үйге құстар мен кесірткелер әкеліп отырды. Әдетте оларды ішкі шағын аулада қалдыратын. Кейде оларды үйге алып келетін. Тед қарсы болмайтын. Ол аңшы құсын мақтан тұтатын. Бірақ Молли қарсыласатын. «Бұл мысық кінәсіз жануарларды өлтіреді», – деді ол Тедке. Тед: «Бірақ мысықтардың табиғаты сондай ғой. Олар тумысынан қанішерлер», - деді. Молли бұған елең етпеді. Ол Тедке өлтіруді қойсын деді. «Ол жануарлар жабайы, – деді Молли. – Олардың ауруы болуы мүмкін. Кэролайн сол жануарлардың бірінен әлдебір кеселді жұқтыруы мүмкін. Бірдеңе қылсаңшы, өтінем». Кэролайн олардың кішкене қызы болатын. Тед Сэмді түнде үйге қамап қойғысы келмеді. Бұл қаталдық болар еді. Бір ғана тәсіл қалды. Тед Сэмнің мойнына қоңырау тағып қойды.
Мәтінді жасыру
      11. Бостандық ескерткішіне бару (1)
      Манхэттенде жылы шуақты күн. Ұзын кезекте көптеген адамдар тұр. Олар Бостандық ескерткішіне кіруге билеттер сатып алып жатыр. Олар катерге отырғызуды күтіп тұрды. Нил алыстан Бостандық ескерткішін көрді. Ол айтарлықтай кішкентай болып көрінді. Ол билет сатып алды. Қазір оған тек қалпақ керек еді. Жақын маңдағы көше саудагері бейсболка сатып тұрды. Олардың көпшілігінде «НЮ» деген жазулары бар екен. Бағасы 5 доллар. Нил 4 доллар ұсынды. Саудагер оған кепканы берді. Нил саудагерге 4 доллар және шайпұл ретінде 50 цент берді. Саудагер күлімдеп оған ризашылығын айтты. Нил өзін шамалы кінәлі сезінді. Ол саудагерге тағы 50 цент берді. Ол кезекке тұрды. Катер де келді. Нил және басқа да жолаушылар катерге мінді. Катердегі тақтайшада «Сыйымдылығы 500 адам» жазылған еді. Бірақ Нил жолаушыларды санап жатқан ешкімді де көрмеді. Ол баспалдақпен үстіңгі палубаға көтерілді.
Мәтінді жасыру
      12. Бостандық ескерткішіне бару (2)
      Нил бортикте тұрды. Ол суға тоғыз метрдей қашықтықтан қарап тұрды. Катер айлақтан жылжып шықты. Барлығы керемет көрініспен рахаттанып тұрды. Адамдар аспан астындағы Манхэттенді суретке түсіріп жатты. Кенеттен жел тұрып кетті. Желдің қатты толқыны Нилдің басындағы кепканы жұлып, ұшырып әкетті. Ол кепкасының қалай суға түскенін көрді. Катер Либерти аралына жүзіп келді. (Бостандық аралы) Барлығы жағаға түсті. Нил мүсінге қарай жаяу кетті. Жақыннан мүсін әлдеқайда үлкен еді. Ол іргетасқа салынған екен. Іргетасы биіктігі шамамен 30 метрдей екен. Күзетші бетонды қабырғада отырды. Қабырға биіктігі баржоғы бірнеше сантиметр ғана еді. Ол мүсіннің жанындағы жолды қоршап тұрды. Нил сұрады: «Неге ескерткіш жасыл түсті?» Күзетші неге екенін білмейтінін айтты. Нил өзінің жолын жалғастыра берді. Ол қабырғадағы ескерткіш тақтаны көрді. Тақтада ескерткіштің тот басу әсерінен жасыл түске өзгергені туралы жазылған екен. Тақта күзетшіден не бәрі 30 метрдей жерде орналасқан болатын.
Мәтінді жасыру
      13. Әлемдегі ең үлкен қала
      «Нью-Йорк - әлемдегі ең үлкен қала, - деді Герман. - Мен өмір бойы осында тұрып жатырмын. Мұнда бізде барлығы да ең жақсы. Бізде 8 миллион жылы жүзді адам бар. Бізде 10000 жылы шырайлы такси жүргізушілері бар. Біздегі метро желісі тіпті демалыс кезінде, пойыздардың жартысы жүрмей тұрғанның өзінде әлемдегі ең үлкен метро болып саналады. Бізде Бруклин көпірі бар - серуендеу мен суретке түсуге арналған ең үлкен көпір. Бізде Грант кесенесі мен Стейтен Айленд паромы бар - олар екеуі де тегін. Бізде әлемдегі ең күшті пицца - өйткені ол дәл осында Нью-Йоркте дайындалады. Бізде «I Love NY» («Мен Нью-Йоркты сүйемін») деген жазуы бар футболкалар бар. Бізде бәрі бар. Кім тағы қандай жерлерге барғысы келеді?» Мария айтты: «Бірақ әлемде басқа да тамаша қалалар бар. Мүмкін саған салыстыру үшін соларға барып көру керек шығар». Герман айтты: «Мен басқа қалаларға барып қайтем? Сол қалалардың адамдары бізге келіп тұрады. Бұл Нью-Йорктың қандай керемет қала екендігін дәлелдеп тұр емес пе!»
Мәтінді жасыру
      14. Өзін қалай ұстау керектігін білмейтін Дәу
      Тони «Мейсис» сауда үйіндегі жеделсатыға кезекте тұрған. Екі ер адам келді. Олар бірден кезектің басына тұра салды. Олар ұзын, әрі ірі денелі еді. Олар әкесі мен ұлы секілді көрінді. Сауда үйінің қызметкері ескертіп айтты: «Сэр, - деді ол, - Сіз кезектің соңына барып тұруыңыз керек. Сіз кезексіз кіріп кете алмайсыз». Дәу оның айтқанын елемеді. «Сэр, - деп қайталады қызметкер, - Өтінемін кезектің соңы барыңыз. Кезекті бұзғаныңыз жарамайды». Дәу айтты: «Мен орнымнан қозғалмаймын». Жеделсатының есігі ашылды. Жеделсатыдан адамдар шықты. Әлгі адам мен оның ұл баласы жеделсатыға бірінші кірді. Тони және басқа кезекте тұрған адамдар да жеделсатыға кірді. Жеделсаты көтеріле бастады. Тони айтты: «Сіз балаңызға жаман үлгі беріп тұрсыз. Сіздің ірі денелі болғаныңыз сізге ережелерді бұзуға болады дегенді білдірмейді». Дәу: «Мені кім тоқтатады екен?»
Мәтінді жасыру
      15. Балық аулау үшін оңтайлы күн
      Жұма күні таңертең Лео сабаққа бармауды ұйғарды. Ол балық аулауға барамын деп шешті. Ол балық аулауға қажет құралдарды көлікке салды. Ол көлге барды. Ол көлігін тоқтатты. Ол өз құрылғыларын алып шықты. Ол мəткедегі балықшылар үйіне барды. Сол күні балық аулау сайысы болды. Ең үлкен алабалықты аулап алған адам 100 доллар алады. Лео бастапқы төлем ретінде 5 доллар төледі. Ол мəткеге отырды. Ол жемді күршекке ілді. Ол қармақты алыс суға лақтырды. Ол қармақты ұстағышқа қойды. Көл тыныш жəне керемет болды. Алыста желкенді қайық жүзіп бара жатты. Ал аспанда бүркіт қалықтап жүрді. «Бір нəрсе аулай білдіңіз бе?» - деп сұрады бір еркек. Оның дауысы өте таныс келді. Лео оған қарады. «Вильсон мырза! Мұнда не істеп жүрсіз?» - деп ол сұрады. Вильсон мырза ол оқитын мектептің басшысы болатын. «Осы сұрақты сізге де қойғым келеді», - деді Вильсон мырза.
Мәтінді жасыру
      16. Оқушының қабыл болған дұғасы
      Виктор мектеп автобусында әрдайым Биллидің артында отыратын. Виктор Биллидің отырғышының арқасын жол бойы үйден мектепке, мектептен үйге дейін теуіп отыратын. Билли Викторды жек көретін. Билли мектепті жек көретін. Әр кеш сайын Билли Виктор құрып кетсінші деп дұға қылатын. Бірде ертеңгісін Билли оянды да көпшігінің қасында тұрған сары пластмасса тапаншаны көрді. Ол шағын тапаншаны күртесінің қалтасына салып қойды. Мүмкін ол тапаншасымен Викторды қорқыта алатын шығар. Билли көшеге шықты. Автобус келіп жетті. Ол көтеріліп өзінің орнына отыра қалды. Виктор оның артына отырды. Виктор оның отырғышын тебуді бастады. Билли кері бұрылды. Ол тапаншаны Викторға кезенді. Ол Викторға өзінің отырғышын тебуді доғар деп айтты. Виктор мазақтап күліп оның отырғышын одан сайын қатты тепті. Билли көзін жұмды. Ол шүріппені көтерді. Виктор күлуін доғарды. Билли көзін ашты. Отырғыш бос қалыпты. Виктор жоғалып кетті. Билли тапаншасын түсіріп алды. Ол қайтадан өзінің орнына отырды. Қазір мектепте барлығы ойдағыдай болады деп ойлады ол.
Мәтінді жасыру
      17. Манхэттендегі желікпе жүргізуші
      Жақындап келе жатқан машина бар жылдамдығымен зымырап келе жатқан. Ол 32-ші көшемен шығысқа қарай бет алған еді. Брайан бұрышта тұрған. Ол жүргізушінің сонша қатты кетіп бара жатқанына сене алмады. «Ол біреу-міреуді өлтіріп қояды-ау», - деп ойлады Брайан. Абырой болғанда, жүргізуші 6-шы даңғылда тұрған ешбір адамды қағып кетпеді. Машина көрінбей кеткенше қатты зулап кете берді. Брайан бұған сене алмады. Қалайша бұл жүргізуші ешкімді қағып не жазым қылмады? Брайан қатты ашулы болды. Ол жүргізушіге ашулы еді. Ол өз-өзіне ашуы келді. Ол жүргізушіге айқайлап үлгермеді. Ол полицияға қоңырау шалып үлгермеді. Ол ештеңе істей алмады. Кейін ол полицияны көрді. Ол оған зымырап өткен машина туралы айтты. «Маған келесі жолы не істеу қажет?» - деп сұрады Брайан. Полиция айтты: «Жәй ғана 9-11 нөміріне қоңырау шалыңыз. Желікпе жүргізушіні көргеніңізді айтыңыз. Оның көлігін сипаттап беріңіз. Оның қай бағытта кетіп бара жатқанын айтыңыз. Олар машинаны табады. Олар жүргізушіні ұстайды».
Мәтінді жасыру
      18. Оның шұлығы қайда кетті?
      Ол кір жууды ұнатпайтын еді. Бұл өзі бір машақатты іс болатын. Бір кездері киімдер 100 пайыз қағаздан болады, деп ойлады ол. Сонда біз кір киімдерімізді жәй ғана тастай саламыз. Ешқандай да кір машиналарынсыз, ешқандай кептіргіштерсіз. Бұдан былай ешқандай киім-кешек себеттерінсіз, ешқандай да жууға арналған сабынсыз. Ол кір жуатын орынға барды. Ол апта бойы жиналып қалған киімдерді жуып, кептірді. Пәтеріне қайтып келген соң ол таза киімдерді сұрыптап, жинап қойды. Бұл қалай, деп ол таңданып қалды. Әйелінің бір шұлығы жоқ. Ол киім-кешек себетін қарады. Ол сүлгілер мен жаймаларды жайып қойды. Ол пәтердің еденін қарап шықты. Ол қайтадан кір жуатын орынға барды. Ол кір жуатын машина мен кептіргіштің іштерін қарады. Ол еден жуатын және қоқыс шелегін қарап шықты. Ол пәтеріне кері қайтты. Үйіне әйелі келген кезде, ол оның жоғалған шұлығы жайлы айтып берді. «Ол жоғалған жоқ, – деді әйелі. - Мен оны лақтырып тастап жібердім. Ол жыртылып қалған еді».
Мәтінді жасыру
      19. Жуынатын бөлмеден су ішпе
      «Сен не істеп тұрсың?» деп сұрады оның әйелі. Күйеуі жуынатын бөлме шұңғылшасының жанында тұрған еді. Ол стақанды сумен толтырып жатқан. «Стақанға су құйып жатырмын», - деді ол. «Жоқ, құйма, - деді оның әйелі. - Бұл ваннаға арналған су. Оны ішуге болмайды. Оны төгіп таста. Ас үйге барып, таза су құйып ал». Күйеуі күлді. «Жаным, барлық жерде бір су, - деді ол. Сен, егер қаласаң, суды жуынатын бөлмеден, ас үйден немесе тіпті душтан да ішуіңе болады. Барлық суды ішуге болады, бұл қауіпті емес. Сен күнде тісіңді шайғанда жуынатын бөлменің суын пайдаланатыныңды есіңе түсір». Оның әйелі айтты: «Мен жуынатын бөлменің суымен тісімді шаямын. Мен оны ішпеймін. Мен оны түкіріп тастаймын». Ол күрсінді. Ол стақанды төңкерді. Су канализацияға ағып кетті. Ол ас үйге барды. Оның әйелі оның артынан барды. Ол стақанды толтырып, су ішті. «Осылай жақсырақ», - деді оның әйелі. «Сен қазір өзіңді жақсырақ сезіне бастайсың».
Мәтінді жасыру
      20. Көп бояулы көгал
      Ер адам өзінің жасыл көгалын қырқудан жалықты. Ол өзінің жасыл көгалына қараудан жалықты. Ол жасыл түстен жалықты. Ол көшенің басқа жағына қарады. Ол жасыл көгалды көрді. Көршілерінің барлығында жасыл көгал бар болатын. «Неге», - деп ол таң қалды. - Осындай заң бар ма? Барлық үйлерде жасыл көгал болуы шарт па?» Ер адам: «Бәрін өзгерту керек», - деп шешті. Ол өзінің жасыл көгалын қайта қазып шықты. Ол өсімдіктер отырғызды. Ол сәбіз отырғызды. Ол қызанақ отырғызды. Ол кәді отырғызды. Ол орамжапырақ отырғызды. Ол бір айдан соң өзінің жаңа көгалына қарады. Өсімдіктер әдемі болатын. Олар түрлі-түсті еді. Ер адам сарғылт, қызыл, сары және күлгін түстерді көрді. Ол әйеліне: - «Біздің көгалымыз ғажайып көрініске ғана ие болмай, ғажап дәмге де ие болады», -деді. Кейіннен ол қалалық кеңестен хат алды. Онда былай баяндалды: «Сіздің көршілеріңізден шағым түсті. Сіздің көгалыңыз қаланың талаптарына сәйкес келмейді. Көгалыңызды қайтадан жасылдандыруыңыз үшін сізде 30 күн уақыт бар».
Мәтінді жасыру


В подготовке текстов на казахском языке участвовали пользователи сайта sozdik.kz:
Nurdaulet Aspenov, Гульнар Абдраимова, Сауле Ибраева, Алтынгуль Кептербаева, Гаухар Назымбекова, Аяулым Орынгали, Акжайык Сабырбаева, Максат Маликов, Janerke Kurmanalinova, Аслан Бисенов, Бахытжан Ертай, Гульзайнаб Сисенова, Еркежан Каймоллаева, Жанара Қабина, Рахат Уйсымбаев, Султангазы Абдыкалыков
Корректор текстов на казахском языке: Құралай Бекенова



© Татьяна Валяева,  2007–2024
 <<  Лёгкое чтение. Том 3, стр.3 Вернуться к началу Короткие истории. Том 1, стр.2  >> 

Цвета текста на сайте             Telegram-канал «Казахский язык. Просто о сложном»             kaz-tili@yandex.kz             Гостевая книга